Тест 9 -сынып оқушыларына арналған

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі 9- сынып

1-нұсқа

1. Белгілі бір жерде қолданылатын сөйлеу тілін көрсетіңіз:

А) неологизм В) Кәсіби сөз

С) Көнерген сөз Д) Диалект Е)Табу

2. Жіңішке буынды сөзді табыңыз.

А) Бисаят В) Зағип

С) Өмір Д)Оқушы Е)Орал

3. Күрделі сөзді табыңыз.

А) ҚР В) Миллион

С) Көгілдір Д) Оқу Е)Егіс

4. Әрі жіңішке, әрі ашық дауысты дыбысты табыңыз.

А) О. В) Ө. С)Ы. Д) И Е)Ұ

5. Үнді дауыссыз қатысқан сөзді табыңыз.

А) Қар. В) Аға С) Ара.

Д) Әке Е)Қасық

6. Нақ осы шақтағы сөзді көрсетіңіз.

А) Бармақ болды В) Айтқан.

С) Жатыр. Д) Жазады. Е)Келмек.

7. Орфография нормасына сай емес сөзді көрсетіңіз. А)Шөбере В)Шолпылдау С)Шому Д)Шоқысыу Е)Көреді

8. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны көрсетіңіз.

А)-лек В)-мен С)-быз Д)-ша Е) -да

9.Тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз.

А)Ауылдың адамы В)Жауаптымын С)Адамды құрметтеу Д)Қалаға бару Е)Келеді

10. Сөз арасындағы кейінді ықпалды табыңыз.

А) Ақыл- ой В)Ақ лақ С)Осы кез Д)Теке сақал. Е)Байлады

11. Бейнелеуіш сөзді табыңыз.

А)Шаңқ В)Шиқ С)Бұлтың Д)Гүрс Е)Сарт

12. Есімшенің тәуелденген түрін көрсетіңіз.

A) Барармын, келетінсіз.

B)Оқығаным, берерің. C) Сөйлесті, бармас.

D) Егер, мүмкін . E) Баруым керек.

13. Сан есімнің сөйлемдегі қызметін анықта. Алма - жеті жаста.

А)Бастауыш В)Толықтауыш С)Анықтауыш Д)Пысықтауыш Е)Баяндауыш

14. Сұрау есімдігін көрсетіңіз.

А)Әрқалай В)Қайдағы С)Қырдағы Д)Тегіс Е)Күллі

15. Қандай тыныс белгі жетпей тұр, белгілеңіз. Отыз алтыға бөлінеді.

А)Нүктелі үтір В)Дефис С)Сызықша Д)Үтір Е)Леп белгісі

16 Түркі халықтарының ежелгі жазуын табыңыз. A) Ескі славян. B) Орыс. С) Латын.

D) Араб. Е) Орхон-Енисей.

17. Атаулы сөйлемнің жасалу жолын көрсетіңіз. Долы боран. Түнгі дала.

А)Туынды сөз В)Біріккен сөз С)Сөз тіркесі Д)Күрделі сөз. Е)Фразеологизм

18. Тек, тәйт, жә одағайларының білдіретін мағынасын анықтаңыз.

А)Сүйсіну В) Жекіру. С)Қоштау. Д)Шаттану Е)Қуану

19. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.

А)Әлін білмеген әлек.

В)Мен жалғыз жатып қалдым.

С)Балалар үйде жатыр.

Д)Арманның екі көзі төрт болды..

Е)Балалар даладан жүгіріп келді.

20. Диалект сөзді табыңыз.

А) Қатал В) Кітапхана С) Дас Д) найза Е) несие

21.Себеп бағыныңқы сабақтасты табыңыз.

А) Жатақхананы ол оңай тапқанымен, аңсап келген туыстары құшақ жая қарсы алмады.

В) Зейнетке шыққандықтан, Құрымбай үйде тыным таппайды.

С) Егер жау берілмесе, оны құртар болар.

Д) Ол үйге кіргенде, Арман жинала бастады.

Е) Бұл күнде Құнанбай өлсе де, құнанбайлық өлмепті

22. Іс-қағаздар стилінің ерешелігін табыңыз.

А) Көпшілікті қоғамдағы өтіп жатқан оқиғалардан хабардар етеді.

В) Мәтін жинақы, баяндау ретінде келеді.

С) Экспрессивті сөздер көп болады.

Д) Шығармашылыққа жол беріледі.

Е) Тарихи деректерге құрылады.

23. Ашуланғаны сонша өңінде ызаның ұшқындары шашырап тұр. Сөйлеміне қандай тыныс белгі жетпейді.

А) Үтір В)Қос нүкте С) Сызықша

Е)Леп белгісі Е)Дефис

24.Үгітке қоғам үшін және дәл сол кезеңде зор мәні бар мәселелерді қамтитын стильдің түрі.

А)Ауызекі сөйлеу стилі

В)Ғылыми стиль

С)Публицистикалық стиль

Д)Іс қаңаздар стилі

Е)Көркем әдебиет стилі

25.Ауызекі сөйлеу стилі неше түрге бөлінеді?

А) 1 В) 2 С)3 Д)5 Е)6


1-нұсқаның жауаптары:

10В

11С

12В

13С

14В

15С

16Е

17С

18В

19Д

20С

21В

22В

23С

24С

25С


© 2010-2022