Открытый урок (ашық сабақ) Бассейнде (1 класс)

Раздел Другое
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:









Ашық сабақ

Тақырыбы:Бассейнде

Сынып-1а





Өткізген күні-21.04.2015ж

Мұғалім:Тизикпаева Б.М.



Сабақтың тақырыбы:Бассейнде

Сабақтың мақсаты:Білімділік

жаңа сөздерді меңгерту,сөйлем,сөз тіркестерін құрай білуге машықтандыру.

Дамытушылық:

Оқушылардың сауатты оқу,сөйлеу,дағдыларын қалыптастыру,сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік:

Оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Сұрақ-жауап,оқу-аудару.

Сабақтың көрнекілігі:суреттер

I.Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлемдесу

-Бүгін бізде ерекше сабақ.Бізге қонақтар мен мультфильм кейіпкері Диего келді.Ол бугінгі сабақта сендерге жақсы табыстар тілейді.Енді сендер бір-бірлеріне жақсы табыс тілеңдер.Бір-бірімізге жақсы табыс тілейік,өзімізге сенімді болайық.

II.Мен сендерге сұрақ қоямын,сендер дұрыс жауап беріңдер.

Қазір қай жыл мезгілі?

Көктемде не ериді?

Күн қандай болады?

Көктем айлары қандай?

Көктем туралы кім әңгіме айтады?

Көктем туралы қандай өлеңдер білесіңдер?

III.Енді балалар суретке назар аударыңдар

Суретте не бейнеленген?Бассейн

Қалай ойлайсыңдар?Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?

Бассейнде

Дұрыс

Бүгін сабағымызда қандай мақсат қоямыз.

Сабақтың мақсаты:

1.Сөздік қорымызды молайту

2.Сөйлемдер құрастыру

3.Диалог,монолог ретінде сөйлеу

IV.Сөздік жұмысы:

Су-вода

Жүзу-плавать

Таза-чистый

Енді мен орысша айтамын,ал сендер қазақша.

Вода-су

Плавать-жүзу

Чистый-таза

(жаңа сөздермен сөйлем,сөз тіркестерін құрастыру таза-су,таза сынып.

Бұл-жүзу бассейні

V.Суретпен жұмыс

Балалар бұл суретке қараңдар

Осы сурет бойынша сөйлемдер құрастырамыз

Мынау не?Мынау бассейн.

Бассейн қандай?Бассейн үлкен.

Бассейнде кімдер бар?Бассейнде балалар бар.

Олар не істеп жүр?Олар суда жүзіп жүр.

VI.Оқулықпен жұмыс.161б, 2тапсырма

VII.Сергіту сәті.

VIII. 161б,3 тапсырма(жүзуге керекті заттар,сөз тіркестерін құрастыру)

IX.Ойын:Кім көп біледі?(жүзуге керекті заттар)

X.162б,4тапсырма

XI.Сабақты қорыту.

Бүгін сабақтың тақырыбы қандай болды?

XII.162б,5тапсырма



© 2010-2022