ӘНШІ БАЛАПАН 1-4 сынып аралығы

Раздел Другое
Класс 4 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Қарақұм орта мектебі» мемлекеттік мекемесі









Әнші балапан

(сайыс)



ӘНШІ БАЛАПАН 1-4 сынып аралығы







Дайындаған: Г.Хамитова





2016 оқу жылы

Әнші балапан


1-жүргізуші:
Құрметті көрермендер, ұстаздар, «Әнші балапан» байқауына қош келдіңіздер!

Көңілдері марқайып бір қалсыншы
Өнерпаздар шырқап әнге салсыншы.

2-жүргізуші:
Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздегі береке мен тыныштық мәңгі жасасын.
Иә қазақ халқы өнерді жоғары бағалап, оларға ерекше құрмет көрсеткен

1-жүргізуші:
Менің ойымша оған бірінші дарын, икемділік, жұртшылықты өзіне қарату, ерекше сезім иесі және терең білім мен шеберлікті қажет етеді.
Ендеше біздің мектебімізде осындай оқушылар барма?

2-жүргізуші:
Олай болса тұрмайық байқауымызды бастайық. Байқауымызды бастамас бұрын қатысушыларға баға беретін әділ қазылар алқасымен таныс болайық.

Музыка пәнінің мұғалімі - Тилепбергенова Жұмагүл

Тәрбие жұмысының орынбасары- Космуратова Гүлбаршын


Бүгінгі мерекелік құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Бисенгалиева Улмекен Қабиқызына береміз.

Сахнада ән сап жүреді
Айымды бәрі біледі
Қазіргі бізге тартуы
Әсем ән «Бала тілегі»
3 «б» сынып оқушысы Қабиева Айымның орындауында «Бала тілегі» әні

1-жүргізуші:
Бал дәуренім тәтті балдай
Отаным менің әсем қандай
Еркін елім еркелеткен
Мен қызымын жазық маңдай

2 «б» сынып оқушысы Сафи Диананы «Ақ мамам» әнімен ортаға шақырамыз.

2- жүргізуші:
Мұңға батқан жүректі ән оятар
Тәтті үннің әсері жан оятар
Жанға қуат жүрекке шаттық сыйлап
Жас балаша көңілді жадыратар

Келесі кезекте Досжан Бағдәулетті «Жаяу» әнімен қарсы алайық.

1- жүргізуші:
Ертең-ақ мен ержетіп
Әнші ағадай боламын
Үлгі тұтып жақсыны
Менде әнге саламын,-дей келе 1 сынып оқушысы Изгалиева Аружанды «Айта берсін»әнімен қарсы алыңыздар.


2- жүргізуші:
Орындап ата-ана өсиетін
Әлиханмын үлкенге бас иетін
Паш етем ер жеткен соң бар әлемге
Жаңарған нағыз қазақ қасиетін-, дей келе 2 «А» сынып оқушысы Жұмабаев Әлиханды«Қазақ жастары» әнімен ортаға шақырайық.
1- жүргізуші:
Келесі қатысушымыз «Әке-Ана» әнімен Аманай Алтынбекті қарсы алыңыздар.

Қазақ халқында әншілік, бишілік, сазгерлік, ақындық қасиеті тоғысқан сегіз қырлы бір сырлы жандарды «өнерлі» деп атаған.
Ендеше осы өнер қайдан шығады.
2- жүргізуші:
Ерхат, сен бір нәрсені айтпай тұрсың. Қазақта «Асыл тастан, өнер жастан» деген мақал бар. Қай өнер болса да жастайынан машық болу керек.
1- жүргізуші:
Әрбір ғажап әлемге арнап
Әсем бір ән айтайын - дей келе Аманкелдіқызы Хиуазды «Көңілді күн» әнімен ортаға шақырамыз

2- жүргізуші:
Уа ,туған жер, дариға алтын бесік
Жүрегім дүрсілдейді атыңды естіп
Бір шумақ саған арнап ән жазбасам
Сағыныштан кеудеме келеді өксік дегендей
«Сәлем саған Туған жер» әнімен Сағын Ақниетті шақырамыз

2- жүргізуші:
Ауылымның аңсаймын таңғы жұпар ауасын
Шаршағанда жаныма өзің ғана дауасың
Жас дәуірдің түлегіміз
Әке деп соққан жүрегіміз
Әрқашанда аман бол,
Осы біздің тілегіміз - дей келе сахнаға «Әкешім» әнімен Оңаев Бейбарыстың өнерін тамашалайық

2- жүргізуші:
Достық, достық жасасыншы мәңгілік
Достықты жүрейік тек ән қылып
Татулық пен достық біздің Отанды
Жарастырсын бейбітшілік сән құрып
Сахнада « Жаса Қазақстан » әнімен Мұрат Қуатты қарсы алайық.

1-жүргізуші:
Соңғы сайыскеріміз Биғали Мәулетті «Анашым» әнімен ортаға шақырамыз.

2- жүргізуші:
Енді «Әнші балапан» байқауының жеңімпазын анықтау үшін әділқазы алқаларына сөз кезегін береміз. ------------осымен бүгінгі «Әнші балапан» атты сайысымыз аяқталды. Қош сау болыңыздар!



© 2010-2022