Өлкетану туралы шағын ой (эссе)

Отанға деген сүйіспеншілік туған елге, қалаға, ауданға деген жылы сезім өздігінен тумайды. Ол тәрбие арқылы қалыптасады. Туған өлке туралы мазмұнды сыр шерте білу- біз сияқты ұрпақтың Отанға, оның тарихы мен мәдениетіне деген сезім баспалдағының бірі. Өйткені еліміздің тарихы бүгінгі күнмен тығыз байланысты.      Ал өлкетану білімге күштеп, әрбір адамның әлемді танып білуіндегі сенімді жәрдемшісі. Қазіргі кезде бәріміз айтып жүрген қоғамдық танымның адамгершіліктің кеңістігін қалыптастыруға жәрд...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өлкетану туралы шағын ой (эссе)

Отанға деген сүйіспеншілік туған елге, қалаға, ауданға деген жылы сезім өздігінен тумайды. Ол тәрбие арқылы қалыптасады. Туған өлке туралы мазмұнды сыр шерте білу- біз сияқты ұрпақтың Отанға, оның тарихы мен мәдениетіне деген сезім баспалдағының бірі. Өйткені еліміздің тарихы бүгінгі күнмен тығыз байланысты.

Ал өлкетану білімге күштеп, әрбір адамның әлемді танып білуіндегі сенімді жәрдемшісі. Қазіргі кезде бәріміз айтып жүрген қоғамдық танымның адамгершіліктің кеңістігін қалыптастыруға жәрдемдесетін мүмкіндіктердің бірі, яғни, адамгершілік қасиет туған жерге, өлкеге деген сүйіспеншілікпен бірге қалыптасады. Бүгінде «туған өлке», «өлкетану» ұғымдары зерттеліп, зерделеніп жемісті жетістіктеріміздің сатысы болып отыр. Ғылымға сүйеніп жұмыс жүргізу үшін сол істейтін ісіңнің жәйін жақсы білу шарт. Қоғам тұрмысын жақсы құру үшін алдымен сол қоғамның мән-жәйін айналадағы табиғаттың мәдени қалпын жақсы білу керек. Міне, осы бастамалардан соң өлкетануға деген қозғалыс туындайды.

Жерінің құйқасы, жәндіктері, өсімдігі, тұрғын халқы, кен-байлықтары жер-судың өзге жағдайлары жайынан жазылған талай адамдардың еңбектері бар. Бірақ бұлар қазақ жерінің байлығының қазақ халқының ескі дәуірінің жүзден біріндей де болмайды.

Туған өлкеңнің тарихын зерттеу -өзіңнің кемел тарихыңа деген құрмет сезімін тудырады. Алдымен адамның бойына қуат, көңіліне шабыт бере отырып, ұрпаққа айтар сенің де бір екі ауыз аманат сөзің сараланады. Мен де сол себепті өзен-көл суларына қатысты өзіндік үнімді қоссам деймін.

Соңғы жылдары өлкеміздің көптеген өзен-көл сулары қалай болса солай пайдаланудың салдарынан олардың қоры азайып ластану өріс алуда. Мысалы, Жайық өзеніне тоқталайық. Жайық өзені 2428 шақырымға созылады. Оның бойы тұнған табиғи байлықтың көзі болып табылады. Жайықтың қойнауы мен суларында 450-ден астам жануарлар, 50-ге жуық балық түрлері, 345 құс түрлері және 1200-ден астам өсімдік түрлері көптеп кездеседі. Ал осы өзеннің өн бойында 383-тен астам су тартатын қондырғштар бар. Олар Жайық суының деңгейін төмен түсіруде. «Судың да сұрауы бар» дейді халық. Суды берекетсіз қолдануға болмайды.

Енді, Өлеңті өзенінен тоқталсам, Сырым елінен бастау алған өзен Қособаның үстімен өтіп, Ақжайықтың Сайқұдығына барады. Содан кейін Орал совхозының Қырыққұдық ауылының Шүтік сайына, одан Еламан Жұлынды болып екіге айырылады. Өзеннің ұзындығы 150-200 шақырымдай. Тереңдігі 20 м (ең тереңі мамыр айында болатын). Ал ені 50-60 м. Су тасығанда 100 м дейін барады. Төмен жақ сулары 7-8 м дейін тереңдікте болады.

Ал қазіргі таңда бұл өзен де қатты тартылып бара жатыр. Бұл өзенде шортан, тұқыш, қара балық, қызылқанат, тасбақа, су жыланы, шаян сынды жәндіктер мекендейтін. Қазір бұлар да азаю үстінде. Өзенде үйрек-қаздар, аққұтан, көкқұтан, аққу, тырна, шағалалар ұшып жүреді. Өзенді 1985-1990 жылдары Кушум каналымен Жайық өзені арқылы су құйып қоректендірген. Кезінде осындай балыққа, құстарға, өсімдігіне бай өзенге құятын каналдарымыз суға толы болса, қазіргі кезде бұл каналдарда жағдай мәз емес.

Өз өлкемнің табиғатына, танымжорық жасай келе, өлкемізге қатысты атауларды жатттап қана қоймай, бақылай алуға ниеттену керек. Адам өмірі үшін арзымайтын құндылықтарымыз, яғни, өзен-көлдер және ұрпақ үшін мәні зор тарихи шежірелі мекендер мен танымал тұлғалар туралы үнемі рухани дүниемізді толықтырып отырсақ, ьұл-перзенттік парызымызды өтегеніміз. Өзіміз өскен ортаның тарихын, оның қойнауындағы әрбір құбылысын, өзгерістердің сыры мен қырын білу міндетін меқсат ету керек. Сонда ел ертеңі болар жастардың ұлттық намысы оянып, тарихи тұлғалардың табыстары мен өнегелі істерін мақтаныш ететін өскелең ұрпақ құрмет тұтары анық.



© 2010-2022