Қазақ тілі мен әдебиетінен сыныптан тыс іс-шара

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім белестері

Мақсаты: білім деңгейін, шығармашылық ізденісін байқау, ойлау қабілеттерін, қызығушылықтарын, тіл байлықтарын жетілдіру;

Мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру;

Көрнекілігі: Сахнаны безендіру, ұлағатты сөздер жазылған парақшалар ілу. Шарлар, гүлдер, нақыл сөздер

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушыларды топқа бөлу

2. Әділқазылар алқасын сайлау

3. Сайыстың мақсатымен таныстыру

4. Топтардың аттарымен, ұранымен таныстыру.

1- жүргізуші: Ана тіліміз өзінің даму кезеңдерінде жұтылып, жойылып кетпей, халық даналығы арқасында ХХІ ғасырға қадам басты.Қазақ тілі - ата-баба тілі, елдігіміздің белгісі. Міне, шынында да қазақ деген халық - қайсар халық емес пе?

2-жүргізуші: Иә,дұрыс айтасың. Қазақ тілі өте бай әрі көркем тілдердің бірі. ҚР-ның мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Мемлекеттік тілді меңгеру - ҚР азаматының парызы.

Жүргізуші:

Ана тілім -өмірдегі тірегім,

«тілім» дейді жұдырықтай жүрегім.

Болса екен арыстандай айбарлы

Бойымдағы күш - қайратым, білегім!

Қош келдіңіздер, құрметті оқушылар мен ұстаздар! Қазір сіздердің алдарыңызға «Білім белестері» атты интеллектуалдық сайыстың қатысушыларын шақырамыз.

І топтың аты - «Қыран», ұраны «Қыран құстай самғаймыз, қанатымыз талмасын»

ІІ топтың аты -«Жігер», ұраны «Біз балдырған баламыз, жігерлі боламыз» қатысушылар өздерін таныстырады

Әділқазыларды таныстыру.

Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыз 5 асудан тұрады

І-кезең «Бәйге»

ІІ-кезең «Дұрыс па? Бұрыс па?»

ІІІ -кезең «Алты жұмбақ»

ІҮ-кезең «Ғажайып алаң»

Ү -кезең «Тапқырлық»

Олай болса ойында барлықтарыңызға сәттілік тілей отырып, І-кезең Бәйгені бастаймыз. Бастамас бұрын ойынның шартын мұқият тыңдаңыздар. Бұл кезеңде қазақ тілі пәніне қатысты 20 сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан қойылады.

І кезең. Бәйге.Оқушылар қойылған сұрақтарға 1 минут ішінде жауап беру керек.

«Қыран» тобына сұрақтар:

1.«Орфография»сөзі қай тілден енген?(грек)

2.Қазақ тілінде тыйым салуға қатысты сөздер қай терминге жатады? (табу)

3.Сөз мағынасын не зерттейді?(лексика)

4.Дыбыстарды зерттейтін ғылым? (Фонетика)

5. Сөздің бөлшектеуге келмейтін бастапқы мағынасы (түбір)

6. Жалғаудың түрлерін ата (4)

7.Неше септік жалғауы бар

8. Қыздың жиған жүгіндей -тұрақты тіркесінің мағынасы қандай?

9.Сын есімнің мағыналық түрлері.

10.Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар?

11.Үндестік заңы нешеге бөлінеді?

12. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар? 42

13. «Білекті бірді, білімді мыңды жығар» мақалдың тақырыбы не туралы? Білім

14. Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?

15. Әліпби сөзі қай тілден енген? Араб

16. Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді?жуан, жіңішке

17.Қатаң дауыссыздарды ата

18. Есімдіктің түрлерін ата.

19. Көсемше қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

20. Етістің қанша түрі бар?

«Жігер» тобына сұрақтар:

  1. Екпін түрі нешеу (4)

  2. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшалар қой,паз, хана, мен, бен, пен, ов, ев

  3. Қосымшаны тіл білімінің қай саласына жатқызамыз? (морфология)

  4. «лексика» сөзі қай тілден енген? (латын)

  5. Тыныс белгіні не зерттейді? (пунктуация)

  6. Пәлеқор сөзі буын үндестігіне бағына ма? Жоқ

  7. Қөзқарас қандай сөз? Біріккен

  8. Дыбыс үндестігінің түрлерін ата. Ілгерінді, кейінді

  9. Орфоэпия нені зерттейді? Дұрыс айтылуын

  10. Ат ізін салмау. Мағынасы қандай

  11. Қазақ әліпбиінде қанша дауыссыз? 25

  12. Қазақтың батыр қыздары? Әлия мен Мәншүк

  13. «Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас» мақалдың тақырыбын анықта.( достық)

  14. Дауысты дыбыс еріннің қатысына қарай қалай бөлінеді? Еріндік, езулік

  15. Езулік дауыстыларды ата

  16. Қосымша нешеу (2)

  17. Сөз таптарын ата (9)

  18. Сын есімнің шырайлары нешеу? 2 салыстырмалы, күшейтпелі

  19. Зат есімнің мағыналық түрлерін ата. Деректі, дерексіз,жалқы, жалпы

  20. Еліктеу сөз нешеге бөлінеді? 2 еліктеуіш, бейнелеуіш

І кезеңнін қорытындысын тыңдау

ІІ. Кезең «Дұрыс па, бұрыс па?» деп аталады. Бұнда мен тапсырмаларды оқимын, сіздер дұрыс болса қол шапалақтасыздар, бұрыс болса аяқ тарсылдат.Әр топқа 5 сұрақ

  1. Қымыз-түйенің сүті

  2. Қыз қуу қазақтың ұлттық ойыны

  3. Наурыз жаз айында басталады

  4. Қуырдақ қазақтың ұлттық ойыны

  5. Қазақстан украинамен шектеседі

ІІ топ Жігер

  1. Ресейдің астанасы - Астана қаласы

  2. Абай -қазақтың ұлы ақыны

  3. Сәукеле қазақтың ұлттық бас киімі

  4. Бір адамға өлеңі Абайдікі

  5. Көктау ауылы қазақстанға жатады

Міне, балалар берілген сұрақтарға жауап бердік

Келесі кезең «Алты жұмбақ» сіздерге қазақ әдебиетінде кездесетін шығармалардан үзінді беріледі. Кімнің? қай шығармасы, қандай салт - дәстүр кездеседі соны табуларыңыз керек.

ІҮ. «Ғажайып алаң» қазақ тілі мен әдебиеттен тапсырмалар беріледі? Әр топтан капитан командысы шығады, оқушы келіп 100,200,300,400,500 сандарды таңдап сол сұрақтарға жауап берген соң ұяшықта жасырылған сөзді ашады.Бұл жеңіл де, ауыр да болады. Ойлантады, табылады. Сонда бұл не? (жауап)

Адам ие болады, дақ түседі, артады, айырылады. Ол не? (бедел)

Ү. «Тапқырлық»

1. Жер серігі (Ай)

2. Мұсылмандардың діні (Ислам)

3. Жылқының төлі

4. Түйенің атасы

5. Жыл санауы бойынша тышқан жылы нешінші?

6. Қазақтың тұңғыш ғарышкері?

7.Жүз жыл

8. Алашорда үкіметі мен Алаш партиясының негізін салушы әрі көсемі? Ә.Бокейханов

9. Елтаңбаның авторы Шотаман Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков

1. Жылқының төлі

2.. Астана қаласының рәмізі

3. Қазақтың ХІХ ғасырдағы ғалымы Шоқан

4. Мұсылманның бес парызының бірі (ораза)

5. күй атасы( Қорқыт)

6. Қазақстан қанша мемлекетпен шектеседі 5

7.1916 жылы қандай оқиға болды және биыл қанша жыл толып отыр? Ұлт азаттық көтеріліс, 100 жыл

8. Қазақстанның рәміздерін ата

9. Тудың авторы Шәкен Ниязбеков

Сөз кезегі әділ қазыларға беріледі.

Жүргізуші: Тіл - қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді.

Туған тілім тірлігімнің айғағы

Тілім барда айтылар сыр ойдағы

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемі Ә.Тәжібаев айтқандай тілімізді сақтап, дәріптеп, мақтан тұтып жүрейік.









2015 -2016 оқу жылында өткізілген «Білім шыңы» сайысының хаттамасы

Топтың аты

І. Бәйге

ІІ.Дұрыс па?Бұрыс па?

ІІІ. Алты жұмбақ

ІҮ. Ғажайып алаң

Ү. Тапқырлық

Қорытынды

1

Тұлпар



2

Домбыра



Әділ -қазылар:1.---------------------------------------------------

2.----------------------------------------------------

3.----------------------------------------------------



© 2010-2022