Қазақ тілінен ашық сабақ Түркістан қаласы

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы : Түркістан қаласы

Сабақтың мақсаттары:

1.Білімділік: Оқушыларға күллі түркі халқының рухани орталығына айналған Түркістан қаласы туралы мәлімет беру.

2.Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, көзқарасын,есте сақтау қабілеттерін дамыту;

3. Тәрбиелік: Өз еліне, жеріне деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ .

Сабақтың әдістері: оқу, мәнерлеп оқу, баяндау,сұрақ- жауап, деңгейлік тапсырмаларды орындау.

Сабақтың көрнекілігі: «Киелі Түркістан» бейнетаспа, Қазақстан картасы.

Пәнаралық байланыс: тарих, география, әдебиет.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II.Үй тапсырмасын тексеру:

1. «Қазақстанның көне қалалары» мәтінін мазмұндау.

2. Мәтін бойынша сұрақ-жауап:

- Қазақ жерінде нелер көп?

- Олар қалай пайда болды?

- Қазақ жерінде ең алғашқы қалаларқашан пайда болды?

- Қазақ жерінде қандай көне қалалар болды?

- Сақталып қалған көне қалаларды атаңдар?

III. Сабақтың мақсатын қою кезеңі:

Бүгінгі сабағымыз

Күллі түркі еліне ұран болған Түркістан,

Бір көруге адамдар арман болған Түркістан,

Түркі тілдес елдерге тірек болған Түркістан.

Мына екі дүниеге жүрек болған Түркістан қаласына арналады.

IV. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:

1. «Киелі Түркістан» бейнетаспасы арқылы ежелгі қалаға саяхат.

Түркістан қаласы қазақ хандығының ең бірінші астанасы. Түркістан шаһары Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Ол 18 ғасырда Оңтүстік Қазақстанның астанасы болған. Түркістан ертеде Шам, Тұран, Шабғар, Йасы деп аталған. «Түркістан» сөзі «Түріктер мекені» немесе «Батырлар елі» деген мағынаны білдіреді.Түркістан - қасиетті рухани қала. Түркістанды «Екінші Мекке» деп атаған. Оны Меккемен салыстырады. Мекке Сауыт Аравиясында орналасқан. Адамдар Меккеге қажылыққа барып, тілек тілейді. Егер Түркістанға 3 рет барсаң, Меккеге 1 рет барғанмен тең болады.

2.Түркістан қаласына экскурсияға барып келген оқушылардың әңгімесін тыңдау. Бейнетаспадан Қожа Ахмет Иасауи кесенесімен танысу.

Қожа Ахмет Йасауи кесенесін Орта Азияның әміршісі Әмір Темір салдырған. Ол бұл кесенені философ, ақын, екінші әулие Қожа Ахмет Йасауиге арнаған. Бұл құрылысты салуды Әмір Темір шебер Мәулен Ғұбайдолла Садырға тапсырды. Осы құрылыс 10 жыл салынған. Сәулет біртұтас болып көрінгенмен, 8 бөліктен, 35 бөлмеден тұрады. Бұл бөлмелерде кітапхана, мешіт, асхана, құдық, тайқазан бар.

Кесененің қабырғалары мен күмбездері көркем ою-өрнектермен, әсем мозаикалармен көмкерілген.

3. Жаңа сөздермен жұмыс.

Тағдыр, адамзат, тәңірі сөздерімен сөйлем құрастыру.

4. «Түркістан қаласы» мәтінін оқып, талдау, мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

V.Жаңа сабақты түсінгенді тексеру кезеңі:

1.М.Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңін мәнерлеп оқу.

Түркістан - екі дүние есігі ғой.

Түркістан - ер түріктің бесігі ғой.

Тамаша Түркістандай жерде туған

Түріктің Тәңір берген несібі ғой.

2.1- тапсырма.Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

Көп нүктенің орнына керекті жалғауларды жалғап, көшіріп жазыңдар.

3- деңгей.1-бөлім

2-деңгей. 2-3-бөлім

1-деңгей. Сөйлемдерді дұрыс құрастырып, синтаксистік талдау жасаңдар.

а) келді, Қожа Ахмет Иасауи, көне, Иасы, XII ғасырда, дүниеге, қаласында.

б) Қожа Ахмет Иасауиге, кесене, XIY ғасырда, ақсақ Темір, орнатты.

VI.Бекіту кезеңі:

Түркістан сөзіне Бес жолды өлең жазыңдар.

1. Түркістан

2.ежелгі.тарихи.

3.дамиды, гүлденеді,ерекшеленеді.

4. Түркі халықтарының рухани орталығы.

5. қала

VI. Үйге тапсырма:

1.М.Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңін жаттау.

2.3-тапсырма. Түркістан қаласы туралы әңгімелеу.

VIII. Сабақты қорытындылау:

  • Түркістан қандай қала?

  • Оны қалай атайды? Не себептен?



© 2010-2022