Внеклассное мероприятие на тему Алтын күз

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күзгі кеш

Оқушылар арасында өткізілген «Күзгі қызық - 2015» байқауының жүрісі
Армысыздар ағайын, құрбы - құрдас!
Бармысыздар жанкүйер, әз - қауымдас!
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық
Сайыста көңілменен қол соғайық.
Біздерде ойын - сауық басталады,
Тамаша күй тартылып, ән салады.
Қошеметтеп, қол соғып отырайық
Ұмыттырар күн бойғы шаршағанды.

Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Күзгі қызық - 2015» байқауына қош келдіңіздер!
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,
Әр үйде ататұғын жаңа таңбыз.
Жан мен тән сұлулығын тепе - тең ғып,
Бар елді өзімізге қаратамыз.
Ортаға қатысушы жұптарды шақырамыз.(музыканың сүйемелдеуімен ортаға қатысушы жұптар шақырылады)

Ерке өсіп, ең жайланған ұл мен қыз,
Асыға сәлем жолдап, жүректен біз.
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп келіп тұрмыз.

Көп сөйлеп жан жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болса да қашпайық біз.
Ал, енді сіздер рұқсат етсеңіздер
Қанеки, жұптар сайысын бастайық біз.

Сайыс бағдарламасы 5 кезеңнен тұрады.
1. «Кел, танысайық» (өздерін таныстыруы)
2. «Сиамдық егіздер»(қағаздан белгілі бір өрнекті қию)
3. «Мәдениет» (мимикамен көрсету)
4. «Сұр мерген»
5. «Бояулар сыры»


Әділ қазылар алқасымен таныстыру (әр кезеңдердің арасында музыкалық сәлемдеме жолдауға болады)
Деген екен қазақ халқы «Сәлем - сөздің анасы»,
Біледі оны еңкейген қарт, еңбектеген баласы.
Амандасу - ізгіліктің, сыпайылықтың белгісі,
Сәлем достар? Амансың ба? Қалайсың? - дегендей

1 - кезең «Кел, танысайық» кезеңін бастаймыз Шарты: әр сыныптан қатысушы жұптар өздерін таныстырып шығады.

2 - кезең «Сиамдық егіздер»
Шарты: екі жұптың біреуінің оң, екіншісінің сол қолы байланады. Оң қолы бос оқушы қолына қайшы ұстайды, сол қолы бос оқушы қолына қағаз бетіне түсірілген өрнекті ұстайды. Екеуі бірігіп қағаздағы өрнекті қиып шығуы керек.


3 - кезең «Мәдениет»
Шарты: әр жұп әділқазылар алдындағы конверттегі тапсырмаларды ыммен (мимикамен) көрермендерге айтып жеткізуі керек. Тапсырмаға берілген сөйлемдер Ертең сабақ болмайды екен. Мен сіздің суретіңізді салғым келеді. Біз сіздерді жаңа жыл мерекесін қарсы алуға шақырамыз, т. б.

4- кезең «Сұр мерген»
Шарты: Жұптардың қолдары байланады. Байланған қолдарымен себетке алманы лақтырып түсіруі керек.


5- кезең «Бояулар сыры»
Шарты: Екі ойыншының көздері байланып, қолдарына қарындаш пен бояулар беріледі. Екеуі бірігіп жеміс - жидектердің суретін салуы керек.( алма, алмұрт, қарбыз, лимон, т. б.)

Жеңіс пенен жеңілістен тұратын,
Өмір - күрес, жеткізе ме мұратың.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң оны ұғатын

Қорытынды. Марапаттау.
«Қош» дейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдала берсін, қалыспаңдар.
Көрермендер көбейсін күннен - күнге
Келе берсін қонақтар ғарыштан да - деп «Күзгі қызық- 2015» сайысын аяқтаймыз.


© 2010-2022