Сен де бір кірпіш дүниеге 8сынып

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сен де бір кірпіш дүниеге 8сынып

Сен де бір кірпіш дүниеге 8сынып

Сен де бір кірпіш дүниеге 8сынып

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Сабақ:1 МектепЕ.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебі Мерзімі:

Мұғалім Маликова Талшын Маликовна

Сынып 8 Оқушылар саны:

Тақырып «Сен де бір кірпіш дүниеге....»

Құндылық дұрыс әрекет

Қасиеттер: ұқыптылық, жауапкершілік,әділеттілік

Мақсаты: Оқушыларға әр адамның өз өмірінің мәнін түсінік бере отырып,дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері

Оқушыларды ұқыптылықтың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;

Оқушылардың бойындағы жауапкершілік қасиеттерін дамыту.

  1. Оқушыларды әділеттілікке тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу.

Тыныштық сәті. Орманға ойша серуен.

(Ескерту: егер бұл сабақ ашық алаңда өткізілсе, онда серуенді сыныпта емес, бақтағы бір орыннан бастау керек).

Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайыннеғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

Ескерту

Әдістемелік нұсқаулық























Дәйексөз

Асылы, адам - өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп, өрнектеуге еңбек етеді.

Ғабит Мүсірепов

Асылы, адам - өз өмірінің суретшісі дегенді қалай түсінесің?

Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп, өрнектеуге еңбек етеді дегенді қалай түсінесің?

Бұл мақалдан қандай ой түйдің?

Интернет сайтынан

Мүсірепов, Ғабит Махмұтұлы (22 наурыз 1902 - 31 желтоқсан 1985) - қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері.

Оқиғаларды әңгімелеу. Мұғалім сыйы.

Адам өмірі

Дүние түгел жаралып болғаннан кейін, жер бетін алғаш мекендеушілерге өмір сүру мерзімі үлестіріле бастапты. Бұл хабарды естіген адам өмір сүру мерзімі үлестірілетін жерге басқалардан бұрынырақ барған екен, өмір сүру үлесін үлестірушілер:

- Адам, - депті, мән-жайды түсіндіріп, - жер бетін мекендеушілердің ішінде сенің сипатың бөлекше, бәрінен артықсың. Сен сөйлей аласың, төрт мүшең түгел өз қажетіңе жұмыс істейді, ойлай да аласың, ақылың да мол. Басқа жануарлардың бәрі сенен көш төмен, олардың бәрі сенің мұқтажыңды өтейді. Кейбіреуі ашсаң, алақаныңда, жұмсаң, жұдырығыңда болады. Бәріне сенің үкімің жүреді. Сай-сала мен қыр-қыраттағы жеміс-жидек, ағаштың мәуесі, телегей теңіз, арынды өзен, шалқар көл, асқар таулар - бәрін сен өзіңнің қажетіңе жаратасың. Сөйтіп, қам-қайғысыз өмір кешесің. Сондықтан жер бетіндегі қызықты сенен көп көретін ешкім жоқ. Осыны ескеріп, саған отыз жыл өмір береміз.

Адам бұған разы болмай, бір шетке бұрылып кетеді де өзіне-өзі: «Егер мен жер бетінің қожасы болсам, маған әлемдегі ең әдемі сипат тиісті болса, тек отыз-ақ жыл өмір сүргеннің не қызығы бар?» - деп, ойланып тұрады да өмір сүру мерзімін алып жатқан жан-жануарларға қызыға қарап тұрады.

Бір мезгілде кезек есекке келеді. Өмір сүрудің үлесін үлестірушілер:

- Сен тіршілігіңде көп жазаланып, ауыр азап шегесің, - депті, алдағы көрер күнін баяндап. - Өмір бойы ауыр жүк тасисың, қалжырап шаршап, болдырып жүресің. Сонда орныңнан тұра алмай жатсаң да үстіңе таяқ жауады. Тыныштығың аз болады. Жейтін жемге жарымайсың, саған арнап шөп әзірленбейді, тіміскіленіп жүріп тапқаныңды талғажау етесің. Сондықтан саған елу жыл өмір сүру үлесін береміз.

Мұны естіген соң, есек шөге түсіп, тізерлей отыра қалып:

- Аяңыздар мен байғұсты, - деп жалбарынып, зар еңірейді. - Егер мен бұл дүниеде соншама азап шегіп, сансырап жүретін болсам, оны қайтем? Маған берілген өмірдің мерзімін азайтсаңыздар екен. Менің үлесіме бөлінген сол өмірдің жиырма жылын алып қалыңыздар. Қалғаны да жетеді. Өмір сүрді деген аты болсын.

Сол кезде мұны естіп тұрған адам өмір сүру үлесін үлестіріп тұрғандарға жетіп барып:

- Есектің алғысы келмей тұрған жиырма жылын маған, менің өмір сүру мерзіміме қосуларыңызға бола ма? - деп сұрапты.

- Болады, ала ғой, - депті өмір үлестірушілер.

Одан кейін кезек итке келіпті. Өмір үлесін үлестірушілер оған да алдағы болатын ісін баяндап беріпті:

- Сенің негізгі жұмысың - үй күзету, мал-мүліктерді қарауылдау. Бөтен біреу көрінсе үріп, жан-жағыңа хабар таратасың. Өзің жазда үйдің көлеңкесінде, қыста шөп ығында жатасың. Қалған-құтқан ас ішіп, сүйек кеміресің. Сенің өмір сүру мерзімің қырық жыл болсын.

Мұны естіген ит жерге бас ұрып, зарлана арыз айтыпты:

- Егер мен бұл дүниеде соншама қорлық көріп, үй-баранды, мал-мүлікті күзетіп, сүйек-саяқ кеміріп күнелтетін болсам, маған ондай өмірдің қызығы жоқ. Менің жасымнан жиырма жылды алып қалыңыздар!

Сол уақытта адам қайтадан жүгіріп келіп:

- Иттің алмай қойған жиырма жылын менің жасыма қосыңыздар! - деп өтініпті. Бұл тілегі де орындалыпты.

Ең соңында кезек маймылға келіпті. Оның да болашақ өміріне шолу жасалыпты.

- Сенің сыртқы кейпің адамға ұқсайды. Бірақ өмір бойы балаға ұқсап ақымақ, ұшқалақ, шалағай боласың. Балалардың ермегіне айналасың. Үлкен кісілер де ойыншық қылып, тәлкек етеді. Сондықтан саған алпыс жыл өмір сүру үлесін береміз, - депті өмір үлестірушілер маймылға.

Мұны естігенде маймыл отыра қалып, еңіреп қоя беріпті:

- Егер сыртқы кейпім адамға ұқсағанымен, өзім өмір бойы ақымақ болып өтсем, балалардың ермегіне, үлкендердің ойыншығына айналсам, оның не қадірі бар. Қорлықпен өтем ғой. Менің өмір сүру үлесімді отыз жылға қысқартсаңыздар тәуір болар еді...

Маймылдың зарын естіп тұрған адам тағы да жетіп келеді:

- Мына маймылдың алғысы келмей тұрған отыз жылын менің жасыма қосып, маған беріңіздер! - деп сұрапты. Ерінбей, жалықпай өмір сүруге құмартып жүрген адамға қалауы беріледі, бұл жолы да тілегі орындалыпты.

Содан соң барлық жан-жануарлар алдағы уақытта не істейтіндерін, қалай күн көретіндерін біліп, өздеріне бөлінген өмір сүру мерзімдерін алып, бет-бетімен тарап кетіпті.

Бірталай жылға ие болған адам да қуанышпен қайтыпты.

Содан адам әуелден өзіне бөлінген отыз жылдық өмірінің ішінде қызықты да көңілді дәурен сүріпті, ешбір уайым-мұңсыз қылшылдаған жігіт болып тұрыпты. Одан кейінгі отыз бен елу жасының аралығында жұмыс істеп жан бағу үшін талай-талай қиыншылықтарды бастан кешіріпті. Көп ауыртпалық көріпті. Тіршілігі үшін әр алуан шаруамен айналысып, қатты қиналыпты. Сөйтсе, бұл қиналған мерзімі есектен алған жиырма жылы екен. Одан кейін адам елу мен жетпіс жастың арасында үйінен ұзап ешқайда шықпай, аулына айналшықтап, үй ішіндегі көр-жерді күйіттеп, қыбырлай беріпті. Не болса, соған ренжіп, әркімге тиісіп, істеген ісіне, қылған қылығына алара қарайтын болыпты. Шекесі тырысып, кім болса, соған айқайлап, жанжалдасудан тайынбапты. Күнделікті кіржіңі көбейіпті. Сөйтсе, бұл мерзім адамның иттен алған жасы екен. Жетпістен асқан соң, адам жеңілтек мінез тауыпты. Бала тәрізді ойынпаз болып кетіпті. Бұл уақытта белі бүкірейіп, кішкене балалармен ойнап, солардың ырқына көніпті. Бала қылықтарын ермек етіп, балаша сөйлеп жүріпті. Оның қылығына басқалар күлетін болыпты. Кейбір үлкен кісілер күлу үшін сөйлетеді екен. Осылайша адам өзінен кішілердің әзіліне айналыпты. Сөйтсе, бұл адамның маймылдан алған жасы екен. Осылайша адам тек өз үлесіне тиген өмір сүру мерзімінде ғана айбатты, айбарлы болыпты. Ал қалған жасында үлестерін сұрап алған жануарлардың мінез-құлықтары байқалып қалады екен.

Сұрақтар:

Өмір дегеніміз не?

Адам өмірі дегеніміз не?




Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

Оқушыларға адамның ойлаған ойы мен алдына қойған мақсатына жету жолы туралы онда кездесетін қиындықтарды жеңу жолдарын түсіндіру мақсатында

«Жасырын хат, ойлан тап!»

Ерте-ерте-ертеде . . . әлі адамдардар әріп танымаған уақытта да, олар бір-біріне хат жазған екен. Қалайша? Олар сурет салуды біліпті. Бүгін біз соны үйренеміз. Өз қарсыластарыңызға сурет арқылы қысқаша ғана ойларыңызды жеткізіңіздер. Әр бір топқа белгілі бір сөйлемдер беріледі:

«Бүгін маған сағат кешкі 6-да телефон соқшы» - 1-ші топқа арналған хат;

«Бүгін сабақтан кейін футбол ойнауға барайық» - 2-ші топқа арналған хат;

«Жексенбі күні сағат 15.00-де менің туған күніме кел» - 3-ші топқа арналған хат.

Оқушылар өздеріне берілген тапсырманы ватманға сурет арқылы салып, өзара алмасады. Келесі топтың оқушылары, суретте берілген сөздерді анықтаулары қажет.

Ватман, түрлі түсті қалам

Топпен ән айту

Сакен Майгазиев,Меломен - Өмір

Сол адал шағымның,
Балауса күнін сағындым бәрін.
Сол күндермен мұңсыз,
Қоштасып үнсіз, қолым бұлғадым.
Сол менің мұңлы әнім,
Менің жырларым, менің жылдарым.

Қайырмасы:
Өмір, өмір заңы қатал,
Күнің батып, таңың атар,
Сен біреуді ұнатарсың,
Сені біреу тағы ұнатар.
Өмір, өмір - ақ пен қара,
Өмір, өмір - бақ пен нала.
Өмір деген қуаныш пен
Өкінішті сәттер ғана…

Мен ашып құшақты,
Бақытты шақты қарсы алар ма екем?
Сол арманға жетіп,
Таңдарға жетіп тамсанар ма екем?
Сол аңсаған мекен,
Жетуге саған қанша қалды екен?

Интернет желісі

Үй тапсырмасы

Өмір өнегелері О.Асқар жаттау

8 сыныптың

Өзін-өзі тану оқулығы

Сабақтың соңғы тыныштық сәті.

Балалар тыныштық күйінде бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жүректеріне түйіп алады.

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Сабақ:2 МектепЕ.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебі Мерзімі:

Мұғалім Маликова Талшын Маликовна

Сынып 8 Оқушылар саны:

Тақырып «Сен де бір кірпіш дүниеге....»

Құндылық дұрыс әрекет

Қасиеттер: ұқыптылық, жауапкершілік,әділеттілік

Мақсаты: Оқушыларға әр адамның өз өмірінің мәнін түсінік бере отырып,дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері

Оқушыларды ұқыптылықтың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;

Оқушылардың бойындағы жауапкершілік қасиеттерін дамыту.

  1. Оқушыларды әділеттілікке тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу.

Тыныштық сәті. Орманға ойша серуен.

(Ескерту: егер бұл сабақ ашық алаңда өткізілсе, онда серуенді сыныпта емес, бақтағы бір орыннан бастау керек).

Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайыннеғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

Үй тапсырмасын тексеру.

Өмір өнегелері О.Асқар жаттау

Ескерту

Әдістемелік нұсқаулық

























8 сыныптың «Өзін-өзі тану» оқулығы

Дәйексөз

Өзіңді танығың келсе, адамдарға, олардың ісіне қара.

Фридрих Шиллер

1.Өзіңді танығың келсе ісіне қара дегенді қалай түсінесің?

2.Өзіңді танығың келсе адамдарға қара дегенді қалай түсінесің?

Интернет сайтынан

Йоһанн Кристоф Фридрих фон Шиллер неміс халқыныңақыны,философы,тарихшысы және драматургы.

Оқиғаларды әңгімелеу. Мұғалім сыйы.

Әдемі өмір туралы аңыз

Егін қол орақпен, шалғымен орылады. Бірлі-жарым лобогрейка жұмыс істейді. Комбайн жоқ.Орылған аңыздан біз масақ тереміз. Әрқайсымыздың қолымызда ат дорба секілді бір-бір дорба. Сол толған кезде қырманға әкеп төгеміз. Қырмандағы астық тұлықпен, аттың тұяғымен басылады. Күрекпен ұшырылып тазаланады. Қазіргідей әлеп-жәлеп тұрған механизация ол кезде біздің өлкеде дүниеге келмеген.Масақ теру - ол азап жұмыс. Белің жазылмайды, бір талдап терген масақ өндімейді. Кішкене дорбаның өзі оңайлықпен толмайды. Жалқаулана бастасаң, Жүнісбай әкіреңдейді.- Жөндеп тер!- дейді.Жүнісбай өзі шаршау білмейді.Кей күні масақ теруге Сағатбай да келеді. Ол бірге болса, шаршағанымыз білінбейді, уақыт көңілді өтеді. Демалып отырған кезде Сағатбай неше алуан қызғылықты әңгімелер айтып береді.Сағатбай көп оқушы еді. Қолынан кітап, қағаз түспейді. Сол ғана демалыс болса, Сағатбайды қоршап аламыз. Әңгіме айтып беруін өтінеміз. Текестің суы мен тоғайынан өзге түк көрмей, ауыл арасының өсек-аяңынан басқа түк естімей көрбала болып өскен біздің көзімізді кең дүниеге тұнғыш ашқан адам осы Сағатбай. Маңайымызды қоршаған надандықтың қара түнек тұманын Сағатбай әңгімелері дауыл болып ысырып, ар жағынан бізге ұшы-қиырсыз кең өмір, жарық сәуле көрсеткендей болады.Менің Ыдырыс әкемнің де дүние турасында өз ұғым-білімі бар. Ол маған кейде кешкі астың соңынан көңілденіп, ерігіп отырып, әңгіме айтып беретін. Жер стол беті тәрізді төрт бұрышты жалпақ нәрсе, оны мүйізімен көк өгіз көтеріп тұрады. Бір мүйізі талып екінші мүйізіне ауыстырғанда жер сілкінеді. Аспан - көк, жұлдыз, ай, күн бәрі құдайдың жаратқаны. Өлген адам о дүниеге барады. Тозақ, бейіш дейтіндер болады т. т...Сағатбай бұның бәрін басқаша айтады. Жер шар секілді домалақ... Құдай жоқ, қараңғы адамдар құдайды қолдан жасап алған дейді. Әкемнің айтқандары мен Сағатбайдың айтқандары менің басымның ішінде таласқа түседі. Жер домалақ деген сөз ақылыма сыймайды. Жер домалақ болса, біз құлап кетпей, қалай жүреміз? Өзен-көлдер қалайша төгіліп кетпейді? Жер айналса, анау тау айналып, неге ана жаққа келмейді? Біздің басымыз неге айналмайды?Қандай қиын мәселе болса да Сағатбай біздің ұғымымызға лайықтап түсіндіре біледі. Шұбалануға жол қалдырмайды. Сайып келгенде, әкемнің айтқандарынан Сағатбайдың айтқандары беделді болып шығады.Саясат мәселесін де Сағатбай әдемі ертегідей етіп айтушы еді. Он жетінші жылғы революция, патшаның тақтан құлауы, болашақ коммунизм заманы туралы Сағатбай майын тамызып айтады.- Ленин кім, қазақ па?- дейміз. Соншама жақын болып, жүрегіміздің түбіне орнап алған адамды қандас, бауырлас етіп, біржола өзімізге қосып алмақшымыз.Біздің аңқау сұрағымызға Сағатбай мырс етіп күледі. Күлген кезде мейірбан көкшіл көздері одан бетер жадырап, жып-жылы болып кетеді.- Лениннің ұлты орыс,- дейді Сағатбай,- бірақ ол барлық ұлтты бірдей көрген. Орыс, қазақ деп бөлмеген. Ұлттардың татулығы, теңдігі үшін күрескен.- Қазақтарды Ленин білген бе?- Білген,- дейді Сағатбай.- Қазақтың отырықшылануы, ауылда мектептер ашылуы - осының бәр-бәрі де Ленин бастап кеткен іс екенін айтады.Ленинді Капланның қалай атқанын біз аса күйзеліспен тыңдаймыз. Ертегілерде неше алуан жауыздық істеп жүретін мыстан кемпірлер болады ғой. Каплан біздің көзімізге сол мыстан кемпірдің нақ өзі боп елестейді.- Сосын, ұстап алғаннан кейін, Капланды не істеді? Атты ма?Капланды атпағанын, тек айдауға жібергенін айтады Сағатбай.Жоқ, біз бұған риза емеспіз. Ату керек еді Капланды! Ату аз. Басын төмен қаратып, азаптап іліп қою керек еді! Кескілеп, қинап өлтірсе, сол лайық болар еді.Мен қиялыммен мыстан кемпір - Каплан жасап алам. Шашы жалбыраған албастының нақ өзі. Ленинді атқан сенсің ғой? Олай болса, тарт жазаңды.Қиялымдағы Капланға менің көрсетпеген азабым қалмайды. Ұрамын, атамын, асамын, отқа салам...- Енді аз жылда социализм орнайды,- дейді Сағатбай.- Колхозда жақсы-жақсы үйлер салынады, киім, тамақ көп болады. Социализмнен кейін коммунизм орнайды. Нағыз рақат өмір, міне, сол. Тамақ та, киім де, дүние-мүліктің бәрі де тегін болады.- Дүкенде сатушы болмай ма?- Болмайды.Менің көзіме есігі айқара ашық тұрған, сатушы жоқ дүкен елестейді. Жұрт шұбап кіріп жатыр, керек деген нәрселерін құшақ-құшақ алып жатыр. Жоқшылықтан көз ашпай келе жатқан мен байғұсқа коммунизм өте-мөте ұнайды. Орнаса, тезірек орнаса екен деп арман етем. Коммунизм орнаған күні дүкенге бірінші боп барар едім. Бастан-аяқ түгел жаңа киімдер алмақшымын. Қалта-қалтамды толтыра кәмпит салып алам. Еркімше тойып жеймін. Ешкім алма, жеме деп айтпайды. Өйткені коммунизм.Өзім қатты қызығатын Жанбосынның аяғындағы бұжыр табан қара бәтіңке бар емес пе? Бәлем, түстің бе қолға деймін де, біреуін таңдап киіп алам. Және бірнеше парын үйге әкеп, абдыраға салып қоямын. Бұрын қолыма түспей, ыза қылғаны үшін енді күн сайын жаңасын киіп шығатын болам.Коммунизмнің рақатын осылай көрмекшімін.

Автор:

Бердібек Соқпақбаев




Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

Жағдаятты талдау

  1. Талғат теледидардан спорттық бағдарламаны қарап отырған еді. Сол мезет інісі жүгіріп келіп «Сізді досыңыз Самат телефонға шақырады» деді. Талғат бағдарламаны үзгісі келмей «Мені жоқ деп айта салшы» деді.

• Талғаттың әрекеті туралы не айтасыз?

• Сіз Талғаттың орнында болсаңыз не істер едіңіз?

  1. Асан көрші досы Маратқа үйін көшірісуге көмектесемін деп, уәде беріп қойған еді. Сол күні мұғалім бақылау жұмысына дайындалып келуді тапсырды. Асан Маратқа көмектесіп келіп, шаршап ұйықтап қалуы себепті, бақылау жұмысына дайындала алмады. Таңертен Асан ұйқыдан тұрған соң «бақылау жұмысынан құлаймын» деп ойлап, «неге сабаққа бармайсын? Деген анасына «басым ауырып тұр» деп айта салды. Оның өзіне де басы ауырып тұрғандай болып көрінеді.

• Сіз Асанның орнында болсаңыз не істер едіңіз?

  1. Әсел туған күніне жаңа көйлек киіп келді. Әселдің көйлегі өзіне қонымсыздау тұрды. Сыныптасы Алма Әселге «Көйлегін өзіне тамаша жарасып тұр» деп айтты.

• Алма неліктен Әселге «Көйлегін өзіне тамаша жарасып тұр» деді?

• Сіз Алманың орнында болғанда не айтар едіңіз?

Ватман, түрлі түсті қалам

Топпен ән айту

Сакен Майгазиев,Меломен - Өмір

Сол адал шағымның,
Балауса күнін сағындым бәрін.
Сол күндермен мұңсыз,
Қоштасып үнсіз, қолым бұлғадым.
Сол менің мұңлы әнім,
Менің жырларым, менің жылдарым.

Қайырмасы:
Өмір, өмір заңы қатал,
Күнің батып, таңың атар,
Сен біреуді ұнатарсың,
Сені біреу тағы ұнатар.
Өмір, өмір - ақ пен қара,
Өмір, өмір - бақ пен нала.
Өмір деген қуаныш пен
Өкінішті сәттер ғана…

Мен ашып құшақты,
Бақытты шақты қарсы алар ма екем?
Сол арманға жетіп,
Таңдарға жетіп тамсанар ма екем?
Сол аңсаған мекен,
Жетуге саған қанша қалды екен?

Интернет желісі

Үй тапсырмасы

Есіңде мәңгі қалғалы келгем Н.Әжіғалиев жаттау

8 сыныптың

Өзін-өзі тану оқулығы

Сабақтың соңғы тыныштық сәті.

Балалар тыныштық күйінде бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жүректеріне түйіп алады.




© 2010-2022