Жеті қазына

Мақсаты білімділік – жеті қазына мен жеті ырыс философиялық түсініктерімен таныстыру, отбасы мүшелерінің мінездерін сипаттайтын сөздерді меңгерту, қазақ халқының ұлттық тәрбиесінің алтын қазығы – салт-дәстүрі туралы түсіндіру; дамытушылық- осы тақырып төңірегінде өзара пікірлесе алу дағдыларын, сөздік қорындамыту тереңдету, сөйлеу мәдениетін жетілдіруге ықпал ету; тәрбиелік – туған жеріне, халқына, Отанына, тарихына, ұлттық салт-дәстүрлерінедеген сүйіспеншілігін ояту, халықтың салт – дәстүрін са...
Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Жеті қазына мен жеті ырыс

Мақсаты білімділік - жеті қазына мен жеті ырыс философиялық түсініктерімен таныстыру, отбасы мүшелерінің мінездерін сипаттайтын сөздерді меңгерту, қазақ халқының ұлттық тәрбиесінің алтын қазығы - салт-дәстүрі туралы түсіндіру; дамытушылық- осы тақырып төңірегінде өзара пікірлесе алу дағдыларын, сөздік қорындамыту тереңдету, сөйлеу мәдениетін жетілдіруге ықпал ету; тәрбиелік - туған жеріне, халқына, Отанына, тарихына, ұлттық салт-дәстүрлерінедеген сүйіспеншілігін ояту, халықтың салт - дәстүрін сақтап, қадірлей білуге тәрбиелеу.

Тақырып бойынша түйінді идеялар: Топтық жұмыстар барысында оқушылар ЖАДА-ның ықпалымен өздігімен оқуға дағдыланады. Тапсырмалар жас ерекшеліктеріне және «жеңілден- күрделіге» принципіне негізделеді.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Венн диаграммасы, INSERT түртіп алу стратегиясы, ой қозғау, сыни турғыдан ойландыру.

Түрі: практикалық сабақ. Типі:білімін және іс әрекет тәсілдерін кешенді қолдану. Көрнекілігі: интербелсенді тақта, тірек - сызба, түрлі слайдтар, флипчаттар мен маркерлер, стикерлер.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, логика.

Сабақтың барысы:

  1. Ұымдастыру кезеңі:

  2. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру

  • «Тілек шеңбері» оқушылар шеңбер құрып, сыныптастарына тілектер айтады

  1. Үй жұмысын тексеру.

  • Сіздерге үй тапсырмасы ретінде «Қазақ отбасы» туралы диалог әзірлеп келу тапсырылған.

Екі оқушы ортаға шығып осы тақырыпта сұхбат құрады.

  • Отбысы дегеніміз не?

  • Отбасы дегеніміз - адам баласының алтын бесігі.

  • Қазақтың отбасында әкенің орны қандай?

  • Әкенің орны ерекше. Әке отбасынын тірегі.

  • Ананың орны қандай?

  • Ананың орны да ерекше, әке де, балалар да ананы сыйлайды.

  • Қазақ отбасында үйленген отбасында не бөледі?

  • Енші бөледі.

  • Тұрмысқа шыққан қыздарына не береді?

  • Жасау береді.

3. «Мақалдар аяқта» стратегиясы

  1. Әке - асқар ...

Ана - бауырындағы ...

Бала - жағасындағы ...

  1. Әкеге қарап ... өсер,

Шешеге қарап ... өсер.

  1. Әке ... сыншы.

  2. Балалы ... базар,

Баласыз үй ... мазар.

4. Грамматикалық тақырыптарды қайталау.

Салалас құрмалас сөйлемдердің түрін атаңдар.

  • Ыңғайлас.

  • Қарсылықты.

  • Себеп - салдар.

Олардың жалғаулықтары қандай?

Ыңғайлас: да,де, та, те және, әрі.

Қарсылықты: бірақ, дегенмен, алайда.

Себеп - салдар:сондықтан, себебі, өйткені, неге-десең.

Сөйлемдер құрастыру.

(Ыңғайлас)

Қазақ отбасында үйленген ұлдарына енші бөледі және қыздарына жасау береді.

( Қарсылықты) Ананың орны ерекше, бірақ әке- отбасының тірегі.

Кенже бала - үйдің иесі, өйткені әке-шешесі оған қара шаңырақты береді. (себеп-салдар)

  1. Жаңа сабақ.

Бүгінгі тақырыбымыз: Сөз мәдениетіне баулыған «Жеті қазына мен жеті ырыс».

  1. Мінезді сипаттайтын қандай сын есімдерді білесіңдер?

Қатал-строгий көңілді-веселый

Еңбекқор- трудолюбивый ашық-открытый

Мейрімді-добрый әділ-справидливый

Төзімді-выносливый сабырлы-спокойный

Шыдамды- терпиливый қайырымды-заботливый

Қарапайым- скромный

  1. Осы сөздерді пайдаланып, бірінші тапсырманы орындаймыз.

Диалогты түсініп оқып, толықтырып сөйлесу. Жұппен жұмыс.

  • Сенің әкеңнің мінезі қандай?

  • ................................................

  • Ананың мінезі қандай?

  • ................................................

  • Қарындасының мінезі қандай?

  • ................................................

  • Ағаңның мінезі қандай?

  • ................................................

Төмендегі ұлағатты сөздерді қандай жағдайда пайдалануға болады?
Ата-анаңның сөзін жерге тастама,

Байып алсаң менмендікке бастама. (М.Қашқари)

Ата-анадан өсіп ұрпақ таралған,

Жақсы, жаман болса, бала солардан. (Ж.Баласағұни)

  1. «Сөйлем құрастыр» стратегиясы. Интербелсенді тақтада слайдтар,

үстелде суреттер

1-слайд-жүйрік ат. 2-сл.-қыран бұркіт. 3-сл.- құмай тазы. 4-сл.-мылтық

5-сл.-қақпан 6-сл.-өткір кездік. Сөздер: қазына, қыран бұркіт, құмай тазы, мылтық, ау, серт, ырыс, әдіс-айла, өткір кездік.(пышақ)

«Аукцион» өткіземіз. Ең жақсы сөйлем қүрастырған оқушы суретті сатып алады. Мысалы: Адамның білімі- оның қазынасы. Ырысың мол болсын! т.б. Суреттерді сатып алған 7 оқушы тақтаға шығады, суреттерін алып, ол Жеті қазынаның суреті.

  1. Топтық жұмыс. уақыт 16 минут

1-тапсырма Мәтінді бойынша Инсерт стратегиясы 5мин

2-тапс. Сұрақтар құрастыру 4мин

3-тапс. Диалог құрастыру 3 мин

4-тапс. Постер жасау және қорғау 4мин

  1. Сөйлесім.

-«Жеті қазына мне жеті ырыс- философиялық түсінік» пікіріне қосыласыңдар ма? Неге? Жеті қазына мен жеті ырыс ұғымына не жатады?

Жеті қазына- қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы философиялық түсініктердің бірі.

Қазақ халқы жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады: 1-жүйрік ат. 2-қыран бүркіт.

3-құмай тазы. 4-берен мылтық. 5-қанды ауыз қақпан. 6-майланғыш ау. 7- өткір кездік( пышақ)

  1. Венн диаграммасын жасау

-Ат -Ақыл

-Бүркіт -Денсаулық

-Мылтық Ит. - Ақ жаулық

-Қақпан Философия- -Бала

-Ау лық түсінік. -Көңіл

-Кездік -Жер

Ортақ: философиялық түсінік, ит- сенімді серігі

Ерекшеліктері: ер жігіттің жүйрік аты-қанаты. Қыран бүркіті-қуаты.Қүмай тазысы- сенімді серігі. Мылтығы- оты. Қақпаны-серті. Ауы-әдіс-айласы. Кездігі-сұсы.

Жеті ырыс: 1-ақыл, 2-денсаулық,3-ақ жаулық, 4-жер, 5-бала, 6-

ит, 7-көңіл.

  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма беру: 60-бет, 3-тапсырма: жазбаша орындау

Презентация жасау, бейнеклип дайындау.

Рефлексия:Беткескіндер арқылы

«Кері байланыс» парағы- стикерлерге жазып қалдыру



© 2010-2022