Сайыс сабақ жоспары (5 сынып)

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім және ғылым министрлігі

Солтүстік Қазақстан облысы

Петропавл қаласы

М.Айтхожин атындағы № 1 орта мектеп


«БІРЛІК, ЫНТЫМАҚ, ДОСТЫҚ ҮШІН»



Тілдер күніне арналған шара

Мұғалім: Хасенова Ә.Қ


2016 ж


  1. Сабақтың мақсаты: Ойын барысында өткен маиериалдарды бекіту.

  2. Дамытушылық: Ойлау қабілетін арттыру.

  3. Тәрбиелік: коллективизмге баулу, қазақ тіліне деген ынтасын арттыру.

Төрешілер алқасы 3 адамнан (мұғалім, оқушылар) сайланады.

Екі топ екі жақта отырады. Әрбір топтың «жанкүйерлері» болады.

Сабақтың көрнекілігі: плакат, сөзжұмбақтар, карточкалар

Сабақтың түрі: сайыс- сабақ.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың эпиграфы: «Тіл- халық аманаты,

Тіл- тарих аманаты»

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

  • Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз «Ойшылдар» мен «Тапқырлар» тобының қазақ тілінен білімін, өнерін тамашалаймыз (топ мүшелерінің өзін таныстыруы). Балалар, сендерге сәттілік тілейміз.

  1. Сәлемдесу.

«Тапқырлар».

Гүлденіп жалын атқан бүгін дала,

Даңқымен талай жылдар мен де келем.

Бүгінгі достық туын тіккен дара,

«Ойшылдарға» «Тапқырлардан» мың бір сәлем!

«Ойшылдар»:

Достармыз бірге жүрген біз талайдан,

Қазақ тілде кездестік бір орайдан.

Сәлеміңді «Тапқырлар», қабыл алдық

Біз де жауап береміз «Ойшылдардан»

Топ басшылары:

Аққуды қалар көліміз,

Аспаеға ұщар серіміз

Білгіңіз келсе біздерді

Қонақта болып көріңіз.

Ежелден асқан серіміз,

Білгіңіз келсе біздерді

Кәнекей, тыңдап көріңіз.

Екі топ бірге: «Кузнечик әнімен»:

Кел, балалар, ойнайық

Ойнайық та ойлайық

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық!

Ал, кәнекей, тыңдайық,

Асығыстық қылмайық.

Асықпайық дүкенге

Бөгеліп те қалмайық!


  1. «Сен маған, мен саған»

Топ мүшелері бір- біріне дайындаған сұрақтарын қояды.

  1. Сөзжұмбақ шешу.

Екі топқа екі ара тапсырма беріледі. (тақтада)

  1. Кім көп сөз құрастырады?

Нағашы, қарындас, Қазақстан, қарлығаш, Тәуелсіздік

  1. Қонақпен танысу.

Екі топтан 2 бала кезек шығып, қонақпен танысады, яғни сұрақ қояды: Жауап бермесе өзі айтуы керек.

  1. Сөйлем құрастырыңдар:

Капитан конверт алады. Конверттерде сөздер жиынтығы берілген, сол сөздерден сөйлемдер құрау керек.

  1. «Мәселені шешу» ойыны.

Екі топ та ойнайды. Біріне- бірі «көмек» беруі керек, сол арқылы өз мәселесін шешеді, яғни, өзіне берілген «мәселені» көмек арқылы табуы керек.

  1. «Менің сабағым нашар»

  2. «Мен досымды ренжіттім»

  1. Қатесін тап.

Тақтаға екі сөйлем жазылады. Балалар сөйлемнің қатесін табуы керек.

  1. Топ басшыларының сайысы.

  1. С әрпінен басталатын тамақ аттарын ата.

  2. Б. әрпінен басталатын тамақ аттарын ата.


  1. Жұмбақ шешу.

  2. Бір- біріне жұмбақ жасырады. (5-6 жұмбақ)

12. үй тапсырмасы.

Үйде дайындаған көріністерін қояды.

13. Карточкамен жұмыс:

«Менің отбасым», «менің досым» тақырыптары бойынша әңгіме құрастыру.

14. Қорытындылау.

Қазылар алқасы сайысты қорытындылайды.


© 2010-2022