Ересек адамдардың бала тілінің дамуына әсер етуі

Раздел Другое
Класс -
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мұғалім: Камзина Айшолпан Аибқызы

№29 ЖОМ 10-сынып оқушысы,Павлодар қ.

Андасова Н.

Ересек адамдардың бала тілінің дамуына әсер етуі.



Тіл - адам ойлауының құралы. Сөз бен ойды теңестіруге болмайды, алайда сөзсіз ойлау іске аспайды, ой айтылмай, үнсіз тұншығады.Сөйлесу - қарым- қатынас жасаудың негізгі компоненті. Сөйлесу әрекетінің жетілуіне эмоционалды жанға жайлы жағдаятта белсенді қарым-қатынас жасау қызығушылық тудырады. Тіл дамыту баланың ой жүйесінің қалыптасуына ықпал етеді. Мектепке дейінгі кезеңде жақсы дамыған баланың өзіндік сөйлеу дағдысы жоғары деңгейге жете алады: ересектермен, құрбыларымен қарым - қатынаста олар тыңдай біледі және диалогке түседі, сұрақ қойып өздігінен жауап бере алады. Мектепке дейінгі жастағы балалардың сөздік қоры үнемі өсіп отырады, бірақ оның сапасы ересек адамдардың қатысуына байланысты. Мектеп жасына дейінгі баланың тілінің дамуы оны қоршаған әлеуметтік мәдени ортаға, әлеуметтік жағдайға байланысты дамиды.[1.208-б]

Жоғарыда айтылған мәселе отбасында ересектердің баламен саналы түрде қарым- қатынас жасау мәселесінің өзектілігін анықтайды.

Жобаның мақсаты: ересек адамдардың бала тілінің дамуына әсерін зерттеу.

Ғылыми жобаның мақсатына жету үшін келесі міндеттер қойылды:

  1. Психолого-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерден мәселені зерттеу және талдау.

  2. Балалардың ана тілінде тілінің дамуына отбасы мен ересектердің әсер етуін зерттеу.

  3. Балалардың туған тілінде тілін дамытуға қатысты ата-аналарға әдістемелік ұсыныс беру.

Ғылыми жобаның болжамы: баланың алғашқы күнінен бастап, ересектірдің ана тілінде сөйлесуі туған тілінде еркін сөйлеу дағдыларының қалыптасуына ықпалы зор.

Зерттеу пәні - педагогика

Зерттеу жұмысының жаңашылдығы және практикалық құндылығы:

Бала тәрбиесінде қазіргі ата-әжелердің рөлінің кемуі - балалардың тілінің дамуына кедергі болатын себептердің бірі.

Зерттеу жұмысының кезеңдері:
Теориялық- әдебиеттерге шолу жасау.
Практикалық - зерттеу жұмысының негізгі кезеңі болып табылады. Зерттеу әдістерін пайдалана отырып, жобаланған болжамға сай нақты қорытындыға келуге жұмыстар жасау.

Практикалық маңыздылығы:

1.Элективті курс бағдарламасын құрастыру үшін ұсынылады.

2.Баланың тілін дамыту барысында мұғалімдер мен тәрбиешілерге, ата-аналарға әдістемелік нұсқаулық ретінде ұсынылады.

Қорытындылау - жасалған зерттеу жұмыстарынан алынған нәтиже бойынша нақты қорытындыға келе отырып ұсыныстар жасау.
Мектепке дейінгі ересектер тобындағы балалардың тілінің даму ерекшеліктері

Дұрыс сөйлеу механизмінің қалыптасуы жеткілікті қиындық тудырады. Баланың сөйлеу дағдыларының жетілуіне коммуникативтік қатынас әсер етеді.

Сөйлесу - қарым-қатынас жасау мүмкіндігі болып, коммуникативтік әрекеттің даму кезіңде пайда болады. Оның дамуы баланың жалпы өмір сүру әрекеті мен қарым-қатынас жасау қажеттілігінен туындайды.

Лингвистикалық аспекте тілдің дамуын келесі түрде бейнелеуге болады: айқайлау, гуілдеу, былдырлау, сөз, сөз-тіркесі, сөйлем, байланысқан әңгіме.

Жас ерекшелігінің шәкіліне сәйкес мамандар келесі мінездеме береді:

  • Айқайлау - өздігінен пайда болады - туғаннан екі айға дейін;

  • Гуілдеу - ересек адамдармен қарым-қатынас нәтижесінде пайда болады - 2 айдан 5-7 айға дейін;

  • Былдырлау - ұзақтығы 16-20 апта;

  • Сөз - 11-12 айда;

  • Сөз тіркесі - 2-3 сөзден тұратын сөз тіркесі. 1 жас 7 ай - 1 жас 9 ай;

  • Сөйлем - көрнекелік жағдаят нәтижесінде құрылады. 2 жас 6 айда «қайда?», «кім?». 3 жасында - «неге?», «қашан?» сұрақтары туындайды;

  • Әңгіме - қысқа әнгімелерді қайта жаңғырту,өлең, жаңылтпаш. 3 жастан сурет бойынша ойыншықтары туралы өздігінен әңгіме құрастыру,4 жастан контекстік сөйлесу, құрмалас сөйлем құрастыру икемділігі 5 жастан байқалады.

1.2. Бала тілінің дамуына отбасындағы ересек адамдардың әсері.

Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы ересектерге тәуелді. Отбасы мүшесіндегі ересектер арқылы бала өмірінің алғашқы кезеңінде қоршаған ортамен танысады, бірінші рет адамның сөзін естиді, заттарды қолданады, әрі күрделі адамзаттық қарым-қатынас жүйесіне жетеді. Бала тілінің дамуына ата-аналадың әсері өте зор. Баланың тілі ортада қалыптасқан сөйлеу тіліне қарай дамиды.

Л.С.Мухинаның пікірі бойынша ата-аналарына және жақын адамдарғы еліктеу

нәтижесінде бала санасыз түрде тілдесу стилін меңгереді. [3.456-б]

Заманауи отбасының жағдайы қалай бейнеленеді?

Социолог, педагог, психиатр (И.В.Бестужев - Лад) анықтауынша заманауи отбасы әр түрлі. Осымен қатар келесі тенденциялар көрінді:

  • Отбасы құрылысы өзгерді. Отбасы көбінесе ата-ана және баладан тұрады. Толық емес отбасының саны өсіп келеді, бір баласы бар отбасы да жиі кездеседі. Ата-әжелері жеке тұрғандықтан, ата-аналарға үлкендердің тәжірибесімен бөлісуіне кедергі жасайды.

  • Отбасы ішіндегі қарым-қатынас, отбасындағы адамдардың рөлі өзгеруде. Бірінші орынға ана шығады. Ата-аналық билік емес, ата-ананың жеке-дара беделі маңызды болып тұр;

  • Отбасы тәжиребелік функцияның іске асыруда қиыншылыққа тап болады. Педагогикалық жетілмеген отбасының тобы айшықталады. [4.336-б]

Мұнда бірінші орында қарым-қатынас жеткіліксіздігі. Ата-аналар өздері білімді, мәдениетті, дамыған бола тұра, баламен тілдесуге уақытын минимумға әкеледі. Ол ересектердің жұмыстан шаршап келетіндігіне, үйдегі жұмыстың бітпейтіндігіне жүгінеді. Әрине, бұл себеп, бірақ баламен тілдесуді соңғы кезекке қоюға болмайды.

К.В.Бардин «Егер сізде бала болса, онда баламен тілдесуді бірінші кезекке қойыңыз, болмаса отбасылық міндетке арту керек» деп санайды.[1.200-б] Бүгінгі күні балалардың көпшілігінің өміріне туған күнінен бастап компьютер, теледидар кіре бастады. Үй экраны әжелердің ертегісін, ананың бесік жырын, әкемен әңгімелесудің орнын баса түсті. ЮНЕСКО берілгені бойынша бүгінгі балалардың 93% 3-5 жастан аптасына 28 сағат теледидар көреді. Бірақ «қауіпсіз» әуесқойлық ойландыратын қауіп төндіреді. Оның бірі - тіл дамуына тежеу болуы. Соңғы уақытта ата-аналар, ұстаздар балалардың тілінің дамуы төменгі деңгейде тұрғанын мойындайды. Арнайы лагопедиялық көмек бала-бақшадағы әр топқа қажет. Бұл мәселе біздің елде ғана емес, бүкіл әлемде. 70 жылдардың ортасында балалардың 4% тілі төмен дамыса, соңғы 20 жылдың ішінде сойлеу тілінің кемістігі 6 рет өсті.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Сорокоумова Е.А. Возрастная психология. - СПб.: Питер, 2006.

  2. Мухина В.С. Возрастная психология: феноменология развития, детство, отрочество: Учебник для студентов вузов. - М.: Академия, 1999. - 456 с.

  3. Педагогика раннего возраста / Под ред. Г.Г.Григорьева и др. - М.: Академия, 1998. - 336 с.

5. Выготский Л.С. Мышление и речь / Собрание сочинений - М., 1982. - Т. 2. 452 с.

6.М. Мырзахметұлы. Айналған аты аңызға Момышұлы. Тараз. 2000
7. Максаков А. И. Развитие правильной речи ребенка в семье. - М.: Педагогика, 1978.



© 2010-2022