Конспект на тему Кеңес Одағының Батыры Исатай Сүйеубаевтың ерлік жолын зерттеу

Раздел Другое
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ленин орденінің иегері

Исатай Сүйеубаев

(1913-1947)

Конспект на тему Кеңес Одағының Батыры Исатай Сүйеубаевтың ерлік жолын зерттеу

Исатай Сүйеубаев 1913 жылы Маңғыстаудағы Тиген жерінде туып-өскен. Өзінің еңбек жолын 15 жасында Түрікмениядағы « Қарабұғазкөл » тресінде балықшы болып жұмыс жасаумен бастаған.

Соғыстың алдындағы жылдарда Маңғыстау ауданының Таушық селосында өрт сөндіру машинасының жүргізушісі болған.1942 жылы өз еркімен майданға аттанған. Оңтүстік- Батыс майданның 21-ші армиясы 293-ші атқыштар дивизиясының құрамыныда соғысқа қатысқан.

1942 жылы қарашада Сталинград түбінде болған шайқаста танк десантының құрамында автоматтан оқ жаудырып, гранат лақтыра отырып 200-ден астам фашистің көзін жойып,Сталинград шайқасындағы жеңіске өзінің жеке үлесін осылайша қосқан.

КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының 1943жылы 14 ақпандағы Жарлығымен Ленин орденімен марапатталған.Соғыстан кейін Таушық селосында паравоз машинисі болып жұмыс жасаған.1947 жылы қазаға ұшырап, Маңғыстау ауданының Тиген ауылында жерленген. Ұлы Отан соғысында ерлік жасаған даңқты жауынгер. 1942 жылдың тамыз айында Армия қатарына шақырылған. Ақпан айында Сталинград майданындағы 21-армияның 292-атқыштар дивизиясының 1036-полкының автоматшылар ротасында болды. 1942 жылдың 22 қарашада басталған Сталинград түбіндегі қарсы шабуылда танк десантшылары құрамында жау шебін бұзу ұрысына қатысады. Осы ұрыста жаудың 182 солдатын 7 бекінісін жояды.
Жараланғанына қарамастан ұрыс даласын тастамайды. Исатай осы ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған екен. Бірақ белгісіз себептермен Батыр атағы берілмей, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылы 14 ақпандағы жарлығымен Ленин ордені берілді. Халық ақыны Сәттіғұл Жанғабылов інісіне отты өлең жолдарын арнаған. Исатай 1947 жылы 16 қыркүйекте Астарханға бара жатып қайғылы қазаға ұшырайды. 1993 жылы жазда жерлестері ағайын-туғандары батырдың сүйегін ата қауымы Тигенге, анасының қасына әкеліп құрметпен жерлеген.
1994 жылы Маңғыстаудың ер ұлы Исатайдың зираты басына күмбезді кесене тұрғызылады. Қан майданда ерлігімен, еңбегімен елімізге бейбіт өмір сыйлаған аталарымыздың рухына бас иіп, еске аламыз.
Халқымыз үшін зор шығынмен келген Жеңістің қадір-қасиеті майдангерлердің де, соғыс қасіретін бала болып тартып есейген біздің әкелеріміздің де, кейінгі ұрпақтың да жадында. Ерен ерлік пен өлшеусіз еңбектің арқасында қолымыз жеткен бейбітшілік 45-жылдың көктемінде сақталып қалды.
Жау келгенде қолға қару алып дұшпанға қарсы шыққан, бейбіт өмірмен қауышқанда қираған шаруашылықты қалпына келтіруге ғұмырларын арнаған ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне біз мәңгі қарыздармыз.
Ажал оғын шашқан аждаһадай айбарлы жаумен айқасу үшін Маңғыстау түбегінен алты мыңнан астам азамат аттанған. Сол боздақтардың төрт мыңдайы от ортасынан оралмай қалды. Соғыс салған сойқан ішінде із-түзсіз кеткендері қаншама!
Маңғыстау топырағынан майданға аттанғандар арасында есімдері беймәлім қалған ерлер болғанына күмән жоқ. Соғыстың аласапыран дүрмегі наградаға ұсынған талай қағазды қалтарыста қалдырған да аян. Маңғыстаудай маңғаз түбектен аттанған боздақтар соғысқа награда үшін келмегендерін, ел шебін қатыгез жау тырнағаннан тезірек босатып, ел-жұртына аман-есен оралуды ғана ойлағандарын айту керек. Ұлы Отан соғысының тарихынан лайықты орын алған Маңғыстаулық батырларымыз бар.

Олар: Мәди Бегенов, Біләл Қалиев,Кемер Оңғалбаев, Жұмағали Қалдықараев, Исатай Сүйеубаев,Қартбай Бекжанов.





© 2010-2022