Ашық тәрбие сағаты Қос құрбы сайысы

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жүргізуші: Мектептің мерекеде сәні кірер

Көңілге мерекелер ән әкелер

Ұлтының ұрпағының қамын ойлар

Біздің де мектебімізде береке бер.

Ардақты аналар, ақ жаулықты әжелер, ұлағатты ұстаздар мен қыз-қызғалдақтар! Сіздерді күлімдеген көктеммен бірге шуақ шаша келген төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Мереке сіздердің шаңырақтарыңызға шаттық, баянды бақыт, шалқымалы мерекелік көңіл-күй әкелсін!

Халқымызда билік айтар даналар

Даналардың өзі анадан жаралар

Жүрегіңнің бір бөлшегі бала үшін

Сізден жақын адам бар ма аналар?!

3-4 сынып оқушылардың орындауында ән: «Көк тудың желбірегені»

Сайысымызды бастамас бұрын осы сайыстың шынайы бағасын беріп, әділ төрелігін айтатын әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін:

1.

2.

3.

Бүгінгі қос құрбы сайысының жоспары мынадай:

  1. Таныстыру

  2. «Өнерліге өріс кең» (Өнер сайысы)

  3. «Білімді мыңды жығар» (Білім саысы)

  4. «Қыздарға әсемдік жарасады» (сән, шаш үлгілерін көрсету)

  5. «Пайдалы кеңес» (жарнама)

  6. Берекелі дастархан (ас мәзірі)

Көктем келсе сағынған қарашаны

Қос құрбы бір-бірімен жарасады

Қарсы алайық, келеді сайыскерлер

Қызықтайық қыздырып тамашаны

Қошемет көрсете отырып, ортаға сайыскерлерімізді шақырайық.

Адам, ғалам ғажайып жеке дана,

Жан құмарын іздеген мәңгі сана.

Өзіңді-өзің танысаң істің басы

Түзеген өз ғаламын болған дана

Жөн сұрасып отырады жүрген жерде

Бабамыздың салты ғой ол бұл күнде

Қос құрбы келеді әне қол ұстасып

Өздерін таныстырар осы жерде

(әр жұп өздерін таныстырып өтеді)

5 сынып ұлдарының орындауында ән «Ана туралы»

Жүргізуші:

Уа халайық ықыласпен демейік

Арулардың сән үлгісін көрейік

Сыры менен сымбатына қарап біз

Әділдікпен бағаларын берейік

Сайысымыздың 2-ші кезеңі «Қыздарға әсемдік жарасады». Мұнда қыздарымыз киім және шаш үлгілерін көрсетеді.

Жүргізуші:

Қазақтың түрлі-тұрлі дәстүрі бар

Оның сырын ашқанға жұрт қызығар

Жауаптарын біле ме екен қос құрбылар

Сол себептен қоятын сауалдар бар

«Білімді мыңды жығар» білім сайысы. ( сұрақ-жауап)

Ән:

Жүргізуші:

Асыл тастан, шығады өнер жастан

Көрінеді биіктен өнері асқан

«Өнерлі адам өрге озар» қашандағы

Деген сөз бар қазақта әуел бастан

Келесі сайысымыздың түрі өнер көрсету.

Жүргізуші:

Жарнама жасау ол да өнер сенсеңіздер,

Жарнамашы шығады сахнаға

Жарнаманы тамсанып көріңіздер.

Тамашалап бағасын беріңіздер.

Сайыстың келесі бөлімінде-қыздар өздері қалаған затқа «жарнама» жасайды.

Жүргізуші:

Шеберлерім өнер тамып қолынан,

Жаңылмаған ата-баба жолынан.

Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,

Біз айтайық төрелігін соңынан.

«Берекелі дастарқан» кезеңі бойынша дастарқан мәзірі бағаланады.

/ Би: 5 сынып қыздары/

Өмірде жүрсін деп біз күліп,

Күткен ол әр таңнан ізгілік

Сол ана егіліп жылаған,

Түссе егер бір тірлік үзіліп

Көгінде күлімдеп күн шығып

Қуанған көктесе бір шыбық

Ананың тілегі - келешек

Ананың тілегі - тіршілік дей келе бүгінгі мерекелік сайысымызды аяқтаймыз. Келесі сөз кезегін қазылар алқасына береміз





© 2010-2022