Сценарий Тіл-достық құралы

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін:

Мектеп директоры: Түркпеналина Б








ТІЛ- ДОСТЫҚ ҚҰРАЛЫ



Сценарий Тіл- достық құралы

Звучит музыка, домбра.

1 ведущий

Армысыздар, кұрметті ұстаздар және оқушылар.
Бүгінгі мерекеге қош келіпсіздер.

2 ведущий

Здравствуйте, уважаемые учителя, учащиеся. Здравствуйте, вес, те кто пришел на наш праздник. Мы рады приветствоать вас в нашем уютном зале.

Праздник, посвященный Дню языков народов Казахстана разрешите считать открытым.

3 ведущий

Good afternoon dear guests teachers and pupils
Good afternoon everybody who has come to our party.
We are very glad to see you here.
Today is the day of languages. Let,sstart.

1-жүрізуші: Әнұраным көкейде жатталады,
Сонымен бейбіт күнім басталады.
Шәмші атамның шығарған асқақ әні,
Әркімнің жүрегінде сақталады
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.

Гимн орындалады.

1ведущий

Баршаңызды бүгінгі Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

3 ведущий Today we have the guests. We hope that it will be interesting for you.

2 ведущий Мы поздравляем всех с Днем языков народов Казахстана. И надеемся, что вам будет интересно провести это время с нами. А для начала предоставим слово нашему уважаемому директору Түркпеналиной Ботагөз апай.

Спросите где это, и я вам отвечу!
Краткой, но убедительной речью:

3 жүргізуші бірге

"Осы маған ұлы Отан,
Қасиеттi жер Қазақстан!"
3 жүргізуші: 11 а кл. оқушысы Марсов Олжастың орындауында «Егеменді Қазақстан» әнімен қарсы алыңыздар

1 ведущий

22 қырқүйек күні елімізде тілдер мерекесі аталып өтеді. 1998 жылы 20 қаңтарда елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Республика халықтарының ұлттық байлығы -Тілді қорғау мақсатымен 22 қыркүйекті «Қазақстан халықтарының тілдері күні» деп жариялаған еді.

2 ведущий

Ежегодно, 22 сентября вся наша страна отмечает этот день как день языков народов Казахстана. Наш Президент Нурсултан Назарбаев поставил перед нами задачу: говорить на 3х языках: казахском, русском и английском, не забывая при этом и своего родного. Это прекрасно, ведь знание языков - это наше богатство!

3 ведущий

Every day, on the twenty first of September our country celebrates the day of languages! All of us must speak 3 languages: Kazakh, Russian and English, because the knowing of languages is our treasure!

1- жүрізуші: Елді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бірімен - бірі туысқан.
Қол ұстасқан ел жатыр
Қырғыз, қазақ, Өзбектер
Армян, татар, ұйғырлар.
Орыс пенен Украин
Терезесі тең жатыр,
Алатау Кавказ ұласып
Баурайы бұйрат кең жатыр.
Бақыттың әні асқақтап
Құлаққа даусы кеп жатыр - деп өлең жолдарында айтылғандай Қазақстан барлық мемлекеттермен тату - тәтті, достық қарым - қатынаста.


Алдарыңызда 6 а класс оқушылары татар билерімен қарсы алыңыздар!

1- жүрізуші: Құтты болсын мерекесі тілімнің,
Асқақтасын көк байрағы елімнің.
Ана тілін құрмет тұтқан жас өрен,
Алдарыңа келді міне достарым!
8 б -класс оқушылары орыс тілінде тақпақтарын ұсынады.

1 ведущий: Тілден биік асқар жоқ,
Тілден асқан байлық жоқ,
Тілден терең теңіз жоқ.
Қазақ тілін зерттеушілердін барлығыда бірауыздан бұл тілді ең бай, ең таза түркі тілдерін бірі деп таниды.

Көрініс. «Асыл мұра» сомдайтындар 8-9 сынып оқушылары.

Сахна сыртында Махамбет:

Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

Ерлердің ісі бітер ме. . .

(Батыр отырған баланың қасына келеді. Бала әдеппен иіліп сәлем береді).

Бала Құрманғазы: Армысыз аға?

Махамбет батыр: Қай ұлансың, қарағым?

Бала Құрманғазы: Мен, Қызылқұрт Сағырбайдың баласы Құрманғазымын.

Махамбет батыр: Көзіңде өшпес жалын бар, болғалы тұрған ұлмын де, иә!

Қабырғасын сөксе де қайыспас қайсар нар болатын түрің бар ұлым!

Бала Құрманғазы: Өзіңіз кім боласыз аға ?

Махамбет батыр: Мен де, ұлан, мен болам,

Ағатай -беріш ел болам,

Исатайдың серігі,

Ел жұртым деп жанымды

Шүберекке түйген ер болам

Халық жауы хандардың,

Қарны жуан билердің

Басын кессе-дер болам, , ,

Жайықты малға толтырып

Халыққа теңдік әперсем-

деп, арманға қол созған,

Махамбет батыр мен болам!

Бала Құрманғазы : Ақын аға Махамбет, мені өзіңмен ала кет,

Батыр: Жоқ қарағым, ертерек, қабырғаң әлі қатпаған, томағаң әлі толмаған. Әзірге жассың, ертерек! Мынау не қарағым?

Бала Құрманғазы: Домбыра жасап алмақпын, ел кегін егіз шектен еңіретіп төгетін.

Батыр: Мақұл, балам, әзірге қош. (батыр кетеді, бала Құрманғазының орнына шал Құрманғазы келіп отырады. Жәймен күй ойнап тұрады. )

Қария Құрманғазы: Айналайын, қыз да болсаң мұрамды ұстарлық болып туыпсың. Көп жаса , қызым, көп жаса!

Жан шошыр бастан өтті талай майдан,

Шыққан жоқ атқан оғым терең сайдан.

Екпінді кек күш беретін,

Ұл туар дәл өзімдей ана қайдан.

Бұл тартқаның қандай күй?

Дина қыз: Бұл күйді «Көбік шашқан» деп атайық, ата.

Құрманғазы: Тауып айттың, қарағым. Күйдің аты «Көбік шашқан» Атың кім шырағым.

Дина қыз: Атым Дина,

Құрманғазы: Мерейлі бол, Динажан, мен кек күйшісі, Құрманғазымын. Тәрбиешім-Махамбет ақын-Исатай ердің серігі. Мұрамды саған тапсырдым, халыққа жеткіз күйімді.

(домбырасын Динаға ұсынады)

Дина қыз: Егер де маған, атажан, шынымен сеніп берсеңіз, кек ұрандас күйіңізді халыққа ойнап беруге жас жүректен ант етемін( тізерлеп отырып домбыраны сүйеді).

1-жүргізуші:Міне күй атасы Құрманғазы мен Динаның кездесуі жөнінде ел осылай аңыз етеді. Дина апа осы антын адал орындады. Ол күй атасы Құрманғазыдан алған асыл мұрасын алтындай сақтап, қазынасына табыс етті.

3 ведущий: Each people must know their language, culture and traditions.

2 ведущий. Казахстан - многонациональное государство. В нашей стране проживает более 130 наций и народностей и все живут дружно, одной сплоченной семьей и зовутся казахстанцы.

3 ведущий. Kazakhstan is our common home. Besides Kazakh and Russian people, there are 2 thousand representatives of about 130 peoples in Kazakhstan.

А сейчас учащаяся 8 а кл. Мақсатова Томирис выступит с азербайджанской песней. Встречайте.

2 ведущий: Язык - это, прежде всего слово, оно придает уникальность айтысом, русским былинам и сказкам. Отнимите слово, и душа народа потеряет свою первозданность и красоту.

1- жүрізуші: - Біз келер ұрпаққа Отан, халық, тіл деген сөздерді жиі айтып тәрбиелесек,сонда әркім туған жердің қадірін түсініп,"Мәңгілік ел- Қазақстанымыздың" болашағы жарқын, ертеңіміз гүлді болмақ.

8 б класс оқушыларының ағылшын тілінде тақпақтарын қабыл алыңыздар

1 ведущий: Ана тілінің тағдыры туралы жырлап өткен ақындар аз емес. Солардың ішінде ақиық ақын Т. Молдағалиев былай деген
Туған тілім-тірлігімнің айғағы,
Тілім барда ашылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін.
Өшссе тілім, мен де бірге өшемін.

2 ведущий :5 б кл.оқушылары орыс биімен қарсы алыңыздар

Абай писал: «Человек, изучивший культуру и язык иного народа, становится с ним равноправным» и действительно, его слова нашли подтверждение в жизни. Сегодня независимо от национальной принадлежности и русские и казахи, люди других национальностей, проживающие в нашей стране обладают равными правами: правом голоса, правом выбора, правом на труд, медицинское обслуживание, правом на защиту.

3 ведущий

Knowing of languages is very important for us.
We must know three languages. These are Kazakh, Russian and English.

2 ведущий

Знание языков необходим как воздух и вода. Изучение языков требует серьезного и ответственного отношения. Для дальнейшего процветания и развития нашего государства знание трех языков казахского, русского и английского обязательно.

1 ведущий

Кұрметті қонақтар сіздерді Тіл мерекесімен тағы-да құттықтай отырып, еңбектеріңіздің жемісін көріп, бақытты өмір сүрулеріңізге шын жүректен ниетімізді білдіреміз. Келесі жүздескенше күн нұрлы болсын.

2 ведущий

Мы еще раз поздравляем всех с Днем языков народов Казахстана. Желание одно породило нас давно, чтобы в мире мирно жили, чтобы с детства все дружили, чтобы братьями росли, дети матери - Земли.

Песня «Әрқашан күн сөнбесін»

Сценарий Тіл- достық құралыСценарий Тіл- достық құралы



Сценарий Тіл- достық құралыСценарий Тіл- достық құралы

© 2010-2022