Қазақ тілі-Мәңгілік тіл ( 7 «Г» сыныбы

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№15 орта мектеп








Ашық тәрбие сағаты



Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі-Мәңгілік тіл


( 7 «Г» сыныбы


Дайындаған: Қобланова А.Н.











2015 жыл

Қазақ тілі-Мәңгілік тіл

Гұлнар: Құрметті ұстаздар,оқушылар!

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың мақсаты:ана тіліміздің мерейін көтеру,қолданыс аясын кеңейту,елін,жерін сүйетін,Отанын қорғайтын адал азамат тәрбиелеу.

Гулнұр: Қымбатты ұстаздар,қонақтар, тіл жанашырлары! Тіл мәртебесін көтеру - елдің мерейін үстемдетіп көкке шарықтау. «Қазақ» деген атқа лайық, қазақ екенін дәлелдейтін ұлттың сұлу да сазды , көркейген тілі болуы керек.

Арай: сол тілді биікке самғататын ұл - қыздары, жас ұрпағы болуы керек болса, сол ұрпақ алдарыңызда тұр. Ендеше « Қазақ тілі-Мәңгілік тіл » атты 7 г сыныбында ұйымдастырылған тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

Гулнар: Тәуелсіз елдің басты белгілерінің бірі - тіл. Тіл деңгейін көтеру - өз халқына , дініне жаны ашитын әрбір азаматтың борышы.

Қазақ қазақ болғалы

Тіл үшін күрес - көргені

Көргені көп тілімнің

Мүмкін емес өлмегі.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы толғауы тоқсан қызыл тілге арналады.

Арай:Қазақ тілі - бұл ана тілі, бұл ең көркем, бай тіл. Ол атадан балаға мирас болып келе жатқан құнды қазына. Ананың ақ сүтімен бойымызға сіңген ана тіл қай кезде де бізге қуат берері хақ.

Өз тілім - өзегім, жүрегім,

Өз ділім - ұлттық тірегім.

Сыйланады ғаламда тілімен

Иманды, мейірман дос ұлы елім.

Ақтілек:

Ана тілім - Шежірем, Өсиетім,

Аз ба , көп пе , білмеймін, қасіретің.

Ата- баба түгілі кейінгілер

Анасының білмейді қасиетін...

Арайлым: Қазақстан - егеменді, тәуелсіз ел. Қазақстанды дамыған өркениетті елу елдің қатарына енгізетін біздің болашағымыз - бүгінгі жастар. Олардың міндеті - елінің намысын қорғап, оны әлемге таныта білу. Әлемге таныту үшін әр жас өз елінің тарихын, тілін жетік білуі керек.

Қазақтілі - Қазақстан Республикасының тұрғылықты халқы қазақ халқының және оның шекарасынан тыс өмір сүріп жатқан қазақтардың (РесейФедерациясы, Өзбекстан, Қытай, Монғолият.б.) ұлттық тілі.

Қазіргі қазақтілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады.

Қазақ тілінің сөздік құрамы өте бай, оған 67 мың тізімдік сөз, 24,5 мың фразеологиялық тіркес - барлығы 91,5 мың лексикалық бірлік кірген бір ғана он томдық "Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі" куә бола алады

Нұржан:

Туған бала бейшара кейуанадан

Мойынсұнып тағдырға көнген аман.

Анасының тілінде сөлемейтін -

Қалтыраған көлеңке, өлген адам!

Ана тілім, ана сүтін ақтаған,

Оны Орхон, Енисей де сақтаған.

Құрта алмаған тіпті «Алакөл сұлама»,

Қорғаған ел «шұбырынды ақтабан».

Болмақсың ба рухани Аралым,

Саған құймай қайда қаңғып қаламын?!

Бекінісім біріспейтін өліспей,

Ана тілім - ең соңғы ұлттық қамалым.

Сүйемін туған тілді - анам тілін,

Бесікте жатқанымда ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнін.

Райхан:

Тілімді арымдай сақтаймын,

Ділімді тексіз боп шатпаймын.

Құқымның пәктігін дәлелдеп,

Ұлтымның бай тілін жаттаймы

Қасиетің, ана тіл аз ба сенің,

Өзің барда ескірмес, тозбас елім.

Сен болмасаң ұлы Абай ақын болып,

Мұқағали отты өлең жазбас еді.

Асанқайғы, Жиренше

Сөйлеп өткен қазақ тіл.

Жәнібек пен Қойлыбай

Сыйлап өткен ғажап тіл...

Мерей:

Туған жері - түп қазығы, айбыны,

Туған тілі сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр салт санасы - тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі...

Ана тілім - жүрегісің анамның,

Жүрек - ана, мен өзіңнен таралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.

Қазақ тілі - өз тілім, дана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім!

Әсемай:

Ана тілін жырлап өткен талайлар,

Жырлап өткен Ыбырайлар, Абайлар!

Қасиетті менің ана тілімде

Өшпес мәңгі алаулағаг арай бар!

Тілім менің!

Тілім үшін мың өліп тірілді елім.

Арманыммен, арыммен қатар қойып,

Тілді қорғау- парызым бүгін менің.

Тілім менің!

Ұлы Абайдай, Мұхтардай пірім менің!

Тұнығым, рухани жан азығым,

Ол бүлінсе менің де бүлінгенім.

Нұрдаулет

Алтай мен Атыраудың, Арқа мен Алатаудың арасындағы сахараны мекендеген қазақтың Әлейхан Бөкейхан, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынұлы сынды біртуар ұлдары ХХ ғасырдың өзінде тәуелсіз алаш мемлекетін құруға бекер белсене кіріспеген болар...

Мағжан Жұмабаевтың «Ана тілі» атты өлеңінде

«Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз - бабам тілі, сен қалдың» - деп жырлаған.

Бексұлтан: аққан жұлдыздай жарқ етіп өте шыққан Сұлтанмахмұт Торайғыров та ана тілін арының туы еткен.

Сүйемін туған тілді - анам тілін,

Бесікте жатқаным да ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнін» деген өлең жолдарын тебіренбей оқи алмайсың.

Адамды мұратқа жеткізетін - ана тілі мен дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз - ана тілі. Тілімізді шұбарлатып сөйлеуге жол бермеуіміз керек. Ана тілі - ар өлшемі. Осы орайда ақын Қадыр Мырзаәлидің

«Ана тілің - арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрің біл

Өз тіліңді құрметте» деген өлең жодары еріксіз ойымызға оралады.

Райхан: Ана тіліміздің шырайы мсен шұрайына сонау ерте замандардан - ақ шетел саяхатшылары, ғалымдары ерекше мән берген. Ұлы Пушкин қазақ даласына келіп «Қозы - Көрпеш - Баян сұлу» сияқты жырларымызға тамсанса , әйгілі ғалым Радлов «Қазақтар тамаша шешен сөйлеп,әңгіме айтуды ұнатады, аса бай поэзияға ие» деп жазған.

Ақтілек: Қазіргі таңда ана тілімізге жаны ашып жүрген - ақын ағамыз Мұхтар Шаханов. Ақын «Тілін сыйламаған адам ұлтын сыйлауға қабілетсіз. Тіл - әр ұлттың ең ұлы анасы. Әлемдегеі өркениеті дамыған елу елдің құрамына ену идеясын біз де қуаттаймыз. Бірақ елуінші емес, бірінші нөмірлі мемлекетке айналсақ та ,тіліміз бен рухымыздан айырылсақ, ол біз үшін өліммен тең» деген екен. Төлеген Айбергенов «Сағыныш» атты өлеңінде

«Жалғасын сен айт бұл асқақ әннің,

Жабылып кетсем егер мен

Ғұлама жылдар судырлатқанда парағын» деп ақынға үлкен сенім артқан. Қазір Мұхтар ағамыз сол сенімді ақтап әлемдік поезиядан өзіндік орынын алған тұлға.

Жанар:Тіл - жалықпас мұрагер,

Өлсеңде жоқтау арнаған.

Тіл - «шаппай бер» Құлагер,

Алдына өнер салмаған.

Тіл - Төлеген ажалы,

Саналы жанды күрсінткен.

Тіл - Қыз Жібек ажары,

Жүрегі барды сүйсінткен.

Тіл үзілмес әз үнім,

Шарықтап құмар қандырған.

Тіл - Ләйлі, біз - Мәжнүн,

Махаббат естен тандырған.

Тағдырдың түсіп тезіне,

Шекпестей қорлық мазағын.

Өз қолың жетсе өзіңе,

Тіліңді қорға қазағым!

Ұлболсын: Несіне мен қазақпын, өз тілімді білмесем

Өз еліме жарқылдап, еркін сөйлеп жүрмесем.

Құт мекенім , қасиетті ата - бабам жерінде,

Нағыз қорлық деп білемін, басқа тілде тілдессем.

Ана тілдің қасиетін айта білген түсінер,

Өз тілінде сөйлейді өмір көрген кісілер.

Жойған күні тіліңді, жойылады қазақ та,

Жоя білген адамдар, құлдыққа да түсірер.

Мансап үшін өз тілін құрбан еткен адамдар,

Басқа тілді қастерлеп, ана тілін жамандар.

Ондай жандар ортадан, аулақ болса сол дұрыс.

Қазақ емес, шіріген жұмырқа деп санаңдар!

Әсем: Ана тілін сатқандар опасыз деп білемін,

Білген жанға өз тілің - қуанышың, тірегің.

Қазақ тілі қор болса, қор болғаным менің де.

Ол жойылса мәңгілік тоқтап қалар жүрегім.

Керек емес байлығың, керек емес алтының,

Менің жалғыз тілегім, тілін сақта халқымның

Ана тілім бар жерде, сақталарын білемін.

Қазақ үшін қасиетті ата - дәстүр салтымның.

Ана тілін тартқылап, салып жүрген көкпарға.

Ойлаңдаршы қазағым, осы бізде бет бар ма?

Ана тілін ту етіп, көтер қазақ көгіңе.

Айқасқа түс, сол үшін айтыс болса шегінде.

Арай: Қазақ тілі - Қазақстан мәртебесі, мақтанышы. Тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болды. Енді осы ана тіліміздің өрісін кеңейту, қолданыс аясын барынша ұлғайту - біздің міндетіміз.

Хормен: «Қазақстан болашағы - қазақ тілінде».

Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызға уақыт бөліп келгендеріңізге көп рахмет,сау болыңыздар!

© 2010-2022