Разработка внеклассного на тему Дархан халықтың - дана Абайы

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Разработка внеклассного на тему Дархан халықтың - дана АбайыРазработка внеклассного на тему Дархан халықтың - дана АбайыРазработка внеклассного на тему Дархан халықтың - дана АбайыДархан халықтың - дана Абайы

Мақсаты: А) Қазақтың ұлы ақыны Абайдың киелі есімін артына қалдырған мағыналы, рухы биік мәртебесін жоғары ұстап, асыл қасиеттерін оқушы бойына сіңіру. Оқушыларға Абай Құнанбайұлы туралы өз беттерімен ізденуге, зерттеу әрекеттерін енгізуге міндеттеу.
Б) Оқушылардың шығармашылық пен ойлау қабілеттерін, санаткерлік пен жалпы даму көрсеткіші негізінде тілін дамыту.
В) Оқушыларды Абай өлеңін басшылыққа ала отырып, отансүйгіштікке, адамгершілікке дағдыландырып, қоршаған ортаны қадірлей білуге тәрбиелеу.
Әдісі: сахналық көрініс, ән-жыр, тарихи дәйектемелер, мәнерлер оқу.
Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, Абай портреті, слайд.

Сабақтың барысы:І Ұйымдастыру кезең.

Кіріспе Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар , оқушылар! Бүгінгі «Дархан халықтың - дана Абайы» атты әдеби кешіміз қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналады. Бұл кеште Абайдың өлеңдері, әндері мен шығармаларының үзінділерімен танысасыздар.

Әдеби кетің арысы:

І жүргізуші: Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,

Өлмейтұғын артынан із қалдарған, --деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де , жалынды жырымен де бізбен бірге жол алып келеді.

ІІ жүргізуші: Абай өзінің кіршіксіз ақ жүрегін тербеткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларының бетіне маржандай төгілдірді, оның әрбір бетінен, әрбір жолынан, әрбір сөзінен бізге ыстық, соншама жақын леп есті.

Ол леп өткен заманның, кешегі тәркі дүниенің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай - лебі, Абай -үні, ана тынысы - заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі , жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.

«Ұлы Абайды қарсы алу» Сахнага жас Абай шығады

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.

Мен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы 1845 жылы Семей өңірінің қазіргі Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келгенмін. Менің шын атым Ибраһим. Әжем еркелетіп «Абай» деп атап кеткен. Менің ата-тегім, тәрбиеленіп шыққан ортам Тобықтының шынжыр балақ, шұбар төс, ауқатты отбасы болған.Әкем Құнанбай аға сұлтан,болыс болса, аталары Өскенбай, Ырғызбай атақты, әйгілі билер болған.Жас кезімнен өлең , әңгімеге әуес болып , әжем Зере мен анам Ұлжан аңыз- әңгімелерін барлық ынтаммен тыңдайтынмын. Ауыл молдасынан арабша сауат ашқанмын мені әкем он екі жасымда Семейге оқуға жібереді. Одан кейін Ахмет- Ризаның медресесінде оқыдым. Медреседе араб, парсы тілдерін жақсы меңгередім. Шығыс ақындары Низами, Сағди, Фзули, Хафиз шығармаларымен таныстым. Медреседе оқып жүріп, үш ай «Приходская школада» орысша оқидым.

І жүргізуші: жүрегін шырақ етіп жандырған кім?

Жырымен жан сусынын қандырған кім?

Өзіне - өзі орнатып ескерткішті,

мұра ғып, кейінге қалдырған кім?

Ерте оянып, ойланып, ержеткен кім?

Талабын тас қияға өрлеткен кім?

Құбажон, құрбақан құм, құла қырда

Өлеңнің бесінгінде тербеткен кім?

ІІ жүргізуші: соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?

Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?

Арманын аттандырып келешекке,

Біздермен осы күнгі тілдескен кім?

Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?

Жауына найза сөзін шанықан кім?

Өзендей құйған барын көк теңізге,

Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?

І жүргізуші: қазақтың ақыны, данышпаны көп болғанымен, Абай біреу - ақ, Абайы бар елдің мерейі үстем.

ІІ жүргізуші: Абай ата, өзіңіз үміт еткен шөберелеріңіз сіз туралы толғап, сіз туралы сыр шертпек, қабыл алыңыз. Абайға арнау

Абай дана өлеңі

1 - оқушы: озып тұрған заманнан,

Ойшылдардың бірі едің.

Қараңғылықта қамалған,

Қазақтың дана пірі едің,

Көңіл көзін ашам деп,

Наданмен жалғыз алыстың.

Білім дәнін шашсам деп,

Заманнан озып жарыстың.

Озықтан ғылым тапсам деп,

Пушкинменен сырластың.

2-оқушы:

Көрікті көңілде жыр,қолда қалам,

Өмірдің өріне өрлей басқан қадам.

Қазақтың өлеңінің ұлы атасы-

Ол Абай,мәңгі жасар ақын адам.

3-оқушы:

Ақын еді

Елдің мұңын жыр еткен,

Жарыққа алып шығу үшін түнектен.

Ақын еді ол

«Мыңмен жалғыз алысып»,

Халқын ойлап күйінішпен күні өткен.

Ақын еді ол

Жұртты аузына қаратқан,

Әрбір сөзі құйылғандай болаттан.

Ақын еді ол

Жұлдыз болып жарқырап,

Қараңғы елдің ой-санасын оятқан.

2-жүргізуші: Ел қамын ойлап «жүрегі қырық жамау болған» ұлы ойшылдың өмір жолында жалғыз қалған кездері де болды.

1-жүргізуші: Абай XIXғасырдың 90-жылдары өзінің ой-толғаныстарын қара сөздермен жазған. Абайдың қара сөздері көркем әңгіме емес, дана сөздер еді (Оқушылар қара сөздерін оқиды).

Абайдың бірінші қарасөзі:

АЛТЫНШЫ СӨЗ
Қазақтың бір мақалы: «Өнер алды - бірлік, ырыс алды -тірлік» дейді. Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады - білмейді. Қазақ ойлайды: бірлік - ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Ағайын құрымай мал іздеп не керек? Жоқ, бірлік - ақылға бірлік, малға бірлік емес.


Абайдың жетінші қара сөзі: Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.

32 қарасөзі

Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен табылмас. Әуелі - білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке керек. Оның үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил болады. Сол рахат білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады.
33 қарасөзі

Егерде мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі - қазақтың әулиесі сол. Бірақ құдай тағала қолына аз-маз өнер берген қазақтардың кеселдері болады. Әуелі - бұл ісімді ол ісімнен асырайын деп, артық ісмерлер іздеп жүріп, көріп, біраз істес болып, өнер арттырайын деп, түзден өнер іздемейді. Осы қолындағы аз-мұзына мақтанып, осы да болады деп, баяғы қазақтың талапсыздығына тартып, жатып алады.


Абайдың 38-ші қара сөзі

Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар.Сонан қашпақ керек:әуелі-надандық,екіншісі-еріншектік,

үшіншісі-залымдық деп білесің.

Надандық-білім-ғылымның жоқтығы,дүниеде ешбір нәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады.

Еріншектік күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.Талапсыз- дық,жігерсіздік,ұятсыздық,кедейлік-бәрі осыдан шығады.

Залымдық-адам баласының дұшпаны.Адам баласына дұшпан болса,адамнан бөлінеді,бір жыртқыш хайуан қисабына қосылады

Көрініс: 2-жүргізуші: Мал жұтайды, өнер жұтамайды, оқуды өнер-білімнен үйрену керек екен ғой? Өнерді оқу-білімнен үйренген Абай артына мол қазына қалдырып кетті. Қайрат, ақыл,ж үрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып, ғылымға келіп жүгініпті.

Абай әндері

І-жүргізуші: Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.өлеңмен өрнек салған ақын Абайдың орны ерекше, өлеңдері бөлекше еді.

Адамның кейбір кездері

Адамның кейбір кездері
Көңілде алаң басылса;
Тәңірінің берген өнері
Көк бұлыттан ашылса.

Сылдырлап өңкей келісім
Тас бұлақтың суындай,
Кірлеген жүрек өз ішін
Тұра алмас әсте жуынбай.

Тәңірінің күні жарқырап,
Ұйқыдан көңіл ашар көз.
Қуатты ойдан бас құрап,
Еркеленіп шығар сөз.

Сонда ақын белін буынып,
Алды-артына қаранар.
Дүние кірін жуынып,
Көрініп ойға сөз салар.

Қыранша қарап қырымға,
Мұң мен зарды қолға алар.
Кектеніп надан, зұлымға,
Шиыршық атар, толғанар.

Әділет пен ақылға
Сынатып көрген-білгенін,
Білдірсе алыс, жақынға
Солардың сөйле дегенін.

Ызалы жүрек, долы қол,
Улы сыя, ащы тіл
Не жазып кетсе, жайы сол,
Жек көрсеңдер, өзің біл.

Адасқанның алды - жөн, арты - соқпақ

Адасқанның алды - жөн, арты - соқпақ,

Оларға жөн арамның сөзін ұқпақ.

Қас маңғаз малға бөккен кісімсініп,

Әсте жоқ кеселді істен биттей қорқпақ.

Бір аршопке шапаны сондай шап-шақ,

Мүшесінен буынып, басады алшақ.

Қарсы алдына жымырып келтірем деп,

Ақ тымақтың құлағы салтақ-салтақ.

Жаздыкүні ақ бөркі бүктелмейді-ақ,

Қолында бір сабау бар о-дағы аппақ,

Керегеге сабауды шаншып қойып,

Бөркін іліп, қарайды жалтақ-жалтақ.

Қу шалбар қулығына болған айғақ,

Тізесін созғылайды қалталанса-ақ.

Ұстаудағы кісідей мезгілі бар,

Күні бойы шешініп, бір т...-ақ.

Тірі жанға құрбы боп жап-жасында-ақ,

Қалжыңдамақ, қасынбақ, ыржаңдамақ,

Бет-аузын сөз сөйлерде жүз құбылтып,

Қас кермек, мойын бұрмақ, қоразданбақ.

Осындай сидаң жігіт елде мол-ақ,

Бәрі де шаруаға келеді олақ.

Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп,

Бар өнері - қу борбай, сымпыс шолақ.

Олардың жоқ ойында малын бақпақ,

Адал еңбек, мал таппақ, жұртқа жақпақ.

Жалғыз атын терлетіп, ел қыдырып,

Сәлемдеспей, алыстан ыржаң қақпақ.

Ауру жүрек ақырын соғады жай

Ауру жүрек ақырын соғады жай,

Шаршап қалған кеудемде тулай алмай.

Кейде ыстық қан басып кетеді оны,

Дөңбекшіген түндерде тынши алмай.

Қараңғы саңырау қайғы ойды жеңген,

Еркелік пен достықты ауру көрген.

Ақылы жоқ, ары жоқ, шуылдақты

Күнде көріп, тұл бойы жиіркенген.

Тіріліп өткен күнді, тағы шөлдеп,

Осы күнді күн демес қарғап, міндеп.

Кейде тілеп бақ пенен тағы тыныштық,

Кейде қайғы, азапты тағы да іздеп

Кейде ойлайды жылауға қайғы зарын,

Тынышсыз күнде ойлаған дерттің бәрін

Кейде онысын жасырар жұрттан ұрлап,

Кетірер деп мазақтап беттің арын.

Ауру жүрек ақырын соғады жай,

Өз дертін тығып ішке, білдіре алмай,

Кейде ыстық тағы да қан басады,

Кейде бір сәт тыншығар үн шығармай

І жүргізуші: Абай жаққан бір сәуле сөнбесін леп,

Қоламтаны үрледім өрлесін деп.

Алудамыз Абайдан үлгі өнеге,

Бүгінгі ұрпақ тұмыз ғой бір кемеде

ІІ жүргізуші: Халқы сүйер Абайды

Таңдандырған талайды

Өнегесін үлгі етіп,

Жүрсек бізден жарайды

Көрініс

Абай мен ұлы Әбіш

Наушабай дейтін кісі жол жүріп келе жатып, Абайдың үйіне түсіпті. Жайғасып отырған соң ол:

- Абайжан, өзіңе асыл сөз, алғыр ой тауып айтқан кісі болды ма? - деп сұрапты.Абай сәл ойланып отырыпты да:

- Менің Әбдірахман деген балам бар еді. Оны тоғыз жасында Семейдегі орыс мектебіне оқуға бердім. Оны бітірген соң, Петербурға жібердім. Қыс оқып, жаз демалысқа үйге келді. Сұрастырып байқасам, оқуы жақсы

көрінеді. Баламның алымдылығын сынап білейін деп ойладым да, бір күні жай әңгімелесіп отырып:

- Қалқам Әбіш, осы әлемдегі жаратылыста ақ зат асыл ма, қара зат асыл ма? - деп сұраған едім. Ол іркілместен:

- Ақ зат асыл ғой, - деді.

- Неге, қара зат асыл емес пе? - дедім мен. Әбіш бетіме қарап күлді де:

- Қараны қалай асыл дейсіз? - деді. Мен:

- Біріншіден, адам баласы барлық дүниедегі жаратылысты көзбен кереді емес пе, - дедім,- Бірақ көздің ағы көрмейді, ортасындағы кішкене қарашығы ғана көреді. Қараның асылдығына осы дәлел. Екіншіден, қағаз ақ, одан адам оқып білім ала алмайды, үстіне жазған қара сиядан өнер-білім алады. Үшіншіден, жас шақта адамның сақал-шашы қара болады. Осыған байланысты жас күнде адамда ақыл, білім, қайрат көп болады. Қартайғанда шаш-сақал ағарады. Ал, адамда ақыл, білім, қайрат та азаяды. сондықтан ақтан қараны асыл ма деп ойлаймын, - дедім. Сонда Әбіш: - Оның бәрін қалай білдіңіз? - деді.

- Ақылмен білдім, - дедім мен.

- Олай болса, ақыл мида болмай ма, ал ми ақ зат емес пе!

Екіншіден, ақыл - нұр, жарық зат. О да аққа ұқсамай ма? - деді.

Мен баламның тауып айтқан сөзіне риза болып, маңдайынан иіскедім.

ІІ жүргізуші: сонымен қатар Абай поэма да жазған. Оның үш поэмасы бар: Масғұт., «Ескендір» , « Әзімнің әңгімесі» Көрініс : «Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?»

І Жүргізуші: Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бо алдырған, аяғынан көп шалдырған.

Өлді деуге сия ма айтыңдаршы,

Өлмейтұғын артынан сөз қалдырған.

Ән : «Көзімнің қарасы» оқушылар орындауында

І І Жүргізуші: Қортынды: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ - барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін - деп Абай айтқандацй Абай үні, Абай лебі, Абай тынысы, халық үні, Біз үшін Абайдың әрбір өлең жолы, қара сөздері үлгі өнегі, тәрбие. Кешімізді осымен аяқтаймыз.Кешімізді тамашалағандарыңыз үшін үлкен рахмет!












М. Қашғари атындағы жаратылыстану

бағытындағы мектеп - лицейі



Әдеби кештің тақырыбы:









Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері:

Каунбаева Д.





2015 - 2016 оқу жылы

© 2010-2022