Әнімді анама арнаймын ертеңгілік

Әнімді анама арнаймын!Зал іші мерекеге сай безендірілген. Түрлі түсті шарлар ілінген.Ертеңгілік тақырыбы үлкен етіп жазылып ілінген. Ана туралы нақыл сөздер жазылған. Балалар екі қатардан келіп сапқа тұрады. Жүргізуші: Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар,Аналардан туған не бір даналарАна деген тіршіліктің тірегіАрмысыздар, қасиетті аналар!Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар сіздерді көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өм...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әнімді анама арнаймын!

Зал іші мерекеге сай безендірілген. Түрлі түсті шарлар ілінген.Ертеңгілік тақырыбы үлкен етіп жазылып ілінген. Ана туралы нақыл сөздер жазылған. Балалар екі қатардан келіп сапқа тұрады.

Жүргізуші: Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар,

Аналардан туған не бір даналар

Ана деген тіршіліктің тірегі

Армысыздар, қасиетті аналар!

Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар сіздерді көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Осынау көктем мерекесінің орны бөлек. Олай болатыны аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Осы мерекеге орай № 61 орта мектеп жанындағы шағын орталығының ұйымдастыруымен өткелі отырған «Әнімді анама арнаймын» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Ертеңгілігіміздің алғашқы құттықтау сөзін мектеп директоры К.Тлеповке береміз.

Жүргізуші: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәбиде жарқылдап

Ана деген-бәйтерегі өмірдің

Ана деген алтын қазық, алтын бақ

Ән: «Айналайын, мама, туған күніңмен!»

Орындайтын Аянат пен Айда

Жүргізуші: Көңілің алатаудың ақ қарындай,

Мейірімің күннің шуақ шақтарындай

Қалайша аяулы ана тына алармын

Ән болып сағыныштан ақтарылмай - деп абзал аналарымызбен қырмызы қыздарымыздың құметіне арналған «Апатайым, Анашым!» қабыл алыңыздар. Орындайтындар: Нүрсезім мен Гүлжайна

Жүргізуші: көктемнің алғашқы хабаршысындай болып, мерекесі келді. Осындай қуанышты сәтте бала жүрегінен шыққан тілекке құлақ түрейік.

Нүрсезім: Әже деген көп шығар,

Әжемдей менің жоқ шығар

Мейірімді ғой бұл кісі

Қандай ғажап күлкісі

Әжелерді ардақтап

Қуантатын келді күн

Мейрамымен құттықтап

Ән салайық біз бүгін

Әлішер: Анам менің сүйіктім,

Тек өзіңе табынам

Қасымда жүрсең биікпін

Алыстасаң сағынам

Толыбай: Менің әжем гүл әжем,

Алтын әжем, күн әжем

Апам үшін мен үшін

Нағыз ана-тілі әжем.

Аянат: Өзің мені өсірген

Айналайын ақ әжем,

Тентек болсам кешірген

Шөлдедіңбе ақ әжем

Шай қайнатып келейін,

Шекер салып жан әжем

Өзім құйып береәін

Балдай тәтті бал әжем

Берекет: Әлпештеген, аялаған,

Ақ сүт берген апатайым,

Сәлем жазып бүгін саған

Мейрамыңмен құттықтаймын

Дастан: Сыйлайыншы гүлдерді

Теріп алып даладан

Мерекеңіз бүгінгі

Құтты болсын жан анам!

Дінислам: Әжем менің ақ әжем,

Ұл мен қыздың баға әжем

Ертегі айтып бер десең

Айтып берер тағы әжем

Жүргізуші: Мың бұралған арулар, билеп басып

Келді міне ортаға толқып-тасып.

Аруларын сыйлаған халқым менің

Көңілді қошеметпен қарсы алайық.

Ортаға Гүлжайна, Айда, Аянат, Нүрсезім атты қыздарымызды «Жаңбыр» биімен шақырамыз.

Жүргізуші: көрініс «Үш ана» (ортаға стол және үш орындық қояды, стол астында қуыршақ жатыр) Айгерім-қыздың киімін киген бүлдіршін. Анасы-қызметкер ана көрінісімен киінген қыз.

Жүргізуші: Ойыннан келген

Айгерім қуыршағын іздейді.

Столдың астынан таптыда

Хәл сұрауды көздейді

Айгерім: Қызым менің, қалайсың

Томсырайып қарайсың

Қарның ашып отырмай

Тамақ ішсең жарайсың

Егер тамақ ішпесең

Қу сүйек боп қаласың

Отыр қәне қасыма

Тамақтанып аласың (қуыршағын алдына алып отырады)

Жүргізуші: Айгерімнің осы сәт анасы үйге кіреді,

Тағат таппай қызының хәлін сұрап біледі

Анасы: Айгерімжан бүгін сен тамақ ішіп көрдің бе?

Қызықтап әлде ойынды, кешке дейін, жүрдіңбе

Күнде саған ұмытпай, тамағыңды іш деймін

Тіл алмайсың қырсығып

Осы сені нестеймін (отырады)

Жүргізуші: Анасының артынан аптығып әже кіреді

Олдағы өз қызының хәлін сұрап біледі,

Әжесі: Айналайын, алтыным шаршадыңба жарқыным

Ішпедің ғой тамақта,жайын ойлап жалпының

Қарашығым қарағың, түсіңкі ғой қабағың

Сөткемен тұрып жұмыста, болмай қалдыау тамағың (отырады)

Жүргізуші: Аналардың елжіреп, ет бауыры барады

Әр қайсысы сұқтанып, өз қызына қарады

Үш ана: Қандай қиын қараңдаршы, қырсық мінез баламболу

Бәрінен де оңай емес, білсеңіздер ана болу

Жүргізуші: Гүл-гүл жайнап әріміз,

Кіреді біздің сәніміз

Аналарды тойымен құттықтаймыз бәріміз - деп біздің балаларымыз аналарына арнап біз бақытты баламыз әнін орындайды.

Ортаға Толыбай, Әлішер, Нүрсезім, Гүлжайна, Әнуарды шақырамыз.

Жүргізуші: жарайсыңдар, балалар. Енді мерекелік тақпақтармен ортаға Гүлжайнаны, Темірланды, Айданы,Мұратжанды, Досжанды, Біләлді, Әнуарды,Аяулымды шақырамыз.

Гүлжайна: Шашымды өріп тараған

Қабағыма қараған

Үлкен-кіші демейді

Сыйлайды оны бар адам

Темірлан: Құрт пен майын жинаған

Балаларға сыйлаған

Бұл әжемнің өмірі

Таусылмайтын жыр маған.

Айда: Мен гүлдерді жұлмаймын,

Торғайларды қумаймын

Айтқан сөзін тыңдаймын

Анашымды сыйлаймын

Мұратжан: Қыздар айтса, ұғамыз

Жолды беріп тұрамыз

Бақшаға олар келгенде

Алдарынан шығамыз

Досжан: Ақ анашым аппағым,

Өзің жайлы тақпағым,

Өзің жайлы әнімде

Арнадым саған бәрінде

Біләл: Сенен өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймын мейраммен

Құрметті аналар

Әнуар: Анам болса қасымда

Басқа бақыт не керек

Аналардың жүрегі,

Мейірімді ғой керемет

Аяулым: Мерекені қарсы алып,

Мәз болады барша жұрт

Гүл ұсынып анаға

Бердім өзім ән салып

Жүргізуші: рахмет, балалар, жарайсыңдар! Енді ортаға біздің әнші қызымыз Аянатты шақырамыз. Ән: «Қуыршақ»

Жүргізуші: Шуақты көктем келді, гүлін алып,

Көктемнің мерекесі бүгін анық.

Өмірдің көктемі де гүлі-Аналар

Ана деп бас иеді күллі халық! - деп біздің кішкентай «Балапан» тобын бүлдіршіндерін Аналарына арнаған мерекелік ән шашуымен ортаға шақырамыз.

(Балалардың мерекелік тақпақтары)

Ән: «Шулы дыбыс»

Жүргізуші: жарайсыңдар балалар! Енді бәріміз бірге мамаларымызға арнап «Бәріміз бірге» әнін орындап берейік

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар орнымызға жайғаса қойыңдар

Құрметті аналар осы мерекеге арналған кішкентай топ бүлдіршіні Әнесов Ерасылды Серік Ибрагимовтың орындауындағы «Жаяу» әнімен ортаға шақырамыз

Жүргізуші: ән «Жаңбыр» орындайтындар Мұратжан, Досжан, Темірлан, Аянат

Құрметті Аналар ендігі кезекті 1-ші ойынға берейік «Қыздарға гүл сыйлау» ойыны.

2-ші ойын «балаңыздың басынан сыйпап табыңыз»

Жүргізуші: аналар ақ тілекті, сөз көп дейін

Жылытар жүрегіңді кез көп дейін

Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге

Қол соғып қарсы алайық «Қыздар» биін

Ортаға біздің биші қыздарымыз Гүлжайна, Айда, Аянат, Аяла, Нұрай, Нүрсезімді шақырамыз.

Жүргізуші: құрметті қонақтар бүгінгі біздің ертеңгілігіміздің аяқталар уақыты жақындап қалды.

Аналар ғой қуат берер тірлікке

Алдарында сәби болып жүрдікте

Аналар ғой жақсылыққа жетелеп

Үйретететін ынтымаққа бірлікке - деп бүгінгі мерекеге келген аналарымыздың біздің бүлдіршін балаларымызға баталарын беруіңізді сұраймыз.

Жүргізуші: аяулыда алтын нұрлы анашым,

Жүрегіммен мәңгі бірге боласын

Сен - асқарсың, сен-аспансың, биіксің!

Сен-дархансың, сен-жомартсың, данасың

Бүгінгі аналарға арнаған «Әнімді анама арнаймын» атты мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын, еліміз тыныш, аналарымыз аман болсын. Келгендеріңізге рахмет, Сау болыңыздар!

© 2010-2022