• Преподавателю
  • Другое
  • Урок Физико-географическое положение океаны и моря омывающие берега исследования Африки (7 В класс)

Урок Физико-географическое положение океаны и моря омывающие берега исследования Африки (7 В класс)

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Секіру

Секірудің барлық түрлері де оңайлыққа түспейтін жаттығулар.Секірулер аяқтың және дененің жоғары жақ бөлігінің бұлшық еттерін дамытып нығайтады,тыныс алмен қан айналысы органдарының қызіметін жақсартады. Биіктікке секіру.Биіктікке секіру өзінің әдістері жағынан мынадай топтарға бөлінеді: -жүгіріп келіп биіктікке "адымдау"әдісімен секіру техникасы;

-жүгіріп келіп "аяқты кеудеге қарай тартып"биіктікке секіру техникасы;

-жүгіріп келіп, "арқамен секіру"

Биіктікке секіруді бастрмас бұрын секірудің қарапайым әдісі-аттап секіруді меңгеріп алу керек.Аттап секіруді бір орында тұрып секіру арқылы үйренуге болады. Бір орында тұрып секіріп үйрену үшін мынандай дайындық жаттығулары орындалады. -бір орында тұрып,бір аяқты алға сілтей,екінші аяқпен серпіле секіру; -бір орында тұрып, бір аяқты алдыға және жаңға сілтіген кезде серпілетін аяқты бүгіп-жазып тұру;

-бір орында тұрып,екі аяқпен он шақты рет жоғары секіру және жоғары секіргенде 180 градус айналып түсу;

-сілтейтін аяқты жоғары көтеріп барып, өз орнына түсіру.

Биіктікке секіргенде серпілетін аяқты жерге нық тіреп, жоғары қарай серпілу керек.Бұл кезде аяқ бүгілген қалыпта болып, жіптің (кедергінің) үстінен асады. Жерге тізені сәл бүгіп аяқтың ұшын тірей түсу керек. Ал аяқ жерге тигеннен кейін, аяққа түсетін салмақты (күшті) азайту үшін тізені көбірек бүге түсу қажет.

Биіктікке секіргенде тірейтін аяқтың табаны жерге тиген бетте сілтенетін аяқтың тізесін сәл бүгіп, денені алдыға және жоғары қарай жұлқи көтеру қа- жет. Ал жерге тірелген аяқтың тізесі бірден жазылып, қол алдыға қарай созыла көтеріледі. Жоғары сілтенген аяқ пен денені жұлқи көтеру және қолды алға сермеу қимылдарының сәтті үйлесімі жерге тірелген аяқтың тез серпіліп жазылуына мүмкіндік береді. Сілтенген аяқ кеудеге қарай бүгіле жо-ғары көтеріліп, кермеден асар кезде серпілетін аяқты тез тартып алу керек те, кеуде бүгілген қалыпта кермеден аса беру қажет. Кермеден асқан соң аяқты төмен соза жерге түсіп, бір орында тұрып биіктікке секірген сияқты жеңіл секіріп қойған дұрыс.

Ұзындыққа секіру.

Ұзындыққа секіру мынадай түрлерге бөлінеді.

-жүгіріп келіп "аяқты жиып" секіру.

-жүгіріп келіп "аяқты қайшылап" секіру;

-жүгіріп келіп "шалқайып"секіру.

Ұзындықа секірудің нәтижесі жүгіру жылдамдығына және серпіліске байланысты.Неғұрлым алысқа секіру үшін секірудің толып жатқан айла-тә- сілдерін меңгеру керек.Ұзындыққа секіру тәсілін жақсы меңгеру үшін еркін жүгіріп кеіп,кедергісіз шағын ұзындыққа секірумен көбірек айналысу керек. Осы мақсатта мына тәсілдерді міндетті түрде меңгеру қажет:

1)тез жүгіре білу;

2)серпілетін сызыққа аяқты дәл қоя білу;

3)серпілетін аяқты жерге нық тіреп,жақыс серпіле білу;

4)жерге дұрыс жұмсақ және арқа қарай құламай түсе білу.

Ұзындыққа секірудің "шалқайу"тәсілі мейлінше тиімді,өйткені ол ұшу кезінде айналып кетуден сақтайды және жерге жайлы түсуді көздейді.Көтерілгеннен кейін серпілетін аяқ төмен итерілген аяққа қарай, артқа жіберілді.Жамбас төмен, алға қарай қозғалыс жасайды. Дененің кеуде және бел омыртқа тұсы бүгіледі,ал аяқ аздап артқа жіберілді. Осыдан кейін, жерге түсер алдында алғашқы жағдайына келеді.

Секіруді енді-енді бастағандар үшін жүгіру ұзындығы елеулі түрде қысқарады, төменгі сынып оқушыларында 16-22 м болса, жоғары сынып оқушыларында 25-35 м болады.Қыз балаларда ол екпінмен жүгіру аралығы 2-3 м аз болады.Әдетте осы қағидаларды биікке секіргенде де пайдалы болмақ.



Сарықұдық негізгі жалпы білім беретін мектебі

Реферат



Тақырыбы:Секіру.

Орындаған: Бекбулатова Айнаш Саматқызы

5 сынып



2014-2015 жыл

© 2010-2022