Қазақ әдебиетінен Қ. МырзалиевтіңДомбыра, Бұлбұл бағытақырыбына сабақ жоспары

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ әдебиетінен Қ. МырзалиевтіңДомбыра,Бұлбұл бағытақырыбына сабақ жоспары.Қазақ әдебиетінен Қ. МырзалиевтіңДомбыра,Бұлбұл бағытақырыбына сабақ жоспары.Қазақ әдебиетінен Қ. МырзалиевтіңДомбыра,Бұлбұл бағытақырыбына сабақ жоспары.Қазақ әдебиетінен Қ. МырзалиевтіңДомбыра,Бұлбұл бағытақырыбына сабақ жоспары.11 сынып Қазақ әдебиеті 10.03.16 жыл

Сабақтың тақырыбы: Қ. Мырзалиев «Домбыра», «Бұлбұл бағы», «Ақ отау» өлеңдері.

Сабақтың мақсаты:

1.Ақын өмірі мен шығармашылығынан мәлімет бере отырып ақын өлеңдерінің идеясын, мақсатын ұғындыру;

2.Оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттырып, ойлау, өз ойларын еркін жеткізу қабілетін дамыту;

3.Сұлулық пен еркіндікті танытуға, адамгершілік пен намысшылдыққа, қайсарлыққа баулу.

Түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу.

Журнал бойынша түгендеу.

Сабаққа дайындықтарын тексеру.

Зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ.Жаңа сабақ

Кіріспе сөз:

Балалар, бүгін біздің сабағымыз халқымыздың біртуар ұлдарының бірі, Қазақстаннің Халық жазушысы Қадыр Мырзалиевтың «Домбыра», «Бұлбұл бағы», «Ақ отау» өлеңдеріне арналмақ. Сабақты бастамас бұрын мына бір суретке қарап «Не білеміз?» деген сұраққа жауап беріп, БББ кестесін толтырайық.

1.Домбыра қандай аспап?

2. Қазақстанда домбыраның неше түрі кездеседі?

3.Халқымыз домбыраны не себепті қасиетті санаған?

4. Домбыраны шерту техникасында әр өңірдің өзіндік ерекшеліктері туралы не білесіңдер?

5. Домбыра туралы, күйлердің шығу тарихына қандай аңыздар білесіңдер?

Білемін

Білдім

Білгім келеді


Слайд арқылы домбыраға анықтама беріледі және оның түріне байланысты атаулары таныстырылады.

Ендеше балалар бүінгі сабағымызға кірісейік.

Ана тілің-арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте !

-Осы өлеңнің авторы кім ? оқушылар топтастыру стратегиясы бойынша жұмыс істейді.

Қ. Мырзалиев


Хронологиялық кесте бойынша оқушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат беремін.

-Оқушыларға ақынның «Домбыра» өлеңін мәнерлеп оқып беремін. Сұрақтар қою арқылы мазмұны талданады.

Оқушыларға символ туралы түсінік беріледі.

Символ - бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге немесе құбылысқа құпия келіп, жасыра жарыстырып, бүкпелей бейнелеу, ойды да ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіру.

Мысалы, гүл - әдеміліктің, көгершін - бейбітшіліктің, аққу - адалдықтың, махаббаттың символы.

Мәтінмен жұмыс.

Өлеңге поэтикалық талдау жасау.

Теңеулер:

Аллитерация:

Эпитеттер:

Синонимдер:

Антонимдер:

«Бұлбұл бағы» өлеңіне сатылай кешенді талдау жасау.

!Ақ отау» өлеңін түсініп оқып, түсіндірме сөздікпен жұмыс.

Сабақты қорытындылау:

Үй тапсырмасы

Өзіне ұнаған өлеңді жаттау;



© 2010-2022