Экономика пәнінен ашық сабақ: Экономикалық білім-заман талабы

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ

Топ: 37

Күні: 23.10.2015 ж

Тақырыбы: «Экономикалық білім-заман талабы».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың экономика туралы түсінігін кеңейту. Экономикалық білім

заман талабы екендіігн түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушыларды шағын топта жұмыс істеу, тез шешім қабылдау, уақытты тиімді пайдалануды үйрену арқылы шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелілік: Оқушыларды еңбек сүйгіштікке, отан сүйгіштікке, өздігінен ізденуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, логикалық сұрақтар, топтардың шығарған газеті, тапсырмасы бар конверттер, сөзжұмбақ, топтарға мақтау қағазы, ынталандыру сыйлығы.

Түрі: аралас ойын сабақ.

Әдісі: Сұрақ-жауап, билингвал

Пәнаралық байланыс: Саясаттану, әлеуметтену, қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, информатика, астрономия.

Сабақ жоспары:

  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

  2. Топпен таныстыру.

  3. Экономика жайлы қысқаша мағлұмат.

  4. Топтардың бір біріне сұрақ-жауаптары.

  5. Экономикалық есеп шығару.

  6. Сөзжұмбақ шешу.

  7. Буындар қазынасы.

  8. Оқушылар шығармашылығы.

  9. Ұсынылған сөздерден сөйлем құрастыру.

  10. Көрініс.

  11. «Кім тез» Анограмма шешу.

  12. Мұғалімнің қорытынды сөзі.

Сабақ барысы:

1. Қоғамның экономикалық өміріндегі болып жатқан құбылыстарды көріп білумен қатар, жастардың бойында уақыт өткен сайын өзгермейтін базалық бағдары мен білімін сақтай отырып, оларды іскери сұрақтармен бірге өз өмірін де жоспарлай білуін және жаңа көзқарасын қалыптастыру керек.

2. Топпен таныстыруы

2.1 Топтың аты:

1.«Тауар»,

2. «Валюта»

2.2 Топтың ұраны:

«Қырандай самғаймыз, ешқашан талмаймыз»

«Дағдарыстан дамуға»

2.3 Төсбелгімен таныстыру.

2.4 Шығарған газеттерімен таныстыру.

3. Көне грек философы Аристотель (б.д.д. 384-322 ж.) байлық ұғымын қарастыра келіп, оны заттай және ақшалай байлық деп екіге бөлген. Табиғи, заттық шаруашылық жайлы, яғни адамның тәни қажетін өтеу жайлы ғылымды ол «экономика» (грек тіліндегі «ойкос»-шаруашылық және «номос»-заң сөздерінен шыққан) ал ақшалай байлықты «хремастика» (гректің «хрема»-иелік, әл ауқат сөзінен шыққан)деп атаған. Аристотель байлықтың осы екінші түрін жаратпайды: оның ойынша, дүние мүлік жию үшін айырбасқа бару-«табиғатқа жат» нәрсе. Осы үрдісті теоритик, ойшыл адамдар ғасырлар бойы негізге алып келді.

Негізінді «экономика» сөзі екі мағынаға ие: 1) «шаруашылық»; 2) әлеумет пен қоғам берілген игілікті тіршілік ету жолында қалай кәдеге жарататынын зерттеп, ізерлеп отыратын ғылым.

4. «Тауар» тобының «Валюта» тобына сұрақтары

1.Экономиканың басты мақсаты? (Экономиканың басты мақсаты адамдарды

қанағаттандару деп түсінемін.)

2.Пайда дегеніміз не? (Табыс пен шығыс арасындағы айырмашылық)

3.Өндірүшілер арасындағы жарыс? (Бәсеке)

4.Банк дегеніміз не? (Салымдар қабылдайтын және қарыз беретін қаржылық мекеме)

5. Ел шекарасы арқылы әкелінетін тауарларды реттейтін мемлекеттік қызмет?(Кеден)

«Валюта» тобының «Тауар» тобына сұрақтары

1.Бизнес деген не? (Пайда алуға бағытталған экономикалық қызмет,кәсіпкер)

2.Қаржы деген не? (Мемлекет негізіндегі барлық ақша қаражаттары)

3.Баспа-бас деген не? (Тауарлар ақшаға емес басқа тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге ауыстырылатын сауда мәмілесінің түрі)

4.Сұраныс деген не? (Тұтынушының тауарды немесе )

5.Баға деген не? (Тауар бірлігіне төленетін немесе сол үшін алынатын ақша көлемі)

5. Экономикалық есеп

«Тауар» және «Валюта» тобына есеп

Самат дүкеннен дәптер және қаламсап алды. Жалпы құны 19 теңге болды.Саматта 3 теңгелік, ал дүкеншіде тек 5 теңгелік болса қалай сауда жасайды.

Жауабы: 3*8=24

3*8-5=19

24-5=19

6. Сөзжұмбақ шешу

Тауар» тобының сөзжұмбағы


1

э

к

с

п

о

р

т


2

к

р

е

д

и

т


3

д

о

л

л

а

р


4

б

и

з

н

е

с



5

к

в

о

т

а



6

м

е

н

ш

і

к


7

ф

и

р

м

а


8

м

е

м

л

е

к

е

т



9

а

қ

ш

а






1. Біздің елдің басқа елдерге сататын тауарлары немесе қызмет көрсетулері.

2. Несиенің бір түрі



3. АҚШ ақшасы.




4. Пайда алуға бағытталған экономикалық қызмет.


5. Елге әкелуге және елден шығаруға болатын тауарлар санына қойылатын шектеу.

6. Адам, кәсіпорын мемлекет иелік ететін, пайдаланатын және жұмсайтын нәрсе.

7. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіруші ұйым.


8. Елдегі билікті іске асыратын ұйым.



9. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге ақы ретінде қабылданатын нәрселер.





«Валюта» тобының сөзжұмбағы


1

э

к

с

п

о

р

т

2

м

е

н

ш

і

к



3

м

о

н

о

п

о

л

и

я


4

л

и

з

и

н

г



5

и

м

п

о

р

т



6

ф

е

р

м

а




7

б

и

з

н

е

с



8

к

е

д

е

н



9

б

а

ғ

а







1 . Біздің еліміздің басқа елдерге сататын тауарлар


2 . Адамның, кәсіпорынның немесе мемлекеттің пайдаланатын немесе иелік ететін нәрсесі

3. Басқаларды шеттетіп тастаған бір сатушы рыногы.


4. Несиеге техника алу




5. Біздің еліміздің басқа елдерден сатып алатын тауарлар.


6. Ауыл шаруашылық өнімдерін шығарушы кәсіпорын.


7. Пайда алуға бағытталған экономикалық қызмет.


8. Елдің шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды реттейтін мемлекеттік қызмет

9. Тауар бірлігінің ақшамен көрінетін құны.


7. Буындар қазынасы.

тұ

қа

пай

шы

ріс

да

сұ

лік

шік

жет

тау

ді

ну

ныс

ты

са

ті

лық

өн

ар

мен

ра

Қажеттілік- бірдеңеге деген мұқөтаждық әр адам немесе жалпы қоғам қажет ететін тауарлар мен қызмет көрсетулер.

Салық - мемлекеттік өкімет органдарының мемлекет пайдасына азаматтар немесе фирмалардың жалақысы немесе пайдасынан алатын міндетті төлемдер.Мемлекеттік бюджетке түсетін негізгі қаржы көзі.

Тұтынушы -қажеееілікті қанағаттандыру барысында тауарлар мен қызмет көрсетулерді пайдаланушы.

Тауар - адамның қандайдй бір қажеттілігін қанағаттандыру және сату мен айырбастау үшін өндірілетін өнім.Қызмет көрсету де тауар бола алады.

Сұраныс тұтынушының тауарды немесе көрсетілетін қызметті дәл осы жерден және дәл осы уақытта сатып алу жөніндегі тілегі мен мүмкіндігі.

Меншік - адам кәсіпорын немесе мемлекет пайдаланатын немесе иелік ететін нәрсе.

Пайда- тауарды немесе көрсетілетін қызметті өндіруге жұмсалған шығын арасындағы айырмашылық.

Өндіріс- адамдардың қажеттілігін қанағаттандыруға керекті материалдың игіліктерді жасау процесі.

8. Оқушы шығармашылығы

1. Экономика сабағында,

Үйренеміз үнемдеп.

Ақша,табыс, тауарлар да.

Бәрі-бәрі керемет,

Оқушылар бұл сабақта

Отырады керемет

2.Қазір заман өзгерді,

Өзгеше де,ақша да.

Табыс тауып,ақша алып,

Біз жетерсің мұратқа.

3.Қазіргі заман нарық,

Басталады парық.

Кезек келсе аласың,

Келмесе үйде қаласың.

4.Экономика сабағы,

Үйренеміз көп нәрсе.

Табыс,шығыс бәрінде,

Оқимыз біз әр нәрсе

5.Бюджет деген жұмыс бар,

Оны алға қойыңдар.

Дағдарысты жойыңдар,

Жойыңдарда тойыңдар.

6.Ақша деген жақсы-ақ зат,

Арманыңа жетесің.

Ферма ашып бай болып,

Жақсы өмір сүресің.

7.Ақшаң болса қалтаңда,

Алақаның ашылар.

Сараң болсаң сен егер,

Ақша болмас қалтаңда.

8.Отаным нық қадаммен қарыштаған,

Дамыған елу елден қалыспаған.

Жаратып байлық,бақыт ізгілікті,

Әлемдік дағдарыстан алыстаған.

Тауарын экспорттап шетелдерге,

Қаржысын нығайтуға бекемдеуде.

Бәсекесін базардың жолға қойып,

Жол берген адал еңбек етем деуге.

9.Жағдай жақсы болса халықта риза,

Сауда-саттық,кәсіпкер,нарық биржа.

Депазитке салымшы салып тұрса.

Жеке тұлға кредит алып тұрса.

Әр үйге бау мен бақша бақтар керек,

Барлығын алу үшін ақша керек

Жалқауға жан жуымас Алла өзі.

Пайданың бұлақ көзін тапса беред.

Экономика бизнес,нарық дейді,

Бұның бәрін көретін халық дейді.

Жомарт жандар қазы мен қарта жейді,

Экономдап жүргендер балық жейді.

10.Ұнатамын экономика сабағын,

Табыс ақша бәрін жаттап аламын.

Оқып-оқып миға сақтап аламын,

Ұнатамын экономика сабағын.

9. Сөзден сөйлем құрау.

Өз.зерттейтін.үшін.адамдардың.ғылым.қажеттіліктерін.қалай.қанағаттандыру.бөлетінін.экономика.

ресурстарды

1.Экономика- өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін адамдардың ресурстарды қалай бөлетінін зерттейтін ғылым.

Барлық.емес. салалары. және.өндірістік.елдің. шаруашылық.экономикасфералардың.өндірістік

2.Экономика -елдің шаруашылық өндірістік және өндірістік емес сфералардың барлық салалары.

10.Көрініс

«Тауар» тобы:

Депутат пен бюджет

Бір күні депутат жұмысқа келе жатқанда алдынан бюджет шығады:

-Әй, бюджет қай жерден келіп, қайда кетіп барасың

-Мен елге қызмет істеуге кетіп барам

-Елге қызметті қайтесің, одан да мен сені жей салайын

-Жоқ мені жемеңіз, мен өзімде кішкентаймын, сізге тамақ болмаймын

-Мейлі, кішкентай болсаң да маған көптік етпейсің,-деп депутат бюджетті жеп қояды.

Біраз күн өткен соң депудаттың іші ауырып дәрігерге келеді.

-Сіздің қай жеріңіз ауырып тұр?

-Менің ішім бүріп ауыратын болыпты.

-Келіңіз тексеріп көрейін.

-Сіз көп бюджетті жеп қойғансыз. Бюджет сізге жақпай қалған. Сіз енді диета ұстап, мына қанағат,адамгершілік, кішіпейілділік деген дәріне ішсеңіз тез сауығып кетесіз.

Сөйтіп ашкөз депудат бюджетті жемейтін балыпты.

«Валюта» тобы:

Бірде сараң мен жомарт кездесіп қалып Қызылағаш ауылын сөз қылады:

-қалайсың Сараң?

не жаңалық,

-қалайсың Жомарт тастай болып киініп алып

қайдан келесің ?

-мен Қызылағаш ауылына 20 мың тг. бөлдім. Соны беріп келе жатқан бетім ғой.

-20 мың теңге бердім деймісің!

Оны неғып бердің. Ақшаң қалтаңа симай бара жатса сандығыңа салып қоймаймысың.Оны әкімдер мен жоғарғы жақтағылар шешеді ғой, оның саған не керегі бар?

-сен түсінбедің, жылаған халықты жұбату керек, қайғысына ортақтасу керек.

-жә, қойшы оны.

Сараң көбіне ел басындағыларға сенеді, ал жомарт болса өз атындағыдай өте жомарт. Өмірде сараң, жомарт адамдар бар.

11. Кім тез? Анаграмма шешу.

«Тауар» тобы «Валюта» тобы

1.ЖЕҚАТІТКІЛ-Қажеттілік. ОПТРЭСК- Экспорт.

2.ҰТТНУЫЫШ-Тұтынушы. ШАҚА- Ақша.

3.РДНӨІШІУ-Өндіруші. КНБА-Банк.

4.РИФМА-Фирма. БЕСЕКӘ-Бәсеке.

5.БАРЖИ-Биржа. ҚСЫАЛ-Салық.

6.НЫРОК-Рынок. КЕІШНМ-Меншік.

7.ЮДБТЕЖ-Бюджет. АЭОМИОКН-Экономика.

8.НРҰСАЫС-Сұраныс. ТРОМИП-Импорт.

9.ПӘКСІЕКР-Кәсіпкер. ТРАУА-Тауар.

10. ЫЖҚАР-Қаржы УТТҰЫНШЫ-Тұтынушы.

12. Сабақты қорытындылау.

Оқушыларға сабаққа белсене қатысып, білімдірін көрсеткені үшін алғыс білдіріп,сараптаушылар командалар балдарын қосып, жеңімпаздарды жариялап,мақтау қағаздарын тапсырады.

Үйге тапсырма: «Бизнес» туралы мағлұмат жазып келу.

Мұғалім:....................Сайрамбаева Ш

© 2010-2022