Ашық сабақтың тақырыбы Туған елім Қазақстан

Раздел Другое
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныптан тыс шара

«Туған елім-Қазақстан»

4«Б»сынып



Ашық сабақтың тақырыбы Туған елім Қазақстан

Мұғалім:Бегалинова-Исабаева А.Қ.


Тақырыбы : Туған елім-Қазақстан

Мақсаты: Басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын,туған жеріне ,еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Мұғалім тыс шараны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранымен бастайды.

Мұғалім сыныпты екі топқа бөледі: «Жұлдыз», «Тамшы». Ол оқушыларды сайыс ережелермен танысады.Мұғалім дұрыс жауап берген топқа 1 ұпай береді.(жетон)

1 тапсырма: Сұрақтарға жауап беріңдер.

1.Қазақстан қандай мемлекет?

2.Қазақстан Республикасының елбасшысы кім?

3.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін атаңыздар!

4.Мемлекеттік тудың авторы кім? Айтыңыздар!

5.Мемлекеттік әнұранның авторлары кімдер? Атаңыздар!

6. Мемлекеттік елтаңбаның авторлары кімдер?

7.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі қандай тіл?

8.Қазақ тілі кімнің ана тілі?

9.Қазақстанның астанасы қандай қала?

10.Қазақстанның валютасы не ?

2 тапсырма:Енді мақал-мәтелдерге көшеміз. Мен мақалды айтуын бастайын бастаймын сендер аяқтайсыңдар :

  1. Мектеп- кеме, білім-......

  2. Отансыз адам,......

  3. Отан оттан да ........

  4. Ата-бәйтерек,бала-......

  5. Туған жердей жер болмас,туған ......

  6. Отанды сүю .......

  7. Оқусыз білім жоқ,білімсіз .....

3 тапсырма: «Қыс» суретін бейнелеу. Кім көп және дұрыс сөздерді айтады сол топ жеңеді.

4 тапсырма: Берілген сөздермен сөйлем құрастырыңдар.

Біз бесінші гимназияда оқимыз. Надя үлкендерді сыйлайды, оларға көмекте- седі.Біздің сыныпта ұқыпты балалар оқиды.Мектепте тамаша кітапхана бар.

5 тапсырма:Сөздерді аяқтаңдар, орыс тіліне аударыңыз.

Са..., сы...,мұға..., дәп...,мек...,тақ..,күнде...,су..,тере..,оқу..,қарын...,асха.., сөз... .

6 тапсырма: «Қазақстан» сөзінен басқа сөздерді құрастырыңыз.

7тапсырма: Кім ең көп өлең немесе тақпақ қазақ тілінде айтады сол топ жеңеді.

Сайыстың соңында оқушылар мұғаліммен бірге жетондарды санап,жеңім-паздарды құттықтайды.Сайысты «Астана » деген өлеңімен аяқтаймыз.Қоштасу.


© 2010-2022