Разработка вне классного мероприятия на тему Елім менің сайысы

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Елімменің» зияткерлік сайысы



Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұлағатты ұстаздар мен оқушылар! «Елім менің» зияткерлік сайысына қош келіпсіздер!

Қадірлі, бағасы алтын анам тілі,

Сенімен бағаланған балаң түрі.

Төрт бөліп түн ұйқысын жұбатам деп,

Сенімен әлдилеген анам мені ,-

дей келе сайсымызды бастаймыз. Сайыстың барысымен таныстыра кетейін: сайысымыз 6 айналымнан тұрады. Бүгінгі сайысымызға «Алғырлар» мен «Жүйріктер» тобы қатысқалы отыр. (Әр топ - топ басшысын сайлап, өздерін таныстырып өтеді, әрбір топ құрамында 4 қатысушы болуы шарт.) Сіздерге сәттілік тілей отырып біз 1-ші айналымды бастаймыз.

1- айналым.Дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.

  1. Сөздердің орфографиясына негізделген. Сөздер айтылады топ мүшелері әр дыбысты жеке-жеке айтып шығуы тиіс.

Бұлыңғыр, жезкиік, бозінген, сұңғыла, таңқалу, қазанғап.

  1. Тұрақты тіркестердің мағынасын ашу. 1-ші болып белгіні көтеру керек.

Өкшесі жерге тимеді - ұшып-қонып жүру

Тістен шығармады - құпия сақтады

Шақшадай басы, шарадай болды - көп уайымдады

Сары жұрт болды - бір жерде көп тұрақтап қалу

Сүт үстінде қаймақ болды - еркелеп өскен балаға айтылатын сөз.

  1. Екі топ бір-біріне 1 көнерген сөз жасырады және нұсқаларын береді.

«Алғырлар» тобы.

« Меңіреу» деген сөз жасырды. Нұсқалары:

А) Сый-сыйапат

Ә)Малдың төлі

Б)Қой сүтінен жасалған қатық +

«Жүйріктер» тобы .

«Күндебау»деген сөз жасырды. Нұсқалары:

А) 2 елдің татуластыру үшін берілетін қыз +

Ә) Киіз үйдің жабдығы

Б)Киіз үй басатын адам

2-айналым. «Сіз танитын бір тұлға» ,яғни, елімізге белгілі азаматтар жайында болмақ. Топ басшылары ортаға шығып тапсырманы алып, тұлғаларды өз топтарына жасырады. Айналым соңында қай топ қанша тұлғаны таба білгені есептелінеді. Қанша тұлғаны тапса, сонша ұпай беріледі.

«Алғырлар»

  1. Жанар Айжанова («Мен қазақ қыздарына қайран қалам»әнін орындайтын әнші)

  2. Тәуке хан( «Жеті жарғы» заңдарының авторы)

  3. Құнанбай (Абайдың әкесі)

  4. Меруерт Өтекешева (« Қыз Жібек» рөлін сомдаған актриса)

  5. Ольга Шишигина (Сиднейолимпиадасында жеңіл атлетикадан чемпион атанған қыз)

  6. Жұбан Молдағалиев ( «Мен қазақпын» өлеңінің авторы)

«Жүйріктер»

  1. Сүйінбай Аронұлы (Жамбылдың пірі)

  2. Жәнібек пен Керей (Қазақ хандығын құрған хандар)

  3. Айнұр Тұрсынбаева (Айтыста 34 көлік мінген айтыскер қыз)

  4. Нұрлан Албан (Әжелермен ән айтатын рок әнші)

  5. Шоқан Уалиханов («Жоңғария очерктері» еңбегінің авторы)

  6. Ыбырай Алтынсарин ( Балғожа бидің немересі)

3-айналым.Өлең, қанатты сөздердің авторын табу. Дұрыс жауапқа 1 ұпай, 1-ші белгі көтерген топтың жауабы тыңдалады.

1.« Таулардан өзен ағар сарқыраған,

Айнадай сәуле беріп жарқыраған,

Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта

Аралап тау мен тасты арқыраған.»

( Ыбырай Алтынсарин «Өзен»)

2.«Ана тілді жақсы меңгере алмай тұрып, өзге тілді түсіну мүмкін емес»

Жүсіпбек Аймауытов

3. Түркістан - екі дүние бесігі ғой

Түркістан - ер тұріктің бесігі ғой.

Тамаша Түркістандай жергде туған

Тұріктің тәңірі берген несібі ғой.

Мағжан Жұмабаев «Түркістан»

4. « Жаңбыр жаумаса жер - жетім,

Басшысы болмаса, ел - жетім,

Ұқпасқа айтқан сөз - жетім....

Төле би

4- айналым.

Сенесіз бе, сенбейсізбе?.Сұрақ - жауап. Әрбір топ мүшесіне жеке қойылады, жауап бере алмаған жағдайда топтың көмегіне жүгінуге болады. Дұрыс жауап - 1 ұпай.

  1. Галилей ғылым тарихында тұңғыш рет 2 телскопты құрастырғанына сенесіз бе, сенбейсізбе? (дұрыс жауап - сенемін)

  2. «Тіл туралы заң» 32 баптан тұратынына сенесіз бе, сенбейсіз бе?( дұрыс жауап - жоқ ол 27 баптан тұрады)

  3. «Диуани хикмет» еңбегінің авторы Ахмет Йасауи екеніне сенесіз бе, сенбейсіз бе? (дұрыс жауап - сенемін)

  4. Абайдың 6 поэмасы барына сенесіз бе, сенбейсіз бе? (дұрыс жауап - жоқ оның 3 поэмасы бар)

  5. Қобыландының сүйген жары Құртқа екеніне сенесіз бе, сенбейсіз бе? (дұрыс жауап -сенемін)

  6. Қазақстанда 4 мың кен орны барына сенесіз бе, сенбейсіз бе? (дұрыс жауап - 6 мың кен орны бар)

  7. Шоқанның Алтынемел жерінде жерленгеніне сенесіз бе, сенбейсіз бе? (дұрыс жауап - сенемін)

  8. «Ұлпан» романының авторы М.Дулатұлы екеніне сенесіз бе, сенбейсіз бе? (дұрыс жауап - жоқ оның авторы - Ғ.Мүсірепов)



© 2010-2022