Қызықты қазақ тілі «Алтын қақпа» ойыны

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызықты қазақ тілі «Алтын қақпа» ойыны.

Сабақтың тақырыбы:

1. Отан,жеміс-жидектер және отбасы тақырыптары бойынша алған білімдерін бекіту.

2.Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту,төл дыбыстарын дұрыс айту дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын байыту,ойлау, көру, есту қабілеттерін дамыту.

3.Қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру.

Көрекілік: сандық, «алтын,күміс, қола» қақпақтар,суреттер, сөзжұмбақтар, сыйлықтар.

Ойынның барысы:

1.Психологиялық дайындық.Психологиялық жағымды орта қалыптастыру.(Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады: бақыт,денсаулық, тыныштық, байлық, сәттілік, табыс, ашық аспан, достық тілейді)

2.Ұйымдастыру кезеңі:

1) Сәлемдесу.

-Сіздерге жақсы көңіл -күй тілеймін.Бүгін ойын қызықты өтуіне бірге ат салысайық.

2)Ойынның мақсаттарымен таныстыру.

3.Ойынның өту барысы.Ойын телешоу «Алтын қақпа» түрінде өтеді.

Ойынға оқушыларды екі топқа бөлеміз. Олар сұрақтарға жауап беріді. Ойынды жауапты тез, дұрыс жауап берген топ бастайды.

1.Біздің Отанымыз қалай аталады?

2.Қазақстан қандай мемлекет?

3.Отан оттан да ыстық мақалын аударыңдар.

4.Отанымыздың астанасы қай қала?

5.Алдымызда қандай мереке келе жатыр?

6. «Ер- елінде, гүл -жерінде»мақалын аударыңдар.

«Қола»қақпаны ашуға арналған тапсырма: қандай дыбыс жасырынған?

1- топқа 2-топқа

Көзде бар Әкеде бар

Ауызда жоқ. Атада жоқ.

Сөзде бар Әжеде бар

Оюда жоқ. (ө) Анада жоқ.(ә)

Қасқырда бар Ағашта бар

Аюда жоқ. Жерде жоқ.

Қоянда бар Ғарышта бар

Түлкіде жоқ. (қ) Жарықта жоқ.(ғ)

Аңда бар Ұяда бар

Жемісте жоқ. Үйде жоқ.

Шаңғыда бар Құста бар

Жидекте жоқ.(ң) Күзде жоқ(ұ)

Ініде бар Үлкенде бар

Ағада жоқ. Кішіде жоқ.

Сіңліде бар Жүзімде бар

Қарындаста жоқ.(і) Кісіде жоқ.(ү)

Қола қақпа ашылады.

«Күміс» қақпаны ашуға аналған тапсырма:

1.Жазылған буындардан сөздер құрастырып аударыңыздар:

қа са қа ғаз

зақ бақ қас ық лам

та рақ

Сөздер: қазақ, сабақ, тарақ, қағаз, қасық, қалам.

2.Сөзжұмбақты шешу:Отан, Елім

Қорытындылау

Прочитайте и переведите ключевое слово

1- топқа 2- топқа

1. Семья 1.Вишня

2.Дедушка 2. Яблоко

3.Мама 3.Виноград

4.Младший брат 4.Груша

Күміс қақпа ашылады.

Мұғалімнің сөзі:-Біздің Отанымыз қалай аталады?

Қазақстанның бас қаласы Астана.Бұрынғы астанасы Алматы.Біз егеменді, тәуелсіз еліміз. 22 науырызда Науырыз мерекесін тойлаймыз.Соған арнап қақпаны ашуға келесі тапсырма.

Алтын қақпаны ашуға арналған тапсырма: «Кім тапқыр?»Берілген сөзден қандай сөздер құрастыруға болады?

Қазақстан - қазақ, ақ, қаз, заң, таң, сан, қан, астана, қазан, сақ.

Алтын қақпа ашылады.

-Біз барлық қақпаларды аштық.Өте тамаша Балалар сыйлықтың бәрі сандықта жатыр.Оны ашу керек.Ашу үшін тапсырма бар.Әр топтан бір бала шығады да кезекпен сұрақтарға жауап береді.Дұрыс жауап берген бала сандықты ашады.Сыйлықты алып таратады.

Сұрақтар:

1.Біздің Отанымыз қалай аталады?

2.Қазақстанның астанасы қалай аталады?

3.Президент кім?

4.Мемлекеттік тіл қандай?

5.Қазір қай ай?

6.Наурыз қандай мереке?

7.Көктем айларын ата.

8.Жемістерді ата.

9.Отбасы мүшелерін ата

4.Рефлексия кезеңі: -Балалар,сендерге бүгінгі ойын ұнады ма?Несімен ұнады?

Қандай қиындықтар болды?

5.Бағалау.









Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы

«№5 орта мектеп»КММ











Апталықта өткізілген ойыны :

«Алтын қақпа»










Қазақ тілі пәні мұғалімі:

Уәйісова А.С.













Петропавл қаласы

2012/ 2013 оқу жылы





© 2010-2022