Сабақ Халық ауыз әдебиеті

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 9; пәні: қазақ әдебиеті ; Күні: _________

Сабақтың тақырыбы: Халық ауыз әдебиеті.

Сабақтың мақсаты: а) оқушыларды қазақ ауыз әдебиетінің түрлері туралы хабардар ету.Асыл қазынамыз сонау көне заманнан сөнбей, қайта қазір қайта жанданып жатқаны туралы айту.

ә) оқушыларды сыни тұрғыдан ойлау мен жазуын дамыту, сыни көзқарастарын қалыптастыру, өз ойын сыни тұрғыда шерте білуіге дағдыландыру.

б) оқушыларды сабақ барысы бойынша жан-жақты тәрбиелеу. Ескіні ұмытпау, қазіргіні дұрыс қабылдауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: RWCT стратегиялары

Пәнаралық байланыс: тарих, фольклор

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызба, калька және түрлі түсті маркерлер.

Кезеңдері

Сабақ барысы

I фаза.

Қызығушылықты ояту сатысы

1. Амандасу, кезекшілік

2. Сабақтың мақсатын айту

Ә. Қоңыратбаев «Ауыз әдебиеті көркем ойлау мен көркемсөздің озық үлгісі ретінде қалыптасқан». (көрнекі құрал ретінде плакатқа іліп қою.)

Ауыз әдебиеті -талай -талай ғасырлар жемісі. Халық оны сонау ықылым заманнан рухани қазына ретінде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп, бүгінгі біздің дәуірімзге жеткізген. Ауыз әдебиеті-халқымыздың ауызекі шығарып, ауызекі тарап отыратын асыл мұрасы. Онда халқымыздың ғасырлар бойы басынан кешірген тарихи белестері, елінің тәуелсіздігі жолындағы ерлік, батырлық, қимылдары, халықтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, арман-мүддесі, қиялы, жастардың кіршісіз махаббаты сөз өнерімен кестеленген.

Халық ауыз әдебиеті - фольклор.

II

Мағынаны тани білу сатысы

Ой шақыру

Ауыз әдебиеті

Халық ауыз әдебиетінің қандай түрлерін білесіздер? (калькаға көк маркермен жазу)

Балалар мына тірек сызбаға назар аударыңыздар.

Халық ауыз әдебиетінің негізгі түрлері:

  • Тұрмыс - салт жырлары;

  • Мақал - мәтелдер;

  • Жұмбақтар;

  • Ертегілер;

  • Эпостық жырлар;

  • Лиро - эпостық жырлар;

  • Айтыс өлеңдер;

  • Тарихи жырлар;

  • Шешендік сөздер; т.б.

Ауыз әдебиетіндегі тұрмыс- салт жырлары, көңіл- күйді білдіретін қара өлеңдер мен ән мәтіндері лирикалық жанрға, ал ертегілер, аңыз әңгімелер, батырлар жыры эпостық жанрға жатады. Драмалық жанр бұрын болған емес, ауыз әдебиетіндегі жар жарда, айтыс өлеңдерінде оның тек жұрнақтары ғана болған. Драмалық жанр - жазба әдебиетінің жемісі.

Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің арасындағы кейбір айырмашылықтарды Венн диаграммасы арқылы өзіміз табайық.

Венн диаграммасы.

- Көркем - авторы

туынды, бар,

-асыл сөз - өзінің

өнері. түп нұсқа

сы бол.

- автор болмайды;

- көп нұсқалы

болады;

- синтаксистік

қайталаулар

жиі кездеседі.Ауыз әдебиеті Жазба әдебиет




III фаза.

Ой толғаныс сатысы.

Пысықтау сұрақтармен жұмыс.


  1. Халық ауыз әдебиетінің сонау көне дәуірден қазіргі кезеңге дейін ұмытылмай, асыл қазынасы ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіліп келуі неліктен?

  2. Ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен айырмашылығы неде? Нақты мысалдармен дәлелде.

  3. Ауыз әдебиетінің түрлерін жанрларға топтастырыңдар, себебін түсіндіріңіздер.

Сабақтың басында сіздер калькаға ауыз әдебиеті жайлы не білесіздер, соны жаздыңыздар, енді барлығымыз мына тақтадағы калькаға енді бүгін білгенімізді қызыл маркермен жазамыз.

Үйге тапсырма:

  1. Қазақ әдебиетінің хрестоматиясында берілген ауыз әдебиеті үлгілерін тауып, оның атқарып тұрған қызметін анықтау.

  2. «Асыл мұра» атты тақырыпқа тақпақ ннемесе эссе жазып келу.

О.Б.Б.


© 2010-2022