• Преподавателю
  • Другое
  • Сабақтың тақырыбы: Діни әңгімелерді оқыту. «Адам ата», «Сымайыл», «Зәмзәм» әңгімелері бойынша қорытынды сабақ ( 9 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Діни әңгімелерді оқыту. «Адам ата», «Сымайыл», «Зәмзәм» әңгімелері бойынша қорытынды сабақ ( 9 сынып)

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қожағұлова Гүлзипа Нұрқалиқызы

№ 7 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі

Жамбыл облысы Меркі ауданы

5 сынып


  1. Сабақтың тақырыбы: Діни әңгімелерді оқыту. «Адам ата», «Сымайыл», «Зәмзәм» әңгімелері бойынша қорытынды сабақ


  1. Сабақтың мақсаты:

1) Діни әңгімелер бойынша оқушылардың алған білімдерін байқау,саралау.

2)Имандылық туралы ой-өрісін дамыту,өз ойын айтуға,сөйлей білуге,тілдік қорын дамыта білуге үйрету.

3)Діни тәрбие берумен қатар, дінге деген сенімдерін арттыру,тазалыққа,адамгершілікке,иманды болуға тәрбиелеу..


  1. Әдісі: Жинақтау, сұрақ-жауап, зерттеу.

  2. Көрнекіліктер: түрлі-түсті суреттер, дінге байланысты өнегелі сөздер, сөзжұмбақ, кестелер, сызбалар.

  3. Сабақтың түрі: қорытынды сабақ

  4. Ұйымдастыру кезеңі(оқушылармен сәлемдесу,назарларын сабаққа аудару )

  5. Үй тапсырмасын сұрау.Діни әңгімелер бойынша сұрақтар қою,қысқаша мазмұнын сұрау.

Мұғалім: Әйгілі батыр, күллі қазақ атағына, азаматтығына бас иетін атамыз Б.Момышұлы: «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп барады. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам, екіншіден, немерелеріне ертегі айтып беретін әжесінің азаюынан қорқам,үшіншіден, дәстүрді сыйламайтын балалар көбейіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға әзір.Үйреніп жатқан бала жоқ,үйретіп жатқан әже де, әке де жоқ»,-деп, налыған екен ұрпағының болашағы алаңдатып.

Әрбір адам баласы өз басының және ұрпағының өсіп-өнгенін, бәрінің жақсы болғанын қалайды. Халқымызда «құдайдан қорықпағаннан қорық» деген сөз бар. «Баланы-жастан» дейді халық даналығы. Жастайынан өзінің әрбір ісіне, сөзіне жауапкершілікпен қараған иманды адам өз айналасындағы адамдардан осыны талап етеді.

Имандылық - Тіліміздің,Дініміздің, Дініміздің ұраны; жоғалтқанын қайта тапқан ел рухы. Бұл жөнінде Елбасы Н.Назарбаев «Саясат күнде өзгереді, ал дін - мәңгілік» деген сөзі дәлел.

Дүниеде адамдардың көбі бір Аллаға табынады. Одан қорқады, сыйынады. Осы сенім адам баласына көмектеседі.

«Алтын сөз» Макенов Нұрбол

Сәулелі сөз сөне ме?

Орны бөлек батаның.

Бізге тәлім, өнеге

Ақ тілеуі атаның.

Мән беріп, деп қойғанда,

Терең ойға батасың.

Шілдехана, тойларда

Береді атам батасын.

Әр сөзінің ақырын

Жақсылыққа тірейді,

Қадап айтып ақылын

Көпке бақыт тілейді.

Кім сүймейді атасын,

Асқар таудай көрінген.

Маған айтқан батасын

Жаттап алған едім мен.

Жүйрік тілді ақын бол,

Жақсыларға жақын бол!

Достарыңмен тату бол,

Дұшпаныңа қату бол!

Ұсақ болма, ірі бол,

Өз ортаңның гүлі бол,

Ата-анаңның көзі бол,

Сөнбейтұғын нұры бол!

Кім болсаңда, әйтеуір,

Адамзаттың бірі бол,

Туған елдің ұлы бол!

Ойға тоқы, парқын сез,

Ата сөзі - алтын сөз.

Аумин!

3 қатардан «Адамата», «Сымайыл», «Зәмзәм» , «Құран кәрім» әңгімелерін сұрау.

Әңгіме түйіні: Адам баласының алдында дұрыс жол мен теріс соқпақ, иман мен сатқындық, жеңіс пен жеңіліс тұрғанын айтыпты. Егер Адамата мен Алла меңзеген жолмен жүрсе, Алла ол адамды қолдайтындығын білдіріпті.

Мінездеме, топтастыру.

1-топ : Ибрахимге (діндар, Алланың құлы, Сымайылдың әкесі,Сараның күйеуі.)

2-топ: Сараға (Ибрахимнің әйелі, көре алмайды, қызғаншақ, қатыгез, ұрпағы жоқ)

3-топ: Ажарға (күң, Смайылдың анасы, қайратты, мейірімді, бақытына жетті)

Сұрақ - жауап. Сергіту сәті.

  1. Адаматаның шын аты. (Сапиолла)

  2. Періштелер неліктен Аллаға наразы болды?

  3. Алла оларды қандай дәлелмен тоқтатты?

  4. Құран сүресі қанша? (114 сүре, 6666 аят)

  5. Аспаннан Алла түсірген кітаптар (Тәурат, Зәбүр, Інжіл, Құран)

  6. Алла елшісі, соңғы пайғамбар (Мұхаммед ғ.с)

  7. Ол қайда жерленген?

  8. Қари деген кім? ( Құранды 7 әуенмен жатқа айтатын адам)

  9. Хафиз деген кім? (Құранды жаттап, есіне сақтаған адам)

  10. Сахаба (ислам дініне үлес қосқан Алланың серіктері)

  11. Алла ұғымы (бүкіл әлемді жаратушы)

  12. Уаһи (хабар)

  13. Құран дегеніміз не? (ислам дінінің негізгі ережелері, уағыздар жазылған кітап)

  14. Құран оқу - сүрелер мен аяттарды дауыстап оқу, жатқа айту.

  15. Абай қай шығармаларында имандылық туралы айтылады? (31, 28, 38 қара сөздері)

  16. Құран түсіру (аруақтарға бағыныштап құран оқу)

  17. Құран уағыздаушы кім? (пайғамбар)

  18. Діни мерекелер (Ораза, Құрбан айт)

  19. Ораза, Рамазан айы туралы не білесің?

  20. Діни мерекелерде айтылатын өлең түрі.(Жарапазан)

  21. Ы.Алтынсариннің Алла атымен басталатын өлеңі.

Көрініс. Атаның сөзі - ақылдың көзі.

1-топ. «Өмірде не жетім?»

  • Өмірде не жетім?

  • Ата-анасы жоқ бала жетім.

  • Дұрыс, балам. Өмірде ата-анасы жоқ болса, бала жетім.

Сонымен, өмірде тоғыз жетім бар.

  1. Халқына сенімсіз болса - хан жетім.

  2. Ханы ақылсыз болса - халқы жетім.

  3. Кеңесшісі ақылсыз болса - әкім жетім.

  4. Суы жоқ - құдық жетім.

  5. Ұлы жоқ - әке жетім.

  6. Қызы жетесіз болса - ана жетім.

  7. Досы жоқ - жігіт жетім.

  8. Шәкіртсіз ұстаз жетім.

Өмірде жетім болсаң есірме. Ақылды жетім кеңесуге құмар, ақылсыз жетім егесуге құмар. Егескен ел болмайды.

2-топ. «Шындықты не бұзады?»

  • Шындықты не бұзады,-депті қарт

  • Шындықты тіл бұзады.

  • Дұрыс, шындықты тіл бұзса, өкініші көбейеді, не өсек көбейеді. Шындықты білу қиын, айтылған сөзді тоқтату қиын. Адал адам шындыққа ие болса, ақылы артады. Ақымақ адам шындықты білсе, өсек қылады.Өсек ерді бұзады. Өсекті көп айтқан шындықты білмейді, шындықты білген өсекшіге ере бермейді. Өмірде шындықты өсек бұзады.

3-топ.

«Достықты нығайтатын не?»

  • Достықты нығайтатын не?

  • Ата, достық пен жолдастықты ынтымақ, бірлік, теңдік, туыстық, бауырмалдық нығайтады.

  • Дұрыс, сенің айтқаның,ынтымақ,бірлік достық пен жолдастықты дамытады. Есіңде болсын, шын достық ақылдыға тән екенін ұмытпа. Өмірде дос болуды ойласаң, «Сәлеметсіз бе, кешіріңіз, рахмет, сау болыңыз, сәлем айтыңыз, рұқсат па» дегенді үйрен. Сәлемдесуді білген кешіре біледі, кешіре білген рақмет те айта біледі. Жөн сөз, көңілді өсіреді, жөнсіз сөз өміріңді өшіреді,- депті қарт.

Сөзжұмбақ «Құран»

  1. Киелі, атуға болмайтын құс. (аққу)

  2. Қасиетті жеміс атауы. (құрма)

  3. Ең қасиетті ай. (ораза)

  4. Мұсылманның бес парызының бірі. (намаз)

  5. Ең қадірлі жан. (ана)

Кесте.

Нені білдік? Нені үйрендік? Нені білгім, үйренгім келеді?

Зерттеу жұмыстары, іздену

«Адамата мен Хауа ана ұрпақтары».

«Ислам шариғатының өкілдері». (ойтолғау)

Алла тағаланың 100 әмірі мен тыйымы

Сабақты бекіту.

Сабақты қорыту. «Ақыл-шырақ, қара түнді ашатын, білім-жарық, нұрын саған шашатын». Ж.Баласағұн

Үйге тапсырма. «Дінімізге адал болайық» (шығарма)

Діни мақал-мәтелдер,нақылдар жазу.

Білімдерін бағалау.


© 2010-2022