Сабақ тақырыбы: Байлық пен ақыл

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сөйлесу бөлімі

2-сабақ

Байлық пен ақыл

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Сөздік жұмыс.

телефон шалу - звонить төлқұжат - доқумент

жаңалық - новость құшақтау - обнимать

көріскенше - до встречи есептелу - считаться

1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.

2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды;

- тізбекпен оқиды.

3. Жана сөздерден сөз тіркестерін құрау.

әжеге телефон шалу, әжені құшақтау, соңғы жаңалық,...

4. Сөйлемдер құрау.

Мен теледидардан соңғы жаңалықты тыңдадым.

5. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.

V. «Менің атам мен әжем» мәтінмен жұмыс.

а) Мәтін бойынша «Даналық ағашы» ойыны.

Ойынның шарты:

Оқушылар мәтінді жылдам, бірақ мұқият оқып шығуы тиіс. Енді әрқайсысы мәтін бойынша бір сұрақ құрап, қағазға жазады. Жүргізушінің қолында сандықша болуы тиіс, соған оқушылар кезегімен өз сұрақтарын салады. Мәтінді тағы бір рет жылдам оқып шығу керек. Әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап неғұрлым толық жауап беруі тиіс.

ә) Мәтін бойынша «Шеңбер бойымен әңгімелеу» ойыны.

Ойынның шарты:

Оқушылар мәтінді тағы бір рет мұқият оқып шығады. Шеңбер бойымен отырады. Ортада жүргізуші көзін жұмып, кез келген ойыншыны нұсқайды. Мәтінді ойдан жаңғыртуды сол бастайды. Бұдан әрі сағат тілінің бағытымен әрқайсысы мәтіннің бір сөйлемін айта береді. Соңына дейін солай жүреді.

VI. Сергіту жаттығу.

Менің әжем

Менің әжем, ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем.

Менің әжем, гүл әжем,

Алтын әжем, күн әжем.

Адам үшін, мен үшін

Нағыз ана тілі - әжем.

(Д. Мырза Әли)

VII. Оқулықпен жұмыс (7-тапсырма, 10-бет). Сыныпты 3 топқа бөлу. Әр топ өз тапсырмасын орындайды. Дайындыққа 4-5 минут уақыт беріледі. Содан кейін әр топтан бір оқушының жауабын тыңдап, бағалау.

I топ: Аты кім? Кім неше жаста?

II топ: Кім қай сыныпта оқиды?

III топ: Кім қайда тұрады?

Мысалы:

I топ: Менің атым - Айман. Мен бір мың тоғыз жүз тоқсан тоғызыншы жылы тудым. Он екі жастамын.

II топ: Былтыр бесінші сыныпта оқыдым. Биыл алтыншы сыныпта оқып жүрмін. Келесі жылы жетінші сыныпта оқимын.

III топ: Мен Алматы қаласы Абай даңғылы №35 үйде, №56 пәтерде тұрамын.

VIII. Диалог құрастыру. Оқулықта берілген сызба бойынша сұрақтарды оқып, жауап беріледі (9-бет). Дайындыққа 7 минут уақыт беріледі. Бірнеше жұпты тыңдау.

IX. «Байлық пен ақыл» мәтінімен оқу мыс:

а) 1-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, жаңа сөздермен танысу; ә) 2-тапсырма. Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап беру.

X. 8-тпапсырма. «Балаға неге құлақ береді?» деген сұраққа жұптық жұмыс негізінде жауап беру. Өзара сөйлесу.

XI. Үй тапсырмасы. 5-тапсырма.



© 2010-2022