«Елдің мықты тірегі-дені сау ұрпақ » акция

Б.К.Мергенбаев  атындағы №226 гимназияда «Елдің  мықты тірегі-дені сау ұрпақ »   тақырыбында  өткізілетін  іс-шара  бағдарламасы                                                                                                                 Ғазиз           Бүгін  Б.К.Мергенбаев  атындағы №226 гимназияда  өткізілгелі отырған  « Елдің  мықты тірегі-дені сау ұрпақ » тақырыбында өткізілетін акциямызға қош келдіңіздер.   Айжан       Бүгінгі  іс-шараға қатысып отырған қонақтарымыз: 1.Төребаев Ама...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Б.К.Мергенбаев атындағы №226 гимназияда «Елдің мықты тірегі-дені сау ұрпақ » тақырыбында өткізілетін іс-шара бағдарламасы

Ғазиз

Бүгін Б.К.Мергенбаев атындағы №226 гимназияда өткізілгелі отырған

« Елдің мықты тірегі-дені сау ұрпақ » тақырыбында өткізілетін акциямызға қош келдіңіздер.

Айжан

Бүгінгі іс-шараға қатысып отырған қонақтарымыз:

1.Төребаев Амантай -Қазалы аудандық СПИД орталығы филиалының меңгерушісі;

2. Құлмұратова Айман-Салауатты өмір салтын қалыптастыру маманы;

3. Мұстафаева Патима - «Жетес би» ауылдық емханасының меңгерушісі

4. Еңсепова Гүлжанат- «Жетес би» ауылдық емханасының дәрігері

5.Баймаханов Алмас- Аудандық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің дәрігері.

Ғазиз

Бүгінгі « Елдің мықты тірегі-дені сау ұрпақ » тақырыбындағы акцияны ашу үшін гимназияның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сарқыт Жұбанышеваға беріледі.

Айжан

Қауіпті ЖИТС (жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы - СПИД) дерті қайдан бастау алғанына тоқталсақ, оның жұқтырылған белгісі алғаш рет 1981 жылы АҚШ-та тіркелген. Ал ЖИТС-ке шалдығудың соңғы сатысы ВИЧ инфекциясын 1983 жылы француз ғалымы Л.Монтанье ашты.

Ғазиз

СПИД вирусы адам ағзасында қалай өмір сүреді?

Адам ағзасына енген ол қанның лимфацит клеткаларының ішіне кіріп, клетканың генетикалық аппаратына жабысып тез көбейе бастайды. Осының әсерінен клетка жарылып өледі.Одан шыққан вирустар жаңа клеткаларға жабылып, өткен процестерді қайталайды. Лимфацит клеткаларының осылай өле беруі салдарынан күндердің күнінде адам ағзасында иммунитет жетіспеушілік пайда болады. Бұл жасырын кезең ондаған жылға дейін созылуы мүмкін. Айрықша еске салатын жай, осы жасырын кезең кезінде адам өзін аурумын деп есептемейді. Бірақ, ол өзімен қатынастағы адамдарға жұқпалы аурудың көзі ретінде СПИД- ті тарата береді.

СПИД - наркотик егушілердің инесі арқылы жұғады.

Айжан

СПИД - тен сақтану үшін не істеу керек? Мысалы: ішімдікке әуестік, токсикомандық , шылым шегу сияқты зиянды заттардан аулақ болған жөн. Ол ойды да, бойды да өсірмейді. Қайта денсаулығыңды әлсіретіп, өмір жасыңды қысқартады. Ал, дені саудан, жаны саудан артық ештене жоқ. Байлық та, бақыт та сол емес пе?

Ғазиз

ВИЧ, қазақша АИТВ - адамдағы иммунитет тапшылығы вирусы, жұқтырғандар және СПИД - пен ауыратындар саны көбеюде. Тіпті бұл дерт балалар өміріне қауіп төндіруде.

Айжан

СПИД ауруын тудыратын вирус - ВИЧ нәрестеге осы аурумен ауыратын ананың құрсағында жатқан кезінде немесе дүниге келгеннен кейін қан арқылы, емізгенде жұғады. Кейде СПИД вирусын жұқтырған адамның қанынан ем ретінде сау балаға құйғанда да, бір рет қана қолданатын инені қайталап қолдану кезінде де жұғуы мүмкін. Сондықтан деніміздің саулығы өзіміздің қолымызда екенін естен шығармайық.

Ғазиз

Олай болса, гимназияның 6 сынып оқушыларын ортаға шақырайық:

1 оқушы: Адам денсаулығына зиян тигізетін жат әдеттерден аулақ болған жөн.

2.оқушы:Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы

3.оқушы: Тазалық саулық негізі,

Саулық байлық негізі

4 .оқушы: Жаңа ғасыр, жаңа заман бүгін,

Біз тілейміз ұрпақтың амандығын

5.оқушы: Нашақорлық - жайылған індет, білем

Жоймай оны жақсылық күн жоқ білем

6.оқушы: Сау дене, азат ақыл, адал көңіл,

Үшеуімен бақытты болады өмір

7.оқушы: Жан ауырса - тән азады,

Қайғы басса - жан азады

8.оқушы: Дені сау адам- табиғаттың ең қымбат жемісі

Бәрі бірге: Ұланымыз туған еліміздің,

Нашақорлық жойылысын! - өктем үшін.

Салауатты өмірдің әнін тыңдап,

Арманымыз ұшып жүр көкте бүгін!

Айжан

Құрметті Амантай ағай

- Қазіргі таңда АИТВ ауруының статистикалық мәлімет бойынша айтып өтсеңіз.

7 «А» сынып оқушысы Баеке Жансаяның « Туған жер » әнін тыңдайық.

Ғазиз

9 сынып оқушыларынан құралған АИТВ - ға қарсы көрінісін тамашалайық, көрініс авторы 7 - А сынып оқушысы Қаражанова Айда.

МОНОЛОГ

Тыңдаңыздар, оқиғаны мазмұнды,

Жөнге салар есі кеткен азғынды.

Наша менен арақтың арамдығы,

Өзегімді өртеді ғой аздырды.

Өмір сүрді бақытты бір жанұя,

Бақытты ені нәресте,шіркін бейкүнә.

Қуаныштар ауқымды кең дария,

Көзі өтті ме, тіл тиді ме белгісіз,

Душар болды сол отбасы қайғыға.

Анасы өлді белгісіз бір апаттан,

Бұйырсын орын анасына жәннәттан.

Әкесі болса, көтере алмай қазаны,

Бас алмады наша менен арақтан.

Күнде ұрып 10 жастағы баласын,

Түніменен еңіретіп жылатқан.

Әуестігі артады есірткіге,

Мына сорлыны құдайым есіртті ме?!

Баласына аяушылық мүлдем өшті,

Өз баласын қорғайды кесірткеде.

Нашаға әуестеніп құмартады,

Есірткіге тәуелді тұрар таңы.

Жылатып жан баласын тастап кетер,

Нашақор күнә толы жүк артады.

Баласын қашан көрсең жылатады,

Әкесі ашуланып ұрар тағы.

Жетектеп детдомына апарғанда,

Байғұс бала қоштаспаққа тіл қатады.

Әкешім тастамашы,жалынамын,

Өзіңе құлақ асам, бағынамын.

Енді саған жақсы бала боламын,

Жағымсыз әдеттерден арыламын.

Тасташы, қойшы болды есірткіні,

Аз болмады онсызда кесір, мұңы.

Нашақорлық апармас жақсылыққа,

Арамызға салды ғой іріткіні.

Әке, білем алып кетпейсің мені сен

Көнемін ғой айтқаның келісем.

Осы уақытқа дейін бақтың мәпелеп,

Мен қалайша әкеменен керісем.

Анашымның қазасы ауыр тиді әкеме,

Наша тағы әуреледі және де .

Есірткінің ес кетірер сиқыры,

Алып келді ауру деген пәлеге.

Әкешім-ау аман жүрші қош енді,

Қоштасуға бізге міне кез келді.

Мәңгілікке ұмытпаймын мен сені,

Сау тұрғанда үйге баршы тез енді.

Кетті әкесі түк болмаған секілді,

Сорлы бала терезеге телмірді.

Әкең сенің аман-есен барады,

Деп тәрбиеші періштені сендірді.

Үйін сатты наша мен арағына,

Арағы барады алып тамағына.

Нашасы жан серігі болып қалды,

Ұмыт болды жалғызы, баласы да.

Шалдығады ақыр соңы СПИД-ке,

Көмектеспес енді наша, спиртте.

Аурухана ауласында қамалып,

Өткен- кеткен қателігін түзейді де.

Міне адамдар денсаулықтың қадірін,

Кеш ұқсаңдар өміріңнің алды мұң.

Шымыр дене,12 мүше келмейді,

Берсең де мейлі байлығыңның барлығын.

Айжан

Келесі қонағымыз Құлмұратова Айман апайға беріледі.

  • Қазіргі таңда салауатты өмір салтын қалыптастыру қаншалықты деңгейде насихатталып жүр?

Ғазиз

6-А сынып оқушысы Баймырза Бексұлтан орындауында «Көк тудың желберегені» әнін тамашалаңыздар.

Айжан

Келесі сөз кезегі Мұстафаева Патима - «Жетес би» ауылдық емханасының меңгерушісіне беріледі

Ғазиз

Біздің гимназиямыздың ұраны:

Айжан

Құрметті қонақтар,ұстаздар, ата-аналар бүгінгі «Елдің мықты тірегі-дені сау ұрпақ » тақырыбындағы акциямызға алтын уақыттарыңызды бөліп, келгендеріңіз үшін алғыс айта отырып, қош сау болыңыздар демекпіз.


© 2010-2022