Конспект урока по казахскому языку на тему Астанаға саяхат. Астана кеше бүгін

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Астанаға саяхат.Астана кеше бүгін

Етістер. Өздік етістің жасалуы

Көрнекіліктер: оқулық, грамматикалық кесте, парақша, Астана қаласына слайдтар. Формалары: топтық, жекелей, ұжымдық

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру сабағы

1.Ұйымдастыру кезеңі:

А. Сәлемдесу.

Ә. Күн тәртібі.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Жіктік жалғауына қатысты сұрақтарға ауызша жауап.

3.Білімді тексеру кезеңі:\топпен жұмыс\

Құзіреттілікті қалыптастыру үшін сұрақтар туындайды.

- Етістік туралы ережені қайталайықшы, кім біледі?

- оның қандай түрлері бар еді?

- Ал етіс категориясы туралы 7 сыныпта өткен тақырып естеріңде ме?

Сабағымыздың мақсатына көшіп, лексикалық тақырыпты қарастырамыз.

- Елорда, орталық, астана сөздеріне қатысты не айтуға болады?

- Астана қаласына неше жыл болды?

Астана туралы не білесіңдер?

4.Мақсат қою кезеңі:

А. Оқушылардың етіс категориясын меңгеріп, өз ойындағы сауатын жазып, жеткізуіне ықпал ету.

Ә. Астана қаласының, жалпы ҚР қалаларының өсіп-өркендеуінен мәлімет бере отырып, ҰБТ-ге білім негіздерін жүйелі, нақты қабылдауға мүмкіндік беру.

Б. Оқушылардың хабарландыру жазудың үлгілеріне мән беріп, жазба тіл мәдениетін меңгеруіне бағдар беру арқылы бейімділікке тәрбиелеу.

5.Материалды түсіндіру кезеңі:

оқушыларға 62 -ші беттегі мәтінді мәнерлеп оқып, жаңа сөздіктер арқылы өз тарапынан сөйлемдер құрастыруды көздеймін.

Астана туралы слайдқа саяхат жасау.

Етістің жасалу жолдарын түсіндіремін.

Төмендегі етістіктерді өздік етіске қойып, сөйлемдер құрастыру.

Даналық сөздерді оқып, талдап есте сақтау.\жеке жұмыс\

6.Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі:

Диалогты рөлге бөліп әрі қарай жалғастыру.\жұппен жұмыс\

Етістің жасалуындағы өздік етіске мысалдар жазу.

7.Бекіту кезеңі: а\ Астана қаласы туралы әңгіме жазу арқылы бекіту.

ә\ Слайд бойынша саяхаттан алған әсерлері туралы әңгімелеу. Білімдерін бағалау.

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

- төменде берілген хабарландыру тақтасымен танысып, хабарландыру жазыңдар. Қайда саяхатқа баруды ұсынасың? Неге?

Сабақ аяқталды, сау болыңдар!



© 2010-2022