Дауыссыз дыбыстар

Сабақ тақырыбы: Дауыссыз дыбыстарСабақтың білімділік мақсаты:бұрынғы өтілген материалдармен сабақты байланыстыру,сөз жасау, сөйлемдерді дұрыс құру тәсілдерін меңгерту, дауыссыз дыбыстардан алған білімдерін шыңдау;Сабақтың дамытушылық мақсаты: түрлі әдістерді пайдалана отырып оқушылардың тапқырлық,жылдамдық, есте сақтау қабілет терін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп, сауатты жазуға дағдыландыру;Сабақтың тәрбиелік мақсаты:Орындаталатын тапсырмалар мен жаттығулар арқылы жақсылыққа, ізгілікке тәрбиел...
Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дауыссыз дыбыстарДауыссыз дыбыстарСабақ тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар

Сабақтың білімділік мақсаты:

бұрынғы өтілген материалдармен сабақты байланыстыру,сөз жасау, сөйлемдерді дұрыс құру тәсілдерін меңгерту, дауыссыз дыбыстардан алған білімдерін шыңдау;

Сабақтың дамытушылық мақсаты: түрлі әдістерді пайдалана отырып оқушылардың тапқырлық,жылдамдық, есте сақтау қабілет терін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп, сауатты жазуға дағдыландыру;

Сабақтың тәрбиелік мақсаты:

Орындаталатын тапсырмалар мен жаттығулар арқылы жақсылыққа, ізгілікке тәрбиелеу, тіл құдіретін сезіне білуге, сөз мағынасын келістіре отырып, оларды дұрыс қолданып, дәл түсінуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: білім, білік дағдыны қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, жаттығу орындау, ойлау, дәлелдеу.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, оқулық, қосымша әдебиеттер, энциклопедия, анықтағыштар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Сабаққа дайындықтарын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Оқулықтағы 104- беттегі тапсырмаларды шарты бойынша орындау. Дауысты дыбыстардың жіктелуін сұрақ қою арқылы қайталау.

ІІІ.Жаңа сабақ: өздігінен білім алу. Ол үшін оқушылар оқулық, қосымша әдебиет, энциклопедия, анықтағыш материалдар мен бастауышта алған білімдерін ұштастырып кластер толтырады.

Тапсырма: 261- жаттығуды шарты бойынша орындау.Абай Құнанбаев жөнінде білімдерін еске түсіру.

Тапсырма: Семантикалық картамен жұмыс. Әр оқушыға таратылады.

Сөз

Дауы-сты

жуан

жіңішке

ашық

қысаң

Ерін-дік

езулік

дауыссыз

Қа-таң

ұяң

үнді

О

+

+

+

+


Т


+

+

а

+

+

+

+


н


+

+

Тапсырма: 265-жаттығу. Төмендегі берілген жұмбақтардың шешуі болатын дыбыстарға сипаттама беріңдер.

Тапсырма: Ақыл, кітап, ойлы, ауыл сөздеріне фонетикалық талдау жасау.

Тапсырма: Тек қана бір дауыссыздан басталатын сөздерден сөйлем құрастыр.

Үлгі: Жанат жазда жаяу жылдам жүреді. Біз-бақытты баламыз.

Бекіту: Венн диаграммасын толтыру

ҮІ. Үй тапсырмасы. 273- жаттығуды шарты бойынша орындау. Тақырып бойынша сөзжұмбақ, ребус құрастыру.




ҮІІ.Бағалау.

Оқушының аты-жөні

өзін-өзі бағалау

Сынып бағасы

Мұғалім бағасы

Қорытынды баға




© 2010-2022