Урок: Еліміздің даму бағыттары

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Еліміздің даму бағыттары

  • Сабақтың мақсаты:

  • 1.Оқушылармен еліміздің даму бағыттары жайында аңгіме жүргізу берілген мәтін арқылы жаңа сөздерді меңгерту,бірыңғай сөйлем мүшелерін қайталау,пысықтау

  • 2.Дамытушылық:оқушылардың ауыз-екі сөйлем дағдыларын,танымдық қасиеттерін дамыту

  • 3.Тәрбиелік:туған жерге қызмет ету,еліміздің дамыуына үлес қосатын,отанына адал қызмет етуге тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта,оқулық,кесте,ватман,маркер

Пән аралық байланыс:география,Қазақстан тарихы

Сабақтың түрі:интерактивті аралас сабақ

Сабақтың тәсілі:түсіндіру,әңгімелеу,іздену,сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:I.Ұйымдастыру кезеңі

Сабағымызды Ы.Алтынсаринның «Кел,балалар,оқылық» өлеңімен бастаймыз

Бір Аллаға сиынып,

Кел, балалар, оқылық.

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!


Оқысаңыз , балалар,


Шамнан шырақ жағылар,


Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар.

Оқушыларды 3 топқа бөлу:

1-топ «Астана»

2-топ «Алматы»

3-топ «Шымкент»

Әр топ өз эмблемасын,топтың атын қорғайды

Топ басшылары сайланады

II.Өткен сабақты қайталау

Мұғалім:Үйге қандай тапсырма берілді? Оқушылардың жазған ойын тыңдау,әр топтың жауабын пысықтау.

III.Жаңа сабақ

Урок: Еліміздің даму бағыттары

Урок: Еліміздің даму бағыттары

Урок: Еліміздің даму бағыттарыУрок: Еліміздің даму бағыттарыУрок: Еліміздің даму бағыттары

Урок: Еліміздің даму бағыттарыУрок: Еліміздің даму бағыттарыУрок: Еліміздің даму бағыттары

Мәтінмен жұмыс,мәтінді оқу,аудару,жоспар құрастыру,сұрақ құрастыру

Әр топқа жеке тапсырма беріледі.Осы тапсырмалар бойынша топтың жауабын тыңдау

Сергіту сәті:

Туған жер туралы мақалдар айту

1.Отан отбасынан басталады

2. Ел-елдің бәрі жақсы,

Өз елің бәрінен жақсы.

3. Аққу көлін аңсайды,

Адам туған жерін аңсайды.

Сөздік жұмыс:оқулықта берілген сөздердің аудармасын келкесі бағандағы сөздерді қолдана отырып табу.

Ұзақ Печать

Қысқа Свобода

Дамыту Задачи

Шағын Программа

Баспасөз Долгий

Дін Короткий

Бостандық Развитие

Міндеттер Определен

Бағдарлама Религия

Айқындалды Обеспечить

Қамтамасыз ету Малый

Топтарға тапсырма беру

1-тапсырма:мәтінге байланысты 5 сұрақ құрастыру

2-тапсырма:мәтінге жоспар құру

3-тапсырма:сурет салу

Оқулықпен жұмыс:2-тапсырма 80 бет.Берілген синонимдік қатардан артық сөзді табыңдар

∙ Бірлік,ынтымақ,бүтіндік,ұйымшылдық,бейнеткештік,ауызбірлік.

∙ Мерзім,мезгіл,рет,маусым,кезең,уақыт.

∙ Бостандық,еркіндік,азаттық,теңдік,рақымдылық.

IV Меңгерту

Келесі тапсырма «иә»,«жоқ». Дискуссиялық карта толтыру

№Үзінділер

иә

жоқ

1.Қазақстан өте ұзақ мерзімде нарықтық экономика бет бұрды

2.Ауыл шаруашылығында 4,7 миллиондай фермер өсіп шықты

3.Елімізде сөз бен баспасөз бостандығы,дін бостандығы тағы басқа демократиялық істер жүзеге асырылды

4.Еліміздің алдағы дамуы еш жерде айқындалмады

5.Бәрі де,халық игілігі үшін жасалып жатыр

V Сабақты бекіту.

Пікірлесейік.Сұрақтарға жауап беріңдер.

1.Елімізде қандай күрделі өзгеістер болды?

2.Халқымыздың тұрмыс жағдайын көтеру үшін не істеліп жатыр деп ойлайсың?

3.Кәсіпкер деген кім?Егер кісіпкер болсаң,не істер едің?

VI Сабақты қортындылау:

Әр топ мүшелері жасаған жұмыс нәтижелерін өздері бағалайды.

VII Үйге тапсырма:Мәтінді оқу мазмұндау





© 2010-2022