Таұырыбы: Сан есімнен өткенді қайталау

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Таұырыбы: Сан есімнен өткенді қайталау

Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Жумагулова Роза Елемесовна

Сабақтың тақырыбы

Сан есімнен өткенді қайталау

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Интерактивті тақта, флипчарт, оқулық, стикерлер, бағалау парақтары

Сабақтың мақсаты:

  • Сан есім тарауы бойынша алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп қорыту, теориялық білімін практикамен ұштастыру;

  • Ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуін дамыту.

Оқыту нәтижесі

  • Ойын ашық айта біледі.

  • Құрдастарымен қарым-қатынасқа еркін түсе алады.

  • Әр түрлі жағдаяттардан шығатын жол таба біледі.

Топқа бөлу

Сан есімдерге байланысты топқа бөлінеді.

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Сан есімдерді қатыстыру арқылы тілектер айту.

Сыныпта психоло-гиялық ахуалды қалыптастыру

Ортаға шығып тілектер айту арқылы көңіл- күйлерін көтеру

Үй тапсырмасын сұрау

Сан есімдердің мағыналық түрлеріне қарай жазылған сөйлемдерді тексеру.

Мағынаны тану

І. Миға шабуыл.


  • Сөз табын зерттейттін сала? (морфология)

  • Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (9)

  • Заттың санын, ретін білдіретін сөз табы? (сан есім)

  • Сан есімнің сұрақтары? (Қанша? Неше? Нешінші?)

  • Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді? (2)

  • Дара сан есім неше түбірден құралады? (1) Мысалы: он

  • «Отыз бес» сан есімі дара ма, күрделі ме? (күрделі) Себебі:

  • Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді? (6)

  • Есептік сан есім нені білдіреді? Сұрағы?

  • Реттік сан есім нені білдіреді? Сұрағы? Жұрнағы?

  • Топтау сан есім нені білдіреді? Сұрағы? Қай септіктің жалғауы жалғану арқылы жасалады?

  • Жинақтық сан есім нені білдіреді? Сұрағы? Жұрнағы?

  • Нешеге дейінгі сандар жинақтық бола алады?

  • Болжалдық сан есім нені білдіреді? Сұрағы? Жұрнағы?

  • Болжалдық сан есім тағы қалай жасалады?

  • Бөлшектік сан есім нені білдіреді? Неше түрі бар?

  • Сан есімнің басқа түрлерінің жасалуына негіз болатын сан есім?

ІІ. «Ойлан. Ізден. Тап.» (жеке жұмыс)

Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойып жаз.

... ауыз сөздің тобықтай түйіні бар. ... саусақ бірдей емес. ... теңгең болғанша, .... досың болсын. Білекті ... жығады, білімді ... жығады.

ІІІ. Сөз құрамынан сан есімді тауып цифрмен жаз.

Түбір, кекіл, күшік, төртпақ, дербес, балтыр, жетік, сегізкөз, тоғызқұмалақ.

(тү+1, к+2 +л, к+3+ ік)

ІV. Ойлан тап. (жұппен жқмыс)

Төмендегі сан есімдерді мағыналарына қарай топтап сызбаны толтыр.

Сексен, тоқсандай, он шақты, алпысқа жуық, он бір, жетеу, мыңыншы, біреу, бес - бестен, бес жүз алпыс, қырықтан, төрттен бір.

V. Шығармашылық жұмыс. (топпен жұмыс)

«Сан есім патшалығы» тақырыбына ертегі жазу.

VI. Ой жинақтау. (тест жұмысы. Жеке жұмыс)

1. «жарты, жарым, ширек» сөздері қалай жазылады?
А) Сан есім сөзбен бірге жазылады. В) Бөлек жазылады. С) Дефис арқылы жазылады.
Д) Сызықша арқылы жазылады. Е) Үтір арқылы жазылады.
2. Қай қатардағы сан есімдер арасына дефис қойылмайды?
А) он оннан В) отыз қырықтарда С) екеу үшеу Д) төрт мыңға жуық Е) үш төрт
3. Емлеге сай жазылған сан есімді табыңыз.
А) Алты бүтін - үштен екі. В) 4-мыңға жуық. С) 6-ны 2-ге бөл.
Д) 20 30 жан. Е) 60 тай.
4. Сан есімнің қай түрінде -ау-еу- жұрнағы жалғанғанда, түбірдегі -ы-і түсіп қалады?
А) жинақтық В) реттік С) болжалдық Д) топтау Е) бөлшектік
5. Сан есімнің сөйлемде атқаратын негізгі қызметі не?
А) бастауыш В) баяндауыш С) толықтауыш
Д) анықтауыш Е) пысықтауыш
6. Шығыс септігінде тұрып, пысықтауыш болатын сан есім түрі қайсы?
А) есептік В) реттік С) жинақтық Д) бөлшектік Е) топтау
7. Сан есім сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр? «Олар үштерде келеді.»
А) анықтауыш В) толықтауыш С) пысықтауыш
Д) бастауыш Е) баяндауыш
8. Топтау сан есімдерінің сөйлемде атқаратын қызметін белгілеңіз.
А) бастауыш В) баяндауыш С) толықтауыш Д) пысықтауыш Е) анықтауыш
9. - ншы жұрнағы жалғанатын сан есімді көрсетіңіз.
А) екі В) он сегіз С) жиырма алты Д) он Е) мың
10. Реттік сан есім қай қатарда дұрыс жазылған?
А) Х-сынып В) 2004-жылы С) 24-қараша Д) 1-інші үй Е) 3-алма алды.

Сергіту сәті

Сан есімге байланысты ребус шешу

Үй тапсырмасы

Берілген сан есімдерді тұғасына, құрамына, мағынасына қарай талдау

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

Бағалау

Кері байланыс

Өзін өзі бағалау, өзара бағалау


© 2010-2022