Ертеңгіліктің тақырыбы: «Ана өмір жалғасы» (ортаңғы топ)

Қызылорда қаласы Қараөзек ауылы №39 «Қызылөзек» орта мектебінің «Ақерке» шағын орталығы тәрбиешісі Сайдова Наргиз Мейрамовна         Күні: 7.03.2013. Ертеңгіліктің тақырыбы: «Ана өмір жалғасы»  8-наурыз мерекелік ертеңгілік өткізетін залға балалар қол ұстасып кіреді. Тәрбиеші:           Бүгін наурыздың сегізі.                    Сұлулықтың негізі Адемі сөз адамның Анаға айтар лебізі... Армысыздар құрметті қонақтар, аналар, әжелер, сүйкімді қыздар көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз мерекелерің...
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚЕртеңгіліктің тақырыбы: «Ана өмір жалғасы» (ортаңғы топ)ызылорда қаласы

Қараөзек ауылы

№39 «Қызылөзек» орта мектебінің

«Ақерке» шағын орталығы

тәрбиешісі Сайдова Наргиз Мейрамовна


Күні: 7.03.2013.

Ертеңгіліктің тақырыбы: «Ана өмір жалғасы»

8-наурыз мерекелік ертеңгілік өткізетін залға балалар қол ұстасып кіреді.

Тәрбиеші: Бүгін наурыздың сегізі.

Сұлулықтың негізі

Адемі сөз адамның

Анаға айтар лебізі...

Армысыздар құрметті қонақтар, аналар, әжелер, сүйкімді қыздар көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз мерекелеріңіз құтты болсын!

8-наурыз! Табиғаттың өзі де бұл күні біздің аяулы аналарды, сүйкімді қыздарды даңққа бөлеп тұрғандай.

Ана -бұл өте қасиетті, мейірімді жылы сөз.

Ана деген әлемнің жан дүниесі, бастауы мен таусылмайтын жалғасы.

Ән: «Ана» (Барлығы қосылып айтады)

Анель: Бәрімізге анасың

Біз үшін күн боп жанасың

Құтты болсын мейрамың

Құттықтаймын анашым!

Дәулет: Аналарды сүйеміз,

Ақылын ойға түйеміз

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз!

Динара: Достықты біз ойлаймыз,

Бірге күліп ойнаймыз.

Қыздарды да құттықтап,

Мерекесін тойлаймыз.

«Айгөлек» биін бір топ қыздар билейді.

Тәрбиеші: Әрбір ата -ана өз баласының сүйікті досы, мақтанышы, бізге әсіресе, ананың еңбегімен ерлігі мақтаныш.

Дильнара: Ерлік еңбек атқараған,

Еңбегімен мақтаныш

Ел сенімен ақтаған,

Айналайын ақ-анам!

Аслан: Мен мұғалім анамның

Өнегесін аламын

Ертеі мен де маманмын,

Оқытушы боламын.

Мәншүк: Менің анам-мұғалім

Ол шын - ғалым

Одан жас та кәрі де

Оқып шыққан бәрі де.

Тәрбиеші : Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы.

Ананың көз нұры, мейірімі тастай мұзды да жібітеді.Сүйікті аналар сіздерге деген балаларыңыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.

Ән: «Ақ анам»

Ақбота: Бізді өсіріп баптаған,

Жақсы болса шаттанған.

«Алтыным» деп мақтаған

Айналайын ақ анам!

Нұрсая : Әр сөзіңді жаттағам,

Жүрегімде сақтаған.

Анашым деп мақтанам.

Айналайын ақ мамам.

Ойын «Кім көп гүл тереді»

Ойын шарты: Ортағаа ата -аналар шығып, жерде қызылды -жасылды жайылып, шашылып жатқан гүлдерді жинап шығады. Кім тез көп гүл терсе , сол адам жеңімпаз болады.

Тәрбиеші: Бүгінгі мереке күні әжелерімізді мерекелерімен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп бекер айтпаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер.

Айғаным: Әжемді мейрамымен құттықтаймын,

Айтатын ән беретін гүлім дайын.

«Әжетай, сені жақсы көремін деп,»

Ақырын құлағыңа сыбырлайн.

Адема: Әже деген көп шығар,

Әжемдей менің жоқ шығар

Мейірімді ол кісі,

Қандай ғажап күлкісі.

Ән: «Асыл әжем»

Ойын шарты: Балалар ыдыс- аяқтарды үстіне қою керек.Яғни тәрелке, қасық, шанышқы, ретімен қою.Ыдыстарды дұрыс және тез қойған бала жеңіске жетеді.

Би: «Ақкөгершін» биі

«Ғажайып сәт» Есік қағылып, ішке музыка ырғағымен көк көйлек киген Көктем аруы келеді. Құшағында бір құшақ гүлі бар.

Ару көктем:

Мен көңілді көктеммін,

Былтыр келіп кеткенмін.

Көзін ашып бұлақтың

Түбіне тал еккенмін.

Гүл боп қырда егілем,

Дән боп жерге себілем.

Жаңбыр боп жауам да

Нұр боп көктен төгілем

Шуағын төгіп әлемге

Жылуын күннің әкелем

Табиғаттың төсіне,

Тіршілігін сыйлаймын.

Тәрбиеші: Амансың ба? Ару көктем! Ұлан байтақ елімізге Қош келіпсің! Шуағыңмен шаттандырып, нұрыңды мол төге бер.

Көктем: «Мынау менің құшағым толы қыр гүлін, гүлдей жайнаған қыздарға сыйлағым келіп отыр» -деп гүлді таратады. Осы гүлдей құлпыра беріңдер аяулы аналар, әжелер мерекелеріңіз құтты болсын! Осымен 8-наурыз ертеңгілігімізбен сіздерге шат көңіл сыйлаймыз.

© 2010-2022