Сабақ жоспары Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем туралы мағлұмат беру, ерекшелігіне тоқталып меңгерту, жаттығулар арқылы көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді таба білу білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқулықтағы жаттығулар мен топтық тапсырмалар арқылы өз бетінше ізденуге дағдыландыру. Алдыңғы сабақтармен байланыстыру арқылы есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу тілдерін, ой-өрістерін дамыту, тіл байлықтарын арттыру.

Тәрбиелік: Сабақ барысында мәдениетті, дұрыс сөйлеуге баулу, мәтіндер мазмұнын ұғындыру арқылы ізгілікке, патриоттыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі (жаңа білім беру)

Оқыту әдістері: сұрақ-жауап, проблемалық, эвристикалық, кітаппен жұмыс, топтық жұмыс.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, оқулық, т.б.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,

Қосымша материалдар: Г.Қосымова, Н.Құрманова Қазақ тілі (8-сынып, әдістемелік нұсқау)

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, оқушыларды түгендеу, тақырыпты және мақсатын хабарлау)

2. Үй тапсырмасын тексеру (ауызша сұрақтар қою арқылы)

Тапсырмалары тексеріледі.

3. Жаңа сабақ

Тақтадан көрсетіледі, түсіндіріледі:

Сабақтас құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдер саны жағынан екеу ғана емес, одан көп болуы мүмкін. Құрамында екі я одан да көп бағыныңқы сөйлемі бар сабақтас құрмаластар кездеседі. Ондай сөйлемдерді көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем дейді. Мыс: Күн түс ауа жылынып, сызды дала бусанып, ауыл сыртында әдемі бір көрініс туып еді.

Бағыныңқы сөйлемдердің басыңқы сөйлеммен байланысу сипатына қарай көп бағыныңқы сабақтас құрмалас екіге бөлінеді: жарыспалы көп бағыныңқы және сатылы көп бағыныңқы сабақтас.

а). Жаңа материалды проблемалық ситуация арқылы меңгерту

Сөйлемдерді жазғызып, сөйлем мүшелеріне талдату. Сұрақтарға жауап бергізу арқылы көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің ерекшелігін таныту.

1. Мыс: Ертеңінде тұрсақ, жел басылып, бұлт ашылып, маужыраған бір әдемі күн басталыпты.

- Қандай ереже шығаруға болады?

Тақтадан көрсетіледі: Бағыныңқы сөйлемдердің әрқайсысы басыңқы сөйлеммен тікелей байланысқан сабақтасты жарыспалы көп бағыныңқы сабақтас дейміз.

2. Мыс: Қар кетіп, көк алғаш тебіндеп шығып, жер дегди бастағанда, Құнанбай Қарқаралыдан шығып Тобықтыға қайтты.

- Қандай ереже шығаруға болады?

Бағыныңқы сөйлемдері басыңқымен тікелей байланыспай, өзара біріне-бірі бағынып барып құрмаласқан сабақтасты сатылы көп бағыныңқы сабақтас дейміз.

ә). Жаттығулармен жұмыс

121-жаттығу. Сабақтас құрмаластарды тауып, қанша бағыныңқыдан тұрғанын анықтаңдар. Бағыныңқы сыңарлары қандай жолмен жасалғанына талдау жасаңдар.

122-жаттығу. Көп бағыныңқы сабақтастарды табыңдар. Жарыспалы не сатылы көп бағыныңқы екенін анықтаңдар.

Өздерің мәтіндегі сөйлемдерді ыңғайына қарай көп бағыныңқы сабақтас етіп құрастырыңдар.

4. Жаңа сабақты бекіту

Топтық жұмыс

Топтарға тапсырмалар беріледі.

1.Құрмалас сөйлемдерді анықтап, сөйлем мүшелеріне талдау.

2. Жарыспалы көп бағыныңқы сабақтасты табыңдар.

3. Сатылы көп бағыныңқы сабақтасты табыңдар.

4. Жарыспалы мен сатылының айырмашылығы?

5. Үйге тапсырма

- Ережені оқу, жаттау. Тапсырма. Көркем әдебиеттен жарыспалы көп бағыныңқы және сатылы көп бағыныңқы сабақтастарға 6 сөйлем жазып, сөйлем мүшелеріне талдау жасап келу.

6. Бағалау



© 2010-2022