Разработка урока на тему Астана - көрнекті қала

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: қазақ тілі, 4-сынып

мұғалім: Шолпанбаева А.Қ.

Сабақтың тақырыбы: Астана - көрікті қала

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: Оқушыларға Астана қаласы туралы мәлімет бере отырып, жаңа сөздер арқылы өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету.

Дамытушылық: Астана туралы деректермен білімін дамыту, оқушылардың ой- өрісін, шығармашылық қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту.

Тәрбиелік: ҚР орталығы Астана қаласын мақтан тұта білугетәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжанды азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақтың дамыту-түзету мақсаты:

ойлау қызметтерін дамыту және түзету

оқушының жеке қасиетін дамыту, түзету (өзін-өзі басқару, сезімдерін білдіре алу, бір орнында отыра алу)

тәрбиелік-түзету мақсаты:

сабаққа, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру

топпен жұмыс жасай алуға тәрбиелеу

Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру

Сабақтың көрнекілігі: Астананың көрікті жерлерінің суреттері, "Астанаға саяхат" бейнебаяны, мәтіндер, қима қағаздар.

Сабақтың әдісі: сұрақ -жауап, ой қозғау, сезімнен туған өлеңдер, жеке, жұптық, топтық, сын тұрғысынан ойлану, ыстық орындқ стратегиясы, "Лото" ойыны, бірін-бірі бағалау, рефлексия.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

- Оқушылармен амандасу;

- Сыныптағы оқушыларды түгендеу;

- Оқушылардың назарын өзіне аудару;

- Сыныпты смайликтер арқылы топқа бөлу, топ басшысын тағайындау;

Психологиялық ахуал: Екі топ бір -біріне сәттілік тілейді.

2. Үй жұмысын тексеру: "Ыстық орындық" стратегиясы арқылы сөздік жұмысын, өткен тақырыпты тексеру. Дарынды балаларға берілген тапсырма, "Рәміздер" презентациясы. Жеке оқытылудағы балаларға берілген тапсырма, рәміздер жайлы тақпақ жаттап келу.

Жаңа сабақ:

3. Қызығушылығын ояту:

Тыңдалым: Оқушыларға А.Жорабаеваның орындауындағы "Елімнің жүрегі -Астана" әнін тыңдата отырып, Астана қаласы туралы слайд шоу көрсету.

Сұрақтар:

- Қандай қала туралы слайд шоу көрдіңдер?

- А. Жорабаеваның орындаған әні не туралы?

- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын болжайды, өз ойларын айтады, мұғалім сабақтың мақсатын толықтырады. Дәптерлерін ашып, күнді, сабақтың тақырыбын жазады.

Мұғалім: Оқушыларға "Астана" деген сөз арқылы ассоциация жасауға жеке жұмыс береді. Оқушылар жазған ассоциацияларын оқиды.

Сөздікпен жұмыс:

көрікті - красивый

сүйікті - любимый

ғимарат- здание

астана - столица

қонақүй - гостиница

4. Мағынаны тану: Мәтінмен жұмыс. Оқылым.

1. Оқушылар іштей оқиды, дауыстап оқиды;

2. Мәтінді аударамыз;

3. Сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырады.

Постермен жұмыс.

Екі түрлі мәтінмен жұмыс істеу. Жинақтаған ақпаратты постерге түсіреді. Әркім өз ойын айтады, дәлелдейді, салыстырады. Бірінші топтан барлығы шығып, бірге қорғайды, екінші топтан екі бала шығып, бір- біріне сұрақ қоя отырып, постерлерін қорғайды.

Менің қалам

Мен Астана қаласында тұрамын. Астана үлкен қала. Көшелері көп. Астанада үлкен ғимараттар бар. Олар: "Ақорда", "Бәйтерек", "Ханшатыр", Оқушылар сарайы. Мен Астана қаласын жақсы көремін.

Астана - әсем қала

Астанада биік ғимараттар көп. Ақорда - президенттің жұмыс орны. Оқушылар Оқушылар сарайына барады. "Астана Опера" театры - әсем ғимарат. "Ханшатыр" да Астана қаласында. Астана Есіл өзенінің жағасында орналасқан.

Сергіту сәті: "Мен қазақпын" биі

5. Тілдесім: "Лото" ойыны

1. Септіктерді ата?

2. Қазақстанның астанасы қай қала?

3. Сын есім дегеніміз не?

4. Зат есім дегеніміз не?

5. Ақорда кімнің жұмыс орны?

6. Астана қандай қала?

7. "Ақорда қай қалада"?

8. Астанада қандай ғимараттар бар?

9. Рәміздерді ата?

10. Астана қай өзеннің бойында орналасқан?

Грамматикалық тапсырмалармен жұмыс:

6. Жазылым:

1. Берілген суретке септік жалғауларын дұрыс қойып жазыңдар.

Берілген суреттерге септік жалғауларын жалғап жазыңдар.

+ табыс септігінің жалағауы

+ шығыс септігінің жалғауы

+ барыс септігінің жалғауы

+ ілік септігінің жалғауы

+ жатыс септігінің жалғауы

+ көмектес септігінің жалғауы

Жеке оқытылудағы оқушыларға тапсырмасы жеңілдетілген қима қағаздар беріледі:

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз.

Мен .............ға барамын.

Мен .............да тұрамын.

Сен .............ға барасың.

Сен ............да тұрасың.

2. Тақтамен жұмыс: сөздер септеледі.

7. Сабақты қорытындылау:

Алған ақпаратты тест арқылы қорытындылау

1. Қазақстанның бас қаласы қай қала?

А) Алматы в) Атырау с) Астана

2. Астанадағы ғимарат?

а) Ханшатыр в) Қазақстан с) Қостанай

3. Астана қаласы қай өзеннің жағасында орналасқан?

А) Есіл өзенінің жағасында

в) Ертіс өзенінің жағасында

с) Әмудария өзенінің жағасында

4. Президенттің жұмыс орны?

А) Ақорда в) Астана с) Ақмола

5. Астананың символын ата.

Жеке оқытылудағы оқушыларға жеңілдетілген тест тапсырмалары беріледі.

8. Бағалау кезеңі:

Топ басшысы бағалау критерийлері бойынша 2 топ бірін-бірі бағалайды. Оқушылар түгел бағаланады.

Үй жұмысы:

І деңгей Шағын шығарма «Астана - көрікті қала» (5 сөйлем)

ІІ деңгей Астана қаласы туралы қосымша мәлімет жинастырып келу

ІІІ деңгей Астана жайлы мысалдар жазып келу. (3,4 мысал). Жеке оқытылудағы оқушыларға арналған тапсырма.

9. Рефлексия: Бүгінгі сабақтан алған әсерлері туралы ойларын стикерге жазып, тақтаға ілу.


© 2010-2022