• Преподавателю
  • Другое
  • Сабақтың тақырыбы: «ҚАРЫЗДАРДЫ ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ ОНЫ ӨТЕУ БОЙЫНША БАҚЫЛАУ. НЕСИЕЛІК САНКЦИЯЛАР

Сабақтың тақырыбы: «ҚАРЫЗДАРДЫ ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ ОНЫ ӨТЕУ БОЙЫНША БАҚЫЛАУ. НЕСИЕЛІК САНКЦИЯЛАР

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«ҚАРЫЗДАРДЫ ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ ОНЫ ӨТЕУ БОЙЫНША БАҚЫЛАУ. НЕСИЕЛІК САНКЦИЯЛАР» ТАҚЫРЫБЫНДА «БАНК ІСІ» ПӘНІ БОЙЫНША ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСКЕ НЕГІЗДЕЛГЕН АРАЛАС САБАҒЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕСІ

Сейдахметова Гүлжан Айтжанқызы -

Алматы қаласы Экономикалық колледжінің «Банк ісі» пәнінің оқытушысы

Әлемдік бәсекелестік заманында әрбір адамның білім сапасын, қабілеттік деңгейін, іскерлік мүмкіндігін анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәселелері күн тәртібіне өткір қойылып, адамның білімі мен біліктілігі қазіргі кезеңде мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткішіне айналып отыр. Оқу мақсаты басымдылығының өзгеруі білім мен тәрбие мазмұнына елеулі түрде ықпал етіп, оны жаңартудың ең басты бағыттарын айқындауға және нақтылы міндеттер белгілеуге мүмкіндік береді. Жаңа мазмұнды оқытудың нәтижелілігі оқытушының шеберлігі мен ізденісіне көп байланысты.

Интербелсенді оқыту технологиясының тиімділігін оқытушының оны жүзеге асыру сапасына да көп байланысты. Оқытудың ақпараттық технологиясы - бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар мен кешендер (кино, аудио және видеоқұралдар, телекоммуникациялық желілер және т.б).

Оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді; әр оқушы өзіне тән ерекше еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерін алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, мұнда өзара қолдау және бір-біріне деген жанашырлық қалыптасады. Яғни, жаңа білім алып қана қоймайды, танымдық ой-өрістері дамиды, оны әлдеқайда жоғары топтасу мен еңбектесу дәрежесіне көтереді.

«Банк ісі» сабағы нақты ғылым болғандықтан сабақ интербелсенді оқыту және ойын технологиясының элементтерін қолдану арқылы жүргізіледі. Бұл аралас сабақ болғандықтан мен, бірнеше кезеңді интербелсенді әдісінің элементтерін қолдана отырып, алдымен өткен сабақты пысықтау барысында мына кезеңдерді қолдандым, атап өтетін болсам:

1-кезең «Полиглот» (қалып қойған сөзді табу);

2-кезең «Ыстық орындық» (әр бір ашылған ұяшықтағы әріп бойынша пәнге байланысты жылдам сөз жазу керек, себебі орындық ыстық, яғни осы кезде бүгінгі өтетін сабағымыздың жаңа тақырыбы ашылу керек), ал, жаңа тақырыпты игеру мақсатында келесі кезеңдерді қолдануды жөн көрдім:

3-кезең «Серпілген сауал» (тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін топтағы студенттерге сұрақтар беріледі және де осы сұрақтар арқылы біз келесі кезеңге көшеміз).

4-кезең «Өндірістік ойындар» зерттеу ойыны, АҚ «Халық банкі», АҚ «Каспий банкі» және АҚ «Евразийский банк» банктерге бөлу арқылы өткізіледі. Бұл ойынның шарты әлеуметтік және экономикалық маңызы бар келесідей күрделі проблемаларды шешу жолдарын қарастырады, уақыт (5-10) минут, яғни студенттердің болашақта белгілі бір маман иесі болғандықтан, құжаттармен жұмыс жасау жауапкершілігін арттыру мақсатында, біз барынша білімге деген қызығушылықты арттыра білуіміз қажет.

САБАҚ ЖОСПАРЫ

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: «Қарыздарды қолдану және оны өтеу бойынша бақылау. Несиелік санкциялар».

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

Білімділігі: Қарыздарды қолдану және оны өтеу бойынша бақылау. Несиелік санкцияларды таныстырып, олардың қызметін, міндетін үйрету.

Дамытушылық:Студенттердің мамандыққа деген көзқарасын және тапсырманы орындау ұқыптылығын дамыту.

Тәрбиелік: Студенттердің жұмыстарды орындау және құжаттармен жұмыс істеу барысында жауапкершілікке, өз ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.

САБАҚТЫҢ ТИПІ: аралас сабақ

САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: интербелсенді әдістерді қолдану (сұрақ-жауап, топтық ойындар, иллюстрация).

КӨРНЕКІЛІКТЕР:

Техникалық құрал жабдықтар: интерактивті тақта, компьютер, тарату материалдары (тақырыпқа сай текшелер, плакаттар), АҚ «Халық банкі», АҚ «Каспий Банк» және АҚ «Евразийский Банк» слайд жиынтықтары.

Әдістемелік материалдар: Тақырыпқа сай тарату материалдары

ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС:

  1. «Банктегі есеп»

  2. «Ақша, қаржы және несие»

  3. «Экономикалық теория негіздері»

САБАҚ ҚҰРЫЛЫМЫ

Ι.Ұйымдастыру кезеңі: Дәрісхананың сабаққа дайындығын және студенттердің сабаққа қатысуын тексеру.

Оқытушының кіріспе сөзі

Бүгінгі сабақтың жалпы жоспары: өтілген тақыраптарды қайталау мақсатында, тақтадағы кезеңдер бойынша сұрақтарға жауап беру, яғни әрбір білімгер тақтаға шығып берілген тапсырманы орындайды, сонымен қатар «Ыстық орындық» әдісі арқылы (әр бір ашылған ұяшықтағы әріп бойынша пәнге байланысты сөз жазу керек, яғни осы кезде бүгінгі сабағымыздың жаңа тақырыбы ашылу керек). Сонымен қатар, бүгінгі біздің аралас сабағымызды «Қарыздарды қолдану және оны өтеу бойынша бақылау. Несиелік санкциялар» бойынша студенттерді жаңа білім қабылдауға және игеруге белсенділендіру және өз ойларын еркін жеткізу тақырыбына арналған және қабылданған теориялық білімдеріңді тәжірибеде қолдана білуге бейімдеу. Сабақ интербелсенді әдістерінің элементтерін қолдану арқылы жүргізіледі.

II.Өткен тақырыпты қайталау:

1-кезең «Полиглот» (қалып қойған сөзді табу).

2-кезең «Ыстық орындық» (әр бір ашылған ұяшықтағы терминнің анықтамасын беріп және жылдам жауап беруге тырысыңыз, себебі орындық ыстық, яғни осы кезде бүгінгі өтетін сабағымыздың жаңа тақырыбы ашылу керек).

III.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

3-кезең «Серпілген сауал» (тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін топтағы студенттерге сұрақтар беріледі және де осы сұрақтар арқылы біз келесі кезеңге көшеміз).

4-кезең «Өндірістік ойындар» зерттеу ойыны, АҚ «Халық банкі», АҚ «Каспий банкі» және АҚ «Евразийский банк» банктерге бөлу арқылы өткізіледі. Бұл ойынның шарты әлеуметтік және экономикалық маңызы бар келесідей күрделі проблемаларды шешу жолдарын қарастырады, уақыт (5-10) минут.

IV.Сабақ нәтижесін қорытындылау: сабаққа белсенді қатысқан студенттерді бағалау.

V.Бағалау.

VI.Үй тапсырмасы: осы сабақта өтілген дәріс бойынша оқып келу.

Қолданылған әдебиеттер: С.Құлпыбаев, Қ. Қ. Ілиясов; Қаржы оқулығы 2009 жыл, С.Б.Мақыш «Банк ісі» Алматы «Жеті жарғы» 2009 жыл.

САБАҚ БАРЫСЫ

I.Ұйымдастыру кезеңі: Дәрісхананың сабақ өткізуге дайындығын және студенттердің қатысуын тексеру.

II.Үй тапсырмасы, өткен сабақты қайталау:

Бүгінгі сабақтың жалпы жоспары: өтілген тақыраптарды қайталау мақсатында, тақтадағы кезеңдер бойынша сұрақтарға жауап беру, яғни әрбір білімгер тақтаға шығып берілген тапсырманы орындайды, сонымен қатар «Ыстық орындық» әдісі арқылы (әр бір ашылған ұяшықтағы әріп бойынша пәнге байланысты жылдам сөз жазу керек, себебі орындық ыстық, яғни осы кезде бүгінгі өтетін сабағымыздың жаңа тақырыбы ашылу керек). Сонымен қатар, бүгінгі біздің аралас сабағымызды «Қарыздарды қолдану және оны өтеу бойынша бақылау. Несиелік санкциялар» бойынша студенттерді жаңа білім қабылдауға және игеруге белсенділендіру және өз ойларын еркін жеткізу тақырыбына арналған және қабылданған теориялық білімдеріңді тәжірибеде қолдана білуге бейімдеу. Сабақ интербелсенді әдістерінің элементтерін қолдану арқылы жүргізіледі.

  • 1-ші кезең: «Полиглот» (қалып қойған сөзді табу). Өткен тақырыпқа байланысты сөйлемдер оқылады, сол сөйлемнің ішіндегі көп нүктенің орнына сөз қойып, оның орысша, ағылшынша баламаларын табу керек).

1Сабақтың тақырыбы: «ҚАРЫЗДАРДЫ ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ ОНЫ ӨТЕУ БОЙЫНША БАҚЫЛАУ. НЕСИЕЛІК САНКЦИЯЛАР.Орталық банк бірінші деңгейдегі .................. банк? (мемлекеттік)

2.Несиелеуге байланысты барлық сұрақтарда банк пен қарыз алушы ....................... негізінде шешеді. (келісім шарт)

3.Банк жүйесі сегменттелген және ....................... банктік құрылымдардан құралады? (әмбебап)

4.Өз клиенттеріне бір-екі қызмет түрін көрсетіге бағытталған маманданған банктер бар? Олардың бірі ............... банк. (инвестициялық)

5. ..................... банк-жарғылық қордың 50% -нан астамы бас банкіге тиесілі, заңды тұлға болып табылатын банктік мекеме? (еншілес)

6.Белгілі бір шартпен иесінің банкке сақтауға салған ақша қаражат............... деп аталады? (салым)

7. ................ дегеніміз екі немесе одан да көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттердің белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісім? (шарт)

8.Қазақстанда эмиссиялық банк .................. банк болып табылады? (Ұлттық)

9.Несие шарты - бұл ........................., құқықтар мен міндеттер несие алушының ақша қаражатын алғаннан бастап пайда болады? (реалды шарт)

10.Несиелік келісімшарт екі жақтың өзара ............ және ................анықтайды? (міндеттемелерін, жауапкершіліктерін).

  • 2Сабақтың тақырыбы: «ҚАРЫЗДАРДЫ ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ ОНЫ ӨТЕУ БОЙЫНША БАҚЫЛАУ. НЕСИЕЛІК САНКЦИЯЛАР-ші кезең: «Ыстық орындық» (әр бір ашылған ұяшықтағы терминнің анықтамасын беріп және жылдам жауап беруге тырысыңыз, себебі орындық ыстық, яғни осы кезде бүгінгі өтетін сабағымыздың жаңа тақырыбы ашылу керек).

III.Жаңа тақырыпты түсіндіру: Қарыздарды қолдану және оны өтеу бойынша бақылау. Несиелік санкциялар.

ДСабақтың тақырыбы: «ҚАРЫЗДАРДЫ ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ ОНЫ ӨТЕУ БОЙЫНША БАҚЫЛАУ. НЕСИЕЛІК САНКЦИЯЛАРәріс жоспар:

  1. Несиелік қарыздың орындалуына бақылау жасау.

  2. Несиелік санкциялар

І.Несиелердің әр сатысын талдап отыру қажет: несие келісімшартын дайындау және бекіту, несиені беру барысында олардың қолданылуын, несиенің өтелуіне бақылау жасау барысында пайыздың төленуін. Қарыз алушы мен банк арасында несие алу барысында жасалатын келісімшартты талдау несиелендірудің барлық процесі мен нәтижесін көрсетеді. Банктің несие бөлімі жасаған несие шарттарының орындалуына, оларды уақтылы және толық қайтаруына, қарыз алушылардың алынған қарыздарды тиімді пайдалануына, оларды уақтылы және толық қайтаруына, осыған орай қарыз алушымен ссудаларды пайдаланудың бүкіл мерзімі ішінде тығыз байланыс жасауына жүйелі түрде бақылау жасауды жүзеге асыруы тиіс. Қажет болған жағдайда несие бөлімі келесі мәселелер бойынша қарыз алушыларға тексерістер жүргізеді:

  • банктен алынған қарыздарды мақсатты пайдалану;

  • қойма есебінің мәліметтері бойынша қарыздарды қамтамасыз ету;

  • бухгалтерлік есептің жай күйі;

  • несие берілетін тауар материалдық құндылықтардың құрамы және оларды қайта өндеудің немесе өткізудің болашағы;

  • қарыз алушылардың өз қаржыларын пайдалану.

Несиелік келісімшартқа байланысты өз міндеттемелерін орындамаған қарыз алушыларға қатысы,банк: қарыз алушыға әрі қарай несиелеуді тоқтату туралы ескерту жасауға; несиелік шартында қарастырылғандай, беруді тоқтатуға құқы бар. Қарыз алушы несиелік келісімінің шарттарын жүйелі түрде орындамаған жағдайда банк несиені мерзімінен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.

ІІ.Несиелік санкция деп - қарыз алушының несиелік келісімшартты бұзған жағдайда банк тарапынан қолданылатын шара.

ҚР Қаржылық қадағалау агенттігі банкке қолданған ықпал ету шараларымен қатар санкциялар қолданады. Санкциялар ретінде төмендегідей шараларды жүзеге асырады:

  • Қазақстан Республикасы заң актілерімен белгіленген негізде айыппұл салу және өндіріп алу;

  • Барлық немесе жеке бір банктік операцияларды жүргізуге лицензияларды жою;

  • Банкті консервациялау;

  • Белгілі бір негіз бойынша банктің ашылуына рұқсатты қайтарып алу.

Қаржылық қадағалау агенттігі тарапынан екінші деңгейдегі банктердің банктік операцияларды жүргізуге рұқсат беретін лицензия қайтарылып алғаннан соң, лицензия берген органдармен тиісті шешімдер қабылданғанға дейін банктік операцияларды жүргізу тоқтатылады. Банктік операцияларды жүргізуге лицензиясы қайтарылғаннан кейін, ҚР Қаржылық қадағалау агенттігі ондай банкті басқару үшін уақытша әкімшілік тағайындайды және барлық басқару органдарының құзыреті уақытша әкімшілікке беріледі. Сондай-ақ банкті бұған дейінгі басқарған органдарының құзыреті тоқтатылады. ҚР Қаржылық қадағалау агенттігі банктік операцияларды жүргізуге лицензияны қайтарып алғаннан кейін, белгіленген тәртіпте 10 күн ішінде банк қызметін еріксіз тоқтату туралы сотқа арыз береді.

  • 3Сабақтың тақырыбы: «ҚАРЫЗДАРДЫ ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ ОНЫ ӨТЕУ БОЙЫНША БАҚЫЛАУ. НЕСИЕЛІК САНКЦИЯЛАР-кезең: «Серпілген сауал» (тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін топтағы студенттерге сұрақтар беріледі және де осы сұрақтар арқылы біз келесі кезеңге көшеміз).

1-ші сұрақ: Өкіметтің студенттерге несие беру саясатын өздері оқитын жоғары оқу орнында келісімшарт арқылы қалай жүзеге асыруға болатындығын жоспарлау.

2-ші сұрақ: Несие берудің жаңа шарттарын талқылап, оларға қандай өзгертулер еңгізу жақтарын қарастыру.

3-ші сұрақ: Банк тарапынан кәсіпкерлерге несие беру бойынша жеңілдік жасау жолдары.

  • 4-кезең: «Өндірістік ойындар» зерттеу ойыны, АҚ «Халық банкі», АҚ «Каспий банкі» және АҚ «Евразийский банк» банктерге бөлу арқылы өткізіледі. Бұл ойынның шарты әлеуметтік және экономикалық маңызы бар келесідей күрделі проблемаларды шешу жолдарын қарастырады, уақыт (5-10) минут.

Сабақтың тақырыбы: «ҚАРЫЗДАРДЫ ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ ОНЫ ӨТЕУ БОЙЫНША БАҚЫЛАУ. НЕСИЕЛІК САНКЦИЯЛАР




IV. Сабақ нәтижесін қорытындылау: сабаққа белсенді қатысқан студенттерді бағалау.

V.Бағалау.

VI. Үй тапсырмасы: осы сабақта өтілген жаңа тақырып бойынша оқып келу.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. С.Құлпыбаев, Қ. Қ. Ілиясов; Қаржы оқулығы 2009 жыл.

  2. С.Б.Мақыш «Банк ісі» Алматы «Жеті жарғы» 2009 жыл.

  3. Н.Н. Хамитов «Банк ісі» Алматы экономика 2006 жыл.

  4. Р.Ж.Қалғұлова «Екінші деңгейлі банктегі бухгалтерлік есеп» Алматы, 2005 жыл.



© 2010-2022