Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары. Тақырыбы: Алып Ер Тоңға

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мерзімі: №3 Сыныбы: 8 Пәні: қазақ әдебиеті Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы: Алып Ер Тоңға

Сабақтың мақсаты: Ежелгі дәуір әдебиеті «Алып - Ер Тұңға» төңіректерінде түсінік қалыптастыру,Оқушылардың танымдық көзқарастарын,шығармашылық іскерліктерін, белсенділіктерін арттыру.

Қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, , ОүБ.

Стратегиялық іс әрекет: Ой қозғау».. «топтық бағалау».

Дерек көздер:Оқулық , түрлі түсті стикерлер

Уақыт өлшемі

Жоспар мазмұны

Мұғалім іс әрекеті

Оқушылардың іс әрекеті

І. Кіріспе

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.

Оқушыларды психология

лық дайындау.

Өзін -өзі реттеу.

Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, амандасу.

Жүректен -жүрекке тренингін ұйымдастыру.

Сәлемдеседі жылы қабақты сезеді.

Бір - бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

- Бүгінгі күніңе сәттілік тілеймін.

- Сабағыңды беске оқы, денің сау болсын.

Сынып оқушыларын шағын топтарға бөлу.

Топ ұстанымын құру.

ұлттық құндылыққа байланысты оюды пайдаланып 4 топқа бөлемін

Оқушылар сандықтан оюларды алып шағын топтарға бөлінеді, Әр шағын топ бірлесе отырып, өз топ ережелерін құрып, таныстырып, тұстарына іледі

Білу

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты

1 Ежелгі дәуір әдебиетіне жалпы шолу жасау

2 «Алып - Ер Тұңға» жырымен таныстыру

Оқушылар ежелгі дәуір әдебиетінен мағлұматтар алады

Түсіну


Қолдану

Негізгі бөлім


1-тапсырма

1 Ежелгі дәуір әдебиеті туралы не айтасың?

2 Жоқтау деген не?

3 Дүниені неге опасыз дейді?тармен тапсырмаларға жауап беру

4 Жүрек неге жыртылады?

5 Жұрт неге шуласады?

6 Ер-Тұңғаның түркі тарихындағы рөлі?

Оқушылар сабақтың мақсатына өз идеяларын қосады.

Талдау

«Даналық ой» айдарымен жұмыс

Әдебиет -адам өнерінің ішіндегі ең ұзақ жасайтындардың бірі

(ҒМұстафин)

Әдебиет тек асыл мұратпен, таза ар -намыспен ғана кіруге болатын зәулім сарай

(С Шаумян)

Берілген нақыл сөздердің қатарын өз беттерінше толықтырады, нақыл сөздердің мағынасын ашып, талдау жұмысы жүргізеді

жинақтау

Қорытынды

- Қазақ жерін мекендеген тайпалар туралы тарихпен байланыстыра әңгімелеңдер.

- Ежелгі түркі әдебиеті мен ауыз әдебиетін салыстырыңдар.

- Алып Ер - Тоңа мен Алпамыс батырды салыстырыңдар.

- Оқушыларды ынтасына қарай бағалау, үй тапсырмасын хабарлау.

Оқушылар топта бірлесе отырып ортақ шешімге келіп , жауап береді

бағалау

Бағалау.

Жауабыңа тәнтімін

Жарайсың!

Әттеген -ай

(мадақтау сөздері арқылы бағалаймын)

Әр шағын топ сарапшылары өз топ мүшелеріне баға берді.

Үйге тапсырма

Түркі халықтарына ортақ әдебиет. «Алып Ер-Тоңа» дастанын мазмұндау.

Рефлексия.

Оқушыларға жасыл, қызғылт түсті стикерлер таратады.

- Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?

- Нені үйрендіңдер?

- Шағын топта жұмыс жасау сіздерге ұнады ма?

Оқушылар стикерлерге

- Бүгінгі сабақтан қандай әсер жазады.

- Нені үйренгендерін

- Шағын топта жұмыс жасау ұнады ма? деген сауалдар төңірегінде ішкі сезімдерін жазады.


© 2010-2022