Ежелгі дәуір әдебиеті (9 класс)

Сабақтың мақсаты :Білімділік: Ежелгі дәуір әдебиеті туралы түсінік бере отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;Дамытушылық: мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін дамыту;Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу;Сабақтың түрі : аралас сабақСабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық ізденуСабақтың көрнекілігі : кітаптар, қосымша материалдарПәнаралық байланыс : тарихСабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі :...
Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы : Ежелгі дәуір әдебиеті.

Сабақтың мақсаты :

Білімділік: Ежелгі дәуір әдебиеті туралы түсінік бере отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

Дамытушылық: мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін дамыту;

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, қосымша материалдар

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Біздің заманымызға дейінгі жазу сызулар мен аңыз жырлар.

Ұлан-байтақ қазақ жері - ең кемінде 3-5 мың жылдық тарихы бар көне мәдениет өлкесінің бірі. Қазақтардың арғы ата тегі - біздің жыл санауымызға дейін-ақ Қазақстанның қазіргі аумағында өмір сүрген сақ, ғүн, үйсіндер. Заманымыздың V ғасырынан былай "түрік", "түркілер" атанған.

Сақтар біздің заманымыздан бүрын Монғолия мен Дунай арасын мекендеген. "Сақ" сөзі қазакқ тілінде күні бүгінге дейін сақталған. Мысалы: сақа (асық), сақпан, сақшы, қып-сақ (қыпшақ), т.б. Көшпелі сақтар жайын-дағы деректер көне грек тарихшысы Геродоттың "Тарих" кітабында, қытай шежірелерінде жазылып қалған.

Сақтардың 26 әріптен тұратын жазуы болған. Есік қаласының маңынан табылған Алтын Бекзаданың жанындағы күміс тостағанда: "Аға, саған бүл ошақ! Ошағынан безгендер, тізеңді бүк! Халықта азық-түлік мол болғай!" - деген жазу бар. Алтын Бекзаданың біздің заманымызға дейінгі VII-V ғасырларда өмір сүргендігі анықталып отыр. Сақтар көне түркі тілінде сөйлеген. Күміс тостағандағы жазу мен біздің заманы-мыздағы VIII ғасырда жазылған Орхон жазулары бірдей.

Сақ, ғүн дәуірлерінен келіп жеткен Тарғытай, Алып-Ер Түңға, Тұмар патшайым, Ширақ батыр, Зарина, Мөде батыр жайындағы аңыз-жырлар бар.

Біздің заманымызға дейінгі көне түркі дәуірінің мәдени, әдеби ескерткіш-терін сөз етуден бұрын, қазақ халқын құрған тайпалық бірлестіктердің тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік өмірі жайында білгеніміз жөн.

Орта Азия мен қазіргі Қазақстанның кең-байтақ даласында сақ, ғұн, үйсін-дер өмір сүрген. Олар алғашқы қауымдық құрылыс тұсында аңшылық, егіншілік және мал шаруашылығымен айналысқан. Бұны сақтардың бұғы, арқар, арыстан, самұрық суреттерін салып және олардың бейнесін алтыннан құйып жасағандығынан байқаймыз. Заманымыздың Ү ғасырына дейін оларды «түрік», «түркілер» деп атаған. Олар көне түркі тілінде сөйлеген.

Түркі қағанаты тұсында түркі тілінің өрісі кеңейіп, ұлан-ғайыр өлкедегі негізгі тілге айналды. Олардың таңбәлары ру символдарына ұқсас болып келді. Кене түркі жазуы бертін келе тіл тарихында «Рунә» жәзуы деп аталып кетті. «Рунь» деген сөз «құпия», яғни «сыры ашылмаған» деген ұғымды білдіреді.

Міне, осы руна жазуындағы ескерткіштер тілі ҮІ - X ғасырлардағы оғыз, ұйғыр, қырғыз, қимақ, қыпшақ т.б. түркі тайпалардың бәріне бірдей ортақ жәзбаша әдеби тілі болды.

Сақ, ғұн дәуірінен келіп жеткен Алып - Ер Тұңға, Тұмар патшайым; Ширақ батыр, Мөде батыр жайында аңыз-әңгімелер бар

Кітаппен жұмыс: Кітаптан ежелгі дәуір әдебиеті туралы оқып түсініктерін айтады.

Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Ежелгі дәуір әдебиеті туралы оқып келу



© 2010-2022