Түбір мен қосымша урок про казахском языке

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Түбір мен қосымша урок про казахском языкеТүбір мен қосымша урок про казахском языкеТүбір мен қосымша урок про казахском языкеТүбір мен қосымша урок про казахском языкеТүбір мен қосымша урок про казахском языкеТүбір мен қосымша урок про казахском языкеТүбір мен қосымша урок про казахском языкеТүбір мен қосымша урок про казахском языкеТүбір мен қосымша урок про казахском языкеТүбір мен қосымша урок про казахском языкеТүбір мен қосымша урок про казахском языкеТүбір мен қосымша урок про казахском языкеТүбір мен қосымша урок про казахском языкеТүбір мен қосымша урок про казахском языкеТүбір мен қосымша урок про казахском языке

Түбір мен қосымша урок про казахском языке





Маңғыстау облысы

Маңғыстау ауданы

Өтес орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Қоштаева Ақмарал Майлыбайқызы

18.03.1979 ж





Қазақ тілі 2 сынып

Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға түбір мен қосымша жайлы мағлұмат беру.Жаттығулар

орындай отырып, түбір мен қосымшаны ажырата білуге үйрету.

Дамытушылығы: Оқушының тілін, сөздік қорларын, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Жаңа технологияға сүйеніп, оқушылардың жаңа сабақтан алған

білімдерін тиянақтау. Жазба жұмыс барысында ұқыптылыққа,

сауаттылыққа, жылдам ойлауға тәрбиелеу.

Сабақтағы көрнекіліктер: Интерактивті тақта,сызбалар, суреттер,үлестірмелі

қағаздар т.б.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру,оқыту, «Сатылай кешенді талдау»технологиясы,слайд.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, түгендеу.Сабаққа дайындау.

II. Үй тапсырма тексеру.

304-жаттығу. «Бас қала-Астанам» тақырыбына шығарма жазып келу.Оқушылардың жазып келген шығармаларын оқыту.

Мұғалім тақтаға Астананың суретін іліп,қысқаша мағлұмат беру.

III. Жаңа сабақ.

1.Жалпы сыныпқа суреттер көрсетіліп, сурет бойынша сөйлем құрастыру тапсырылады:

-Орманда нелер бар?

-Қоян, түлкі туралы не айтар едің?

-Қоян- аң. Ол орманда жүреді.

-Орман сөзіне -шы қосымшасын жалғаңдар. Не өзгереді?

-Орман+ шы.Сөздің мағынасы өзгереді,яғни орманшы -адам.

-Орман сөзіне - дар қосымшасын жалғаңдар.

-Ормандар. Орманның көп екенін білдіреді?

-Балалар, осы қосымшаларды арқылы сөздегі қандай өзгерісті байқадық?

- Сөздердің мағынасы (тұлғасы ) өзгерді.

Орман Орманшы Ормандар - сөзінің түпкі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір(түбір сөз) дейміз.Мыс: орман

Сөздің түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейміз.Мыс:орманшы,ормандар.

-Оқушылармен ережені бірге оқу.

-Оқулықтағы ережені оқыту.

«Кім тапқыр»ойынын ойнату.

Оқушыларға түбір сөздер мен қосымшаларды таратып, оларға сөз құрастыруды тапсыру. Көк-шіл,күріш-тің,өрік-тің,қобыз-шы.

Қанша сөз құрастырғанын сұрау.

IV. Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу минуты. Оо Оо оқулық

V. Оқулықпен жұмыс.

305-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу.Қарамен жазылған сөздерді салыстыру.Әр сөздің мағынасын түсіндіру.

-Балаларға сөздерді салыстырту:күй-күйші,балық-балықшы,құрылыс-құрылысшы,жылқы-жылқышы.

-Әрсөздің мағынасы ажыратылады.Нені байқадыңдар?

-Әр сөзге жалғанған қосымшалар арқылы сөздердің мағыналары өзгерді.

306-жаттығу.Өлеңді оқу.Қарамен жазылған сөздердің түбірін қосымшалардан сызықшамен бөліп, көшіріп жазу.

Сурет-ші,мүсін-ші, терезе-нің, аяз-дың.

VI. Сергіту сәті.

Екі қолды қосқанда

Құшақ емес пе?

Екі қанат аспанда

Ұшады емес пе?

Екі аяғым тірегім,

Адымдап мен жүремін.

Тәуелсіздік еліме,

Басымды мен иемін.

307- жаттығу.(ауызша)Түбір сөздер мен тиісті қосымшаларды сәйкестендіру.

сый -гіш

жұмыс -лі

біл -шы

өнер -қыш

ұш -лық

308-жаттығу.Өлеңді оқу.Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын тауып, қайсысы түбір, қайсысы қосымша екенін дәлелдеу.

Жүн-нен, мақта-дан, тоқыма-шы.

VII. Фонетикалық бірліктерді сатылай кешенді талдау.

қ

  1. Бұл - дауыссыз дыбыс. Себебі бұл дыбысты айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап, ауа қысылып шығады.

  2. Үн мен салдырдың қатысына қарай - қатаң дауыссыз. Себебі бұл дыбыс тек салдырдан тұрады.

  3. Айтылу, жасалу тәсіліне қарай - шұғыл дауыссыз.Себебі бұл дыбысты айтқанда дыбыстау мүшелері бір-біріне қатты соқтығысып, ауа кілт үзіліп, шұғыл шығады.

  4. Жасалу жолы мен дыбыстау мүшелерінің қатысына қарай - тіл арты дауыссызы.

А

  1. Бұл - дауысты дыбыс. Себебі бұл дыбысты айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешбір кедергіге ұшырамай, ауа еркін шығады.

  2. Тілдің қатысына қарай - тіл арты немесе жуан дауысты дыбыс. Себебі бұл дыбысты тілдің ұшы сәл артқа қарай тартылып, үсті сәл дөңестенеді.

  3. Жақтың ашылу дәрежесіне қарай - ашық дауысты. Себебі бұл дыбысты айтқанда жақ кең ашылып, ауа еркін шығады.

  4. Ерін мен езудің қатысына қарай - езулік дауысты. Себебі бұл дыбысты айтқанда ерін жиырылып ерін артқа қарай тартылады.



Сөзге сөз сазындық (фонологиялық) талдау жасау.

мақтадан

1.Бұл сөз айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай- жуан буынды сөз.Себебі, сөздің құрамындағы дауысты дыбыстар жуан дауыстылар.

2. Бұл сөз: мақ-та-дан болып үш буынға бөлінеді.Себебі сөздің құрамында үш дауысты дыбыс бар.Мақ-, дан буыны-бітеу буын.Себебі буын дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталып тұр.Та- буыны-ашық буын.Себебі, дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталып тұр.

Бұл сөз

3.Мақ- болып екі жағдайда тасымалданады.Себебісөз үш буыннан тұр немесе сөз

та- буын жігіне сәйкес тасымалданған.Жазылып келе жатқанда сөз жолға сыймай

дан қалса, сөздің соңындағы бір немесе бірнеше буынды екінші жолға көшіруді

тасымал дейді.Ондай жағдайда сөздің соңғы буынына дефис(-) арқылы

тасымалданады.

VIII. Қорытындылау.

«Арқан тартыс» қазақтың ұлттық ойынын ойнату.

Тақтаға ілінген көрнекілік арқылы, арқанға байланған сұрақтарға жауап беру арқылы өз жағына тартып кету.

1.Түбір сөзге тиісті қосымша жалға. Оқу, торғай

2. кемеге, гүлге сөздерінің түбірін тап.

3.Түбір деген не?

4. Қосымша деген не?

Не үйреніп, не білдік?

Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма 309- жаттығу. Ереже жаттау.



© 2010-2022