Знакомство с героями казахских сказок

                    Біріктірілген сабақ. Ересектер тобы.  .Білім беру салалары: «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық». Бөлімі: Көркем әдебиет, Қоршаған ортаны тану, Сурет. Тақырыбы: “Қазақ халық ертегілердің кейіпкерлерімен таныстыру.” Мақсаты: Балаларға жанрлық ерекшеліктер, мақал-мәтелдер мен ертегілердің тақырыптары, басқа шағын фольклорлық  шығармалардан айырмышылықтары туралы түсінік беру. Әдет-ғұрып және салт-дәстүрлермен таныстыруды жалғастыру. Ертегілердегі кейіпкерлерінің бейнесін сурет...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Біріктірілген сабақ. Ересектер тобы.

.Білім беру салалары: «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық».

Бөлімі: Көркем әдебиет, Қоршаған ортаны тану, Сурет.

Тақырыбы: "Қазақ халық ертегілердің кейіпкерлерімен таныстыру."

Мақсаты: Балаларға жанрлық ерекшеліктер, мақал-мәтелдер мен ертегілердің тақырыптары, басқа шағын фольклорлық шығармалардан айырмышылықтары туралы түсінік беру. Әдет-ғұрып және салт-дәстүрлермен таныстыруды жалғастыру. Ертегілердегі кейіпкерлерінің бейнесін сурет бойынша көрсетуге тырмысу. Өз халқының мәдениетіне танымдық қызығушылықты және құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Билингвальды компонент: Мақал-мәтелдер - пословицы-поговорки ертегілер-сказки, салт-дәстүр- традиции-обычаи.

Көрнекі құралдар: қазақ халқы ертегілердің кейіпкерлері, альбом парағы, бояу, қылқалам, су, салфеткалар.

Сабақтың барысы: Балалар музыка әуенімен залға кіреді, шеңберге тұрады, келген қонақтармен сәлемдеседі, орындықтарға отырады.

Залға Алдар Көсе кіреді, амандасады.

Тәрбиеші:Сәлеметсізбе.Балалар, сендер білесіңдерме, кім бізге келді?

Балалар: Алдар Көсе.

Тәрбиеші: Ендеше бәріміз бірге шенберге тұрайық өз құрметімізді оған көрсетейік.

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті,

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал, кәнеки бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге(Балалар бастарын ізіп енкееді қонаққа)

Алдар Көсе: Көп рахмет балалар, мен сендерге сабаққа келдім. Бұл балабақшанның балалары ақылды дейді, көп қазақ халық мақал-мәтелдерді, ертегілерді біледі дейді, солай ма?

Тәрбиеші Иә,Алдар, біздің балалар ақылды, білімді, тексеріңіз. Алдар Көсе: Ендеше мен сендерге қазір бір ойын ұсынамын «Сөйлемді аяқта», сонда мен көремін қалай сендер мақал-мәтелдерді білесіңдер.

Туған жер - алтын... (Бесік)

Отан - оттан да... (ыстық)

Ана тіліңді ұмытқанын- ... (өз ұлтыңды құртқанын)

Білім алмай... (болдым) деме.

Еңбек етпей ... (толдым) деме.

Жолдасы бардың..(олжасы) бар.

Көз- көру үшін, ой- ...(білу үшін)

Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың (жаны) тәтті.

Алдар Көсе: Бәрекелді, балалар, рас екен білесіндер мақал-мәтелдерді.

Ақырын басып келе жатқан,аяқтың дыбысы естіледі.

Тыңшы: Е, өзім де бір нәрсені сезгендей едім.Сәлеметсіңдер ме, балалар, қонақтар!

Тәрбиеші: Сәлеметсізбе. Балалар, бұл кім?Таңыдыңдар ма?

Балалар: Тыңшы.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасындар. Ол қандай ертегінің кейіпкері?

Балалар: «Жеті алып» деген ертегідегі Тыңшы

Тыңшы: Менде бір ағаларың тілді алғыш

Кәдімгі жарғақ құлақ жер тыңдағыш.

Тықыр түгіл сыбдырды жібермеймін,

Мен-тыңшы,өтірікті біліп алғыш.

Тәрбиеші:Естідіңдер ме, балалар?Өтірік сыбдырдың бәрін естимін дейді.Сондықтан өтірік айтпандар, бір-біріңді мазақтамаңдар,жаман сөзді ауыздарына алмаңдар.Жарай ма?Ал біз бәріміз дос екенің Тыңшыға ойында көрсетейік.

Ойын «Тақия тастамақ»

Осы кезде қолын маңдайына ұстап Көреген келеді.

Көреген:Бала едім бүлдіршіндей зерек, білгіш,

Күндізді,қараңғыны артық көргеме

Алты айшылық алыспен тілдесемін,

Жолбасшы,қасиетті хабар бергіш.

Тәрбиеші: Сәлеметсізбе Көреген, сіз Тыңшыны көріп келдіңіз бе?

Көреген:Иә, көріп келдім.Алдымда кеткен Тыңшыны көрдім,бәрін де естіп бара жатыр екен ғой деп , менің де соңынан ілесіп шыққан бетім.

Тәрбиеші:Сонда қалай, біздің балалардың не істеп жатқаның көріп қалдыңыз ба?

Көреген: Әрине, керек десең балалардың алысып -жұлысып немесе ағаштың жапырағын жұлып жатқанын көріп қаламын.

Тәрбиеші: Жоқ, Көреген,біздің балалар алыспайды, ағаш жапырақтарын да жұлмайды.Көшеде жүрген өзге баламен шатастырып тұрғансыз ғой (балаларға қарап) :

-Солай ғой , балалар?Біздің балалар шетінен өнерлі, тәртіпті,өз халқының ертегілерін біледі, тыңдаңызшы.

Тәрбиеші: Балалар, қандай ертегілердің түрлерін сендер білесіңдер?

Балалар: Хайуанаттар туралы ертегілер: « Түлкі мен тырна», «Жыл басына таласқан хайуанаттар», «Түлкі мен ешкі», «Қотыр торғай».

Тұрмыс- салт ертегілері: «Қамбақ шал», «Мақта қыз бен мысық», «Алтын сақа», «Жеті өнерпаз».

Алдар Көсе туралы ертегілер.

Алдар Көсе: Тамаша балалар, білесіңдер екен, ақылдарын көбее берсің.

Осы кезде жүгіре басып, ішті бір айналып Желаяқ келеді. Алдар Көсе оны қолынан ұстап зорға тоқтатады.

Алдар Көсе: Тоқта, тоқта,сен кімсің өзің?

Балалар: Бұл Желаяқ.

Алдар Көсе: Ой, жарайсыңдар, балалар. Желаяқты жазбай таныдыңдар.

Желаяқ: Аяғымның жүгіргісі келеді де тұрады , міне осында да алып- ұшып жеткізді.

Тәрбиеші: Аяғыңыз шапшаң екен, ал тіліңіз қандай екен? Мен қазір бір жаңылтпаш айтайын сіз оны қайталаңыз: Бұл қар- сұр қар, Сұр қар- кір қар,Үстіне аунама,Үстіңді былғар. Желаяқ балалардан көмек сұрайды. Балалар көмектеседі, жаңылтпашты тездетіп айтып береді.

Ортаға садақтың жебесі (қызыл матаға байланып) түседі.

Тәрбиеші: Бұл не нәрсе?Бұл не екен? Кім мұны жіберген? Қайдан түсті?Бұл Мерген садағының жебесі ғой.

Осы кезде Мерген өзі де кіреді.

Мерген: Сәлеметсіңдер ме ,балалар?

Мерген басқа кейіпкерлермен амандасады.

Мерген: Балалар, мені таңыдыңдар ма? Біз мына Тыңшы, Көреген бәріміз ағайындымыз, әр қайсысымыздың өзімізге тән қасиетіміз бар. Менің атқан оғым ешқашан мүлт кетпейді.Қалай мерген болғанымды айтып берейін бе сіздерге?

Тәрбиеші:Иә, айтып беріңз.

Мерген: Асық ату- халқымыздың ежелден келе жатқан ойындарының бірі.Төрт түлік малдан басқаны білмеген көшпелі ата-бабаларымыз асықты қасиет тұткен. «Омпы», «Алшы», «Хан», «Хан талапай»- деген ойындар сол себепті туған.Асық атып жүріп мен де мерген атандым.Ал,кәне,асық ойының ойнайық.

Ойын «Асық иіру»

Тәрбиеші: Балалар, байқадыңдар ма? Барлығының аттары өздеріне сай . Ерте-ертеде ата-бабамыз ер балаға бірден ат қоймаған. Бала өсе келе бір ерлік көрсеткенде ғана ел ағасы оның ерлігіне сай ат беретін болған.Мерген атқан оғы мүлт кетпеген үшін , Көреген бәрін көрген үшін, Тыңшы бәрін естіген үшін, Желаяқ бәріненде тез жүгіру үшін,аттары да өздеріне сай.Демек бұл ата-бабамыздаң жеткен дәстүріміздің бірі.Оны біліп әркез қастерлеп жүрейік.

Балалар сендер бүгін қызық күн өткізіп жатырсыңдар, міне ертегілердің кейіпкерлері де келді, қазір біз оларды қағаз бетіне салайық, мүмкін сендер оларды басқаша елестесесіңдер, қалаған бойынша бейнелерін салындар.

Балалар жұмысқа кіріседі, көмектесемін.

Балалардың жұмыстарын мадақтап , суретке салған кейіпкеріне өз жұмысын сыйлауға ұсынамын.

Кейіпкерлер өз алғыстарын білдіріп,ертегілеріне қайтады, балалар олармен қоштасып топқа оралады.

© 2010-2022