Поурочный план на тему мақсат (7 класс)

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

Күні: 01.16ж

Сыныбы: 9 «в»

Тоқсан: ІІІ

Пәні: қазақ тілі

Пән мұғалімі: Баттал Г.Т.

Сабақтың тақырыбы: диктант

Мақсаты: оқушылардың стандарттың талап-міндеттері бойнша білім-білік деңгейін қанша мөлшерде игергенін анықтау.

Отбасы - тәрбие бастауы.

Баланың жақсысы - қызық, жаманы - күйік. Осы бір қанатты сөзде қаншама мағына жатыр десеңізші! Себебі, бұл шынайы өмірден алынған. Әрбір ата-ана баласының өмірге деген көзқарасы дұрыс қалыптасқан тәрбиелі, заман талабына сай азамат болып өскенін қалайды. Ата-ана бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарайтыны сөзсіз.

Ата-анадан өсіп ұрпақ таралған, жақсы, жаман бала болса солардан, - деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, ата-ана өз баласының тәрбиесі үшін, ел, халық алдында жауапкер. Бала аяғын тәй - тәйлап басқаннан бастап- ақ, ата - анасымен, отбасындағы басқа жандармен қарым - қатынаста болып, тәрбие арқылы ересектердің бойындағы жақсы- жаман қасиеттерді үйренеді. Сондықтан отбасында күнделікті болып жатқан оқиғалар: ата-ананың бір-бірімен қарым-қатынасы, баламен сөйлесу, үй шаруасының атқарылуы, ересектердің еңбекке көзқарасы, уақытты өткізуі, қонақ қабылдауды- бәрі балаларға тікелей әсер етеді.

(Интернет желісінен)

109сөз)

Қорытындылау

Бағалау.

Сабақ жоспары

Күні: 01.16ж

Сыныбы: 9 «в»

Тоқсан: ІІІ

Пәні: қазақ тілі

Пән мұғалімі: Баттал Г.Т.

Сабақтың тақырыбы: қорытынды сабақ

Білімдік мақсаты: оқушыларға көсемшелердің сөйлемдегі қызметін үйрету;
Дамытушылық мақсаты: сөйлем талдау қабілетін, өткен тақырыптарды пысықтау;
Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды жылдамдыққа, өз пікірін айтуға, өздігінше еңбектенуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: талдау, сұраққа жауап, өз пікірін айту

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

Сыныппен амандасу

Сыныпты түгендеу

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тапта бар қалан - деген Абай атамыздың сөзін қайталай келе ойын шартын түсіндіре кетсек

ІІ. Жаңа сабақ

1-тапсырма. Керекті сөздерді пайдаланып, төмендегі сұхбатты толықтырыңдар.

-Сенің бос уақытың көп пе?

-аптаның соңында ғана

-Мектептен тыс уақытта немен айналысасың?

--Сен немен шұғылданғанды ұнатасың?

-Сен музыка тыңдағанды ұнатасың ба?

2-тапсырма. «Менің бос уақытым» тақырыбына әңгіме құрастырып жазыңдар.

3-тапсырма. Төмендегі тест сұрақтарына жауап беріңдер.

  1. 2008 жылы жазғы олимпада ойындары қай қалада өтті?

  2. Қай жазғы олипиадада Қазақстан сортшылары 3 алтын медаль алды?

  3. Ольга Шишигина әлем чемпионы болған спорт түрі қандай?

  4. Балуан не істейді?

4-тапсырма. Түсіндірмелі салалас құрмаластың түріне төрт сөйлем құрап жазыңдар.

5-тапсырма. Мына сөздерді сөз құрамына қарай талдаңдар.

Бапкерлеріміздің, жаттықтырушыларға, балуандардан, олимпиадасын, мұз айдынына, сырғанаймыз, күреседі.

Қорытындылау.

Бағалау.

© 2010-2022