Презентация на тему Етістік райлары Менің алтын ұя мектебім

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі /9-кл/

Сабақ тақырыбы: Қоғамдық тамақтану орындары

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды тамақтану мәдениетімен таныстырып, меңгерту. Адамның ағзасына қажетті тағамдық заттардың ерекшелігін түсіндіру. Қазақтың ұлттық тағамдары мен салт - дәстүрлерін жаңғырту арқылы патриоттық сезімдерін ояту. Салауатты өмір салытын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызба «тамақтанудың негізгі ерекшелігі», «Адам ағзасына қажетті тағамдық заттар»

Сабақтың жоспары:

1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
4. Бекіту бөлімі
5. Оқушылардың білімін бағалау
6. Үйге тапсырма ебру

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасып, түгендеп журнал толтыру.

2. Ұй тапсырмасын тексеру. Үйге «Ас» туралы, «денсаулық», «еңбек» туралы мақал - мәтелтауып, мағынасын ашып айту.Сан есім туралы сұрақ-жауап

3. Жаңа тақырыппен таныстыру, мақсатын айту

Тамақтыну мәдениеті дегеніміз - бәр қалыпты тамақтану, тағамдардың әр түрлі алуы, қай кезде және қандай мөлшерде ішіп - жей білу.

Адам тағамынан өзінің бір тәулікте жұмсайтын энегиясының мөлшеріне қарай қуат алуы тиіс. Егер адам мөлшерден тыс ішіп жесе, артық салмақ қосып, нәтижесінде қант диабеті, атеросклероз, жүрек ауруларына шалдығады. Алайда тамақты аз ішіп, үнемі аш жүругеде болмайды. Бұның да қауіпті зардаптары бар. Тамақтанудың ақылға қонымды жай-жапсары болуға тиіс. Адам ағзасында (мысалы, салмағы 70 кг тартатын) 40-45 кг су, 16-17 кг нәруыз, 7-10 кг химиялық элементтен, 2,5 - 3 кг минералды тұздар, 0,5-0,8 кг көмірсутегіден тұрады. Адамның ағзасы тағам түрлерінен дәрумендерді, биологиялық заттарды ұдайы қабылдап тұру керек!

Адам ағзасына қажетті тағамдық заттар

Нәруыздар

Сүт

Ет

Жұмыртқа

Балық

Майлар

Ет

Сүт

Күнбағыс

Көмірсулар

Ұн

Картоп

Бал

Дәрумендер

Көкөніс

Жеміс - жидектер

Минералды тұздар

Балық

Теңіз өнімдер,

Құс еті

Бұл ас қорытатын шырындардың әрекетімен тағымнан бөлініп, қолға барып араласадыда, дененің барлық организміне тарайды, сөйтіп онда түрлі клетка элементтерін құруға, оларды қалпына келтіруге және адамның жұмсаған энергиясының орнын толтыруға жұмсалады.

Қазақтың ұлттық тағамдары тағамдық құнарлығы жағынан өте құнарлы және ерекше. (Ұлттық тағамдар суреті). Қазақ халқының негізгі ежелден келе жатқан тағамы ет пен сүттен жасалған өнімдер. Олардан көшпелі жағдайда ұзақ сақталатын түрлі тағамдар дайындаған. Мысалы, қазы, шұжық, сүрленген, қақталған, ысталған ет өнімдері ұзақ сақталады, әрі өте дәмді. Ал сүт өнімдерінен айран, ірімшік, қымыз, шұбат сіңімді сусындар дайындалған. ХХ ғасырдың басында енген ұн өнімдері де қазақтың ежелгі ет тағамдарының ажырамас бөлігіне айналды.

Тамақтану мәдениетінің 10 ережесі:

1. Әрбір адам тағамнан 1 тәулікте жұмсайтын энергиясына сай қуат алуға тиіс.
2. Күніне 4 не 5 рет тамақтану тиімді.
3. Тамақты күн сайын бір мезгілде қабылдау керек.
4. Ыстық тағам температурасы 50-600С, салқын тағам 100С -тан төмен болмау керек.
5. Ақырғы тамақтану ұйқыға дейін 2 сағат бұрын болу керек.
6. Тамақтын түрін (рационын өзгертіп тұру керек)
7. Қайнатылған, буға, парға піскен тағам пайдалы.
8. Тамақты асықпай шайнап жеу керек
9. Сұйық тағамдарды көкөніс, жемісті көп қолдану керек
10. Сүт, суттен жасалған қышқылтым тағамды жеу керек

4. Бекіту бөлімі. Топтарға саяхат.

5. Оқушылардың білімдерін қорытындылау, бағалау. Жақсы қатысқан оқушыларды марапаттау. Күнделігіне, журналына баға қою.

6. Үйге тапсырма беру. Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі. Жеке тапсырма: ас қайыру, бата іздену жұмысы.

© 2010-2022