Отркытый урок на тему О. Сүлейменов Арғымақ, Қыз қуу өлеңдері

Мақсаты: Халық жазушысы Олжас Сүлейменов туралы оқушылардың таным, білім көкжиегін кеңейту. Өлеңнің мазмұнын ұғындыру. Оқушыларды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Оқушыларды ой - пікір айта білуге жетелеу арқылы сөйлеу тілін дамыту, өлеңді құрылымдық, көркемдік жағынан талдауға дағдыландыру.Міндеттері: 1.Олжас Сүлейменовтың шығармашылығы мен өмірі жайлы түсінік беру. 2.Шығармасы жайлы алған білімдерін әр түрлі тапсырмалар арқылы жүйелеу, балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта б...
Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән: Қазақ әдебиеті

Cынып: 8 cынып

Оқулық: С. Мақпырұлы, А. Қыраубайқызы, К. Құрманбай. Алматы «Мектеп» 2012

Зeрттeу тaқырыбы: Оқушылaрдың өзaрa қaрым - қaтынacтaрын жaқcaрту.

Мaқcaты: Қазақ әдебиеті caбaғындa оқушылaрдың өзaрa қaрым - қaтынacтaрын жaқcaртуғa жaғдaй жacaу.

Сабақтың атауы

Өтілетін уақыты

Сабақтың атауы

О.Сүлейменов. «Арғымақ», «Қыз қуу» өлеңдері

Сілтеме

Оқулық; Интернет желісі;

Жалпы мақсаттар

Халық жазушысы Олжас Сүлейменов туралы оқушылардың таным, білім көкжиегін кеңейту. Өлеңнің мазмұнын ұғындыру. Оқушыларды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Оқушыларды ой - пікір айта білуге жетелеу арқылы сөйлеу тілін дамыту, өлеңді құрылымдық, көркемдік жағынан талдауға дағдыландыру.

Міндеттері

  1. Олжас Сүлейменовтың шығармашылығы мен өмірі жайлы түсінік беру.

  2. Шығармасы жайлы алған білімдерін әр түрлі тапсырмалар арқылы жүйелеу, балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.

  3. Халқымыздың мұрасын бағалай білуге тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі

Өз пікірін сенімді әрі дәлелді, тұжырымды жеткізе білуге дағдыланады. Ізденістерге негізделген жұмыс түрлерін өз бетімен, жаңа технологиялық үрдістерге сай орындай білуге дағдыланады. Оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай береді; басқаларды тыңдай білуге, кез келген жауапқа сыйластықпен және түсіністікпен қарауға үйренеді; өз ойын топ алдында ашық айта алуға, қорғай білуге баулиды; керек кезде өз көзқарасын дұрыс өзгерте білуге үйренеді, оның дамуын қамтамасыз етеді; өз бетінше ізденуге ұмтылады.

Негізгі идеялар

Сыни тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Тапсырмалар

1. Сабақты эпиграф арқылы бастап, ауызша жүргізілетін «Тұлғаны таныт» ойыны арқылы оқушылардың жаңа сабаққа қатысты білімдерін тексеру.
Өмірі мен шығармашылығына қатысты қысқаша мәлімет беру.

2. Автор шығармашылығына қатысты толық мәлімет берілген парақшаларды таратып, өмірі мен шығармашылығына қатысты мәліметтерді хронологиялық кестеге түсіру.

3. Хронологиялық кестемен жұмыс жасау. Берілген парақшалардағы автор шығармашылығына қатысты мәліметтерді хронологиялық кестеге түсіру.

«Арғымақ» өлеңін мәнерлеп оқыту.
Өлеңді құрылысына, көркемдігіне қарай талдату.
Дала қандай! - а
Даладағы ат қандай! - а
Нөсер шөпке белшесінен батқандай. - а
Құйғытсам бір, - б
Дала, - в
Қала - в
Болады - ау - г
Көз алдымда аунап бара жатқандай - а

От тигендей, - а
Асау қанға, - б
Етіңе, - в
Арғымағым, - г
шығып желдің өтіне,- в
Шабуылдап құрыш - болат тұяқпен- д
Пергілеші - е
Жалтақ жолдың бетіне - в
Эпитеттер: нөсер шөп, асау қан, құрыш - болат - тұяқ, жалтақ жол.

Өлеңде көсіліп жатқан дархан далада көсіле шапқан арғымақ және осыған орай лирикалық кейіпкердің (ақынның) көл - көсір қуанышты сезімі астасып тұр. Даланың әсемдігі мен кеңдігіне, арғымақтың ұшқыр арманы, жан - сезімі, дүниетанымы, мақсат - мұраты айқын көрінеді..

«Қыз қуу» дегеніміз не?
Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан - балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын - сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсаң ол ойын - сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс - тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесіне көңіл бөлуге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке әдемі адамгершілікке баулиды.

«Қыз қуу» өлеңін мәнерлеп оқу.
Өлеңнің мазмұнын ашу. (Ақынның айтпақ ойы не?)

«Қыз қуу» - қазақтың ұлттық ойыны.
Өлең жолынан қыздың сөзін тап.
Өлең жолынан жігіт бейнесін құрастыр.
қайсар бұлбұл
өр ер
кәусар
дүлдүл

Қайталау дегеніміз не? Неше түрге бөлінеді? Белгілі бір ұғымға назар аударту үшін бір сөзді не сөйлемді қайта - қайта айтуды қайталау деп атайды.
Анафора (басында қайталану)
Нағыз кәусар жігітті,
Нағыз қайсар жігітті,
Нағыз бұлбұл жігітті,
Нағыз дүлдүл жігітті

Эпифора (соңында қайталану)
Ей, ер жігіт, ер жігіт,
Ей, өр жігіт, өр жігіт!
Атыңа ерік бер жігіт,
Қуып жетіп көр жігіт!

Эпитетті табыңыздар.
Қайсар жігіт, кәусар жігіт, бұлбұл жігіт, дүлдүл жігіт, өр жігіт
Өлеңнің тармақтарынан Аллитерация мен Ассонанс табыңыздар.
Ассонанс - өлең жолында бірыңғай дауысты дыбыстардың қайталануы.
Аллитерация - бірыңғай дауыссыз дыбыстардың қайталануы

Өлең ішінен «Дүлдүл» сөзінің мағынасын түсіндір..
1. Ерекше жүйрік жылқы, айтулы тұлпар ат. Бұл өлеңде ділмәр, шешен, батыл, батыр жігітке теңеп тұр.
Өлең ішінен «Бұлбұл» сөзінің мағынасын түсіндір.
Бұл құс атауы. Бұл жерде жігітті құстай ұшқан, тез, шапшаң қозғалатын адам бейнесін көрсетіп тұр.
Орысша мәтінде берілген «Девушка и джигит» кинофильмінен үзінді көрсету.
«Махамбетке» өлеңін оқытып талдау.
Махамбет кім?
Батыр образын бейнелеуде автор қандай көркемдік тәсілді пайдаланған?
Метафора дегеніміз не? О, даланың жолбарысы
Көкжалы

Кері байланыс

Берілген кестені толтыру:

Білемін

Білдім

Білгім келеді


Бағалау

Формативті және өзін-өзі бағалау.

Кейінгі тапсырмалар

Олжас Сүлейменов шығармашылығына қатысты іздену, өлеңдерін жаттап келу.


© 2010-2022