М. Мақатаев Аққулар ұйықтағанда тақырыбы

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Мұқағали -поэзиясы. М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы бойынша.

Сабақтың мақсаты: Сезіммен өлең өрген жыр парағы Мұқағали поэзиясына талдау жасау, ақын өлеңінің идеясын, мақсатын ұғындыру, поэманың тақырыбы мен идеясы композициясы туралы теориялық білім беру.

Білімділік - поэманың негізгі кейіпкері ана бейнесі арқылы көл еркесі аққуға жасалған қиянаттың қайғылы оқиғаға ұғындыру себебін таныту, қоршаған орта заңдылықтарына қарсы келмеу қажеттігін нақты дәлелдермен түсіндіруге жету;

Дамытушылық - оқушылардың пікірталасын ұйымдастыру, өз ойын дұрыс тұжырымдап, дәлелмен жеткізе білуге, еркін сөйлеуіне дағдыландыру, талдаулар жасай білу, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту;

Тәрбиелік - оқушыларды ізгілікке, адамгершілікке, қоршаған ортаны қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: интеграцияланған (дамыта оқыту) сабағы. (Әдебиет сабағын көркемсурет, сөз өнерімен интеграциялау).

Сабақ көрнекілігі: ақын суреті, компьютер, бүктемелер, тақырыптық суреттер, сызба- кестелер, т.б.

Пәнаралық байланыс: музыка, бейнелеу, қазақ тілі

Сабақтың әдіс-тәсілдер:
1. Мәнерлеп өлең оқу. "Мұқағали-әлеміне саяхат".
2. Компазициялық жоспар (сызба кесте)-талдау.

3 Шығармашылық ізденіс бағытында:"Дебат-пікір- сайыс ".
Сабақ барысы.

I.Ұйымдастыру.
А)Амандасу.Түгендеу.
Ә) Психологиялық тренинг

Б) Топтастыру:

Қарасаз, қара шалғын, өлеңде өстім,

Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда, өлеңді ешкім!

В) М.Мақатаев «Ей, өмірім, зымырап барасың ба?»

II.Үй тапсырмасын пысықтау.
а) Поэзия минуты.
ә) Ой шақыру "Менің Мұқағалиым"атты үй тапсырмасын сұрау.

б) Сурет, бояу құдіреті.

Үй тапсырмасының шарты: ақынның өзіне ұнаған өлеңдерін жатқа оқы және сенің Мұқағалиың екенін дәлелде.

  1. Мұқағалидың туған жері?

  2. Туған күні, өмір сүрген жылдары?

  3. Әкесі мен анасының есімі?

  4. Мұқағали ақынның жыр жинақтарын ата.

  5. Мұқағали ақын кімнің тәрбиесінде болды?

  6. Ақынның поэмаларын атаңыз.

  7. Сенің Мұқағалиың не дейді?

Поэзия,

Менімен егіз бе едің?

Сен мені сезесің бе, неге іздедің?

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таңдардан сені іздедім.

Сені іздедім кездескен адамдардан...

Махаббаттан іздедім, алып ұшқан,

Сәттерімнен іздедім жаңылысқан,

Сені іздедім жадырау жабығыстан.

  1. Сенің Мұқағалиың қандай?

  2. Сенің Мұқағалиың бар ма?

  3. Сұлулықты неден көресің?

  4. Сұлулық сөзінің синонимі

  5. Ал поэзияда сұлулық бар ма?

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, поэзияның өзі сұлулық қой! Ақын сезімі арқылы сұлулық поэзиясы туады. Сұлулық пен зұлымдық туа, жүре пайда болады екен.

б) Сурет,бояу құдіреті.
- Балалар, жаңа сендер өлең оқығанда Мұқағали сағынған Қарасазды біз де сағындық. Бояуын көрдік, қурайдың үнін естідік.
Егер сендер суретші болсаңдар Мұқағалидың туған жерге деген сағынышын көркем сурет өнерімен, бояу сырымен қалай бейнелеп берер едіңдер?
(Белсенділік танытқан оқушыдан сұрау)

Мұғалім сөзі: Біз Мұқағали ақынды - поэзия патшасы десек, ендеше, поэзия патшалығына сапар шегіп көрейік. Міне, патшалықтың алтын қақпасы ашылды. «Аққулар ұйықтағанда» сарайының кілті өз қолдарыңда. Қазіргі сәттен бастап осы сарайдың сырына үңіліп көрейікші.

ІІІ. Негізгі бөлім:

а) Аққу қандай құс?

1. Аққудың рең әсемділігін білдіретін сөз.
2. Поэмадан аққудың жарасымды әрекетін табыңдар.

3. Оқ тиген аққудың мүшкіл халін өрнектеген детальды табыңдар.

- Cендерге де, маған да бұл поэма мұң тарту етеді. Бірақ бір бастап оқығаннан кейін тастай алмай соңына дейін бір-ақ оқисың. Бейне бір басқа күй кешесің. Көкірегінде ән ұялап, жырмен тербелесің. Көз алдыңнан Жетімкөлдің ерке аққуы баласы үшін дүниенің тыныштығын, кереметін бұзып, қасиетке оқ атқан ана бейнесін, ең соңында екі бірдей асылынан қасиетінен айырылған сорлы, зарлы ананы көріп, сен де аһ ұрасың.

в) «Миға шабуыл» Проблемалық сұрақтар:

1. Ақынның поэмасындағы негізгі арқау болған тақырып не?

2. Автор өзі көтерген мәселені қаншалықты аша білген?

3. Ана неге аққуды атпақ болды? Бұл шешімге келу анаға оңайға түсті ме?

Проблемадан шығу:

1.Ақынның поэмасындағы негізгі арқау болған тақырып - ананың балаға деген махаббаты.

2.Автор өзі көтерген мәселені толығыман ашқан, себебі поэма шын тебіреністен, шын шабыттан, шын күйзелістен, шын сағыныштан туған.

3.Ана аққуды баласы үшін атты. Бұл шешім анаға оңай түспеді ана көп ойланды.


ІV. Рефлексия. Ой түйіндеу.

І топ: «Қызыл кітап» тобы

Кілт сөзі: Аяласаң табиғат, Аман болар адамзат

«Аққу - киелі құс»

«Аққуды атуға болмайды»

Дәлелдеме: - Көлдің сәні - аққулар.

- Аққу киесі оңдырмайды.

ІІ топ: «Ару ана» тобы

Кілт сөзі: Ана болса ән басы, Бала оның жалғасы.

«Ананың балаға деген махаббатын дәлелдеу үшін аққуды атуға болады»

Дәлелдеме: - Ана - махаббатымен құдіретті

- Бәрі де адам үшін жаратылған.

-Наным-сенімнен де ана махаббаты құдіретті.


  1. Поэманың тақырыбы

  2. Аққуды атуға болады немесе болмайды

  3. Мақал-мәтелдер

  4. Үкім

Бес жолды өлең (Екі топқа беріледі)

1.Зат есім- Аққу Ана

2. Сын есім-

З. Етістік-

4. Сөйлем-

5. Зат есім-

V. Бекіту:

Композициялық құрылымы:

Әңгіменің басталуы

Дамуы

Байланысуы

Шиеленісуі

Шарықтау шегі

Шешімі

Қорытынды

Қорыту сұрақтары:

  1. Поэманы оқығанда қандай әсер алдыңдар?

  2. Тәуіп дегеніміз кім? (Тәуіп-емші, бақсы)

  3. Кейіпкерлерге мінездеме беру.

Кейіпкерлер

Іс - әрекеті, адами қасиеттері

Ана

Әке

Тәуіп шал

Бақташы қарт

VI. Қорытынды:
- Балалар, адам - табиғат перзенті. Дүниеде екі ана бар.
Бірі - тіршіліктің анасы табиғат анасы, екіншісі адам анасы.Екеуі де мейірімді. Осы екі анаға да қаталдық көрсетуге, жанын жаралауға болмайды.
- Ал біз, адамдар, солай етіп жүрміз бе? Жоқ, керісінше, біз қаталдық пен жауыздықты бірінші соларға көрсетіп жүрген жоқпыз ба?
- Қасиетке оқ атқызған (анаға) қандай күш.
Баласы үшін өлімге де баратын ана қасиетке (аққуға) оқ атты. Ол ана үшін өліммен бірдей еді. Қасиетке оқ ату қасірет болды.

Әттең, бір тұтас дәуір өте шығыпты....Бірақ Мұқағали жырлары кеше жазылғандай: ойлары ескірмес, сезімі еңкеймес, алпыс екі тамыры атқақтаған ыстық қалпында. Ендеше М.Мақатаевтың «Сарыжайлау» әнімен сабағымызды қорытындылаймыз.

VII. Үйге тапсырма:
1. "Жетім көл аққулары» - эссе жазу.
2. Анаға хат жазу.


© 2010-2022