Урок по казахскому языку на тему Дәптер

Раздел Другое
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 3

Күні:

Сабақ:

Сабақтың тақырыбы: Дәптер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: өтілген материалмен байланыстыра отырып, сабақтағы жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдануды үйрену.

Дамытушылық: тіл дамыту, ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілетін дамыту. Алған біліміне сараптама жасау, жүйелей білу дағдысын бекіту. Сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тазалыққа, мұқиятылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақта қолданалатын әдіс-тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, іскерлік ойындар.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: суреттер, төл дыбыстар.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, ағылшын тілі.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысып отырған оқушылардың санын анықтау.

  2. Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру.

  1. «Көңілді доп» ойынын ойнату арқылы сөздікте берілген сөздерді жалпы сұрау, сол сөздермен сөйлем құрастыру.

  • Балалар, мына суреттегі заттарды айтып, олардың тек бас әрпін ғана алып, сөзді толығымен оқып көрейік. ( Суреттерді бір -бірлеп тақтаға қыстырамын. Суреттегі заттардың атауын хормен атайды.)

  • Мысалы:

  • Доп

  • Әже

  • Парта

  • Есік

  • Радио

  • Балалар, қандай сөз шықты?

  • Дәптер.

  • Дәптер сөзі қай тілден енген және қандай мағына береді?

  • «Тетрадь» - гректің «тетро» - «төрт бүктелген» деген сөзінен шыққан екен.

Тапсырма: «Дәптер» сөзін буынға бөлейік. Құрамындағы төл дыбысты анықтайық. - Ол қандай дыбыс? Құрамында осы дыбыс бар отбасы мүшелерін кім айтады?

  • Жақсы, бағанадан бері орындаған тапсырмаларға, тақтадағы суреттерге қарап, бүгін сабақ тақырыбына болжам жасайық:

Жаңа сабақ.

  1. Жаңа сабақты жариялау, мақсатымен таныстыру.

  2. Жаңа сөздерді игерту, сөздермен сөйлем құрастырып, оны тақтаға, дәптерлеріне жазу.

  3. Сабақ бойынша берілген жаттығуларды орындау.

  4. Өтілген материалдармен байланысы:

Цифрларды сөзбен жазып, сан есімдерді пысықтай отырып, 4 - жаттығуды орында.

  1. 2 - жаттығу: диалогты рөлге бөліп оқып, аудар. Осыған ұқсас диалог құрастыр.

Жаңа сабақты бекіту. Жаттығуларды орындату, рөлдік ойын бойынша оқу құралдары дүкенінің сатушысы мен баланың диалогын құрастыр.

Мысалы: - Сәлеметсіз бе.

  • Сәлеметсіз бе.

  • Оқу құралдарын сатып алайын деп едім. Бағасын айтып жібермес пе екенсіз?

  • Жақсы, дәптер - 8 теңге, сызғыш - 50 теңге, өшіргіш - 30 теңге, т.с.с.

Сабақты бекіту.

Сабақты қорытындылау. 5 - жаттығу: өлеңді мәнерлеп оқу, көшіріп жазып, мәнерлеп оқыту.

  • Сонымен, балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Сабақта не үйрендіңдер? Қандай жаңа сөздер игердіндер? Осы сөздерді диалог арқылы тілдік қатынаста кім қолданып көреді?

Үй тапсырмасы. Жаңа сөздерді жаттау: «Оқу құралдары дүкенінде» тақырыбына рөлдік ойынға дайындалу.

Сабақтың соңы.

© 2010-2022