Қазақтың дастарханы. Салалас құрмалас сөйлем

Бауырсақ шай, қымыз, шұбат ішкенде дастарқанға бауырсақ салады. Бауырсақты жоғары немесе бірінші сортты бидай ұнынан пісіреді. Оны қамырды ашытып та ашытпай да дайындауға болады. Ашытпай пісірген бауырсақ көпке шыдайды, ал ашытып пісірілген бауырсақ кеуіп қалса, жеуге жайсыз болады. Ашымаған қамырдан бауырсақ пісіру үшін ұнға май, жұмыртқа, сүт, тұз салып илейді (айран құйса даболады). Қамырды иін қандыра қатты илеп қоя тұру керек. Содан кейін қамырды жазып, төрт бұрыштап кесіп немесе жіңішкелеу...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Гульнафиса КУЗБАЕВА

№25 орта жалпы

білім беретін мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы

Қазақтың дастарқаны

Салалас құрмалас сөйлемдерді қайталау

(8 сынып)

Сабақтың мақсаты: оқушыларға қазақ халқының дастарқаны туралы мәлімет беру;

Міндеттері: білімділік - тақырыпқа қатысты сөз орамдарын меңгерту; салалас сөйлемнің түрлері тақырыбын қаншалықты меңгергендерін тексеру; дамытушылық - оқушылардың тіл байлығын дамыту; ой-өрістерін кеңейту; танымдық қабілеттерін жетілдіру; ойларын ауызша жүйелеп жеткізуге дағдыландыру; сөздік қорларын молайту; тәрбиелік - қазақ халқының салт-дәстүрлерін құрметтеуге; дастарқан басында өзін-өзі дұрыс ұстауға тәрбиелеу;

Көрнекі құралдар: интербелсенді тақта, суреттер, топшамалар, слайд; сабақтың түрі: дәстүрлі; әдіс-тәсілдері: әңгімелеу,сұрақ-жауап, баяндау, ой қозғау,топтық жұмыс; пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет, технология;

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: 1-2 мин. Сөйлесім.

  1. Оқушылармен сәлемдесу

  2. Оқушыларды сабаққа бейімдеу

  3. Сөйлесу

  1. Үй тапсырмасын тексеру. Айтылым.

Салалас сөйлемдерді қайталау

Тағам, дастарқан,қонақ туралы мақал-мәтелдер жазып, жаттап келу.

  1. Ағайын тату болса ас көп,

Абысын тату болса ас көп.

  1. Аздың атасы бір, көптің батасы бір.

  2. Жалғыз үйдің тамағы жетсе де, табағы жетпес.

  3. Ас иесімен тәтті.

  4. Асың болса досың көп.

  5. Ас барында дос жоқ, ат барында тай жоқ.

  6. Су анасы - бұлақ, сөз иесі - құлақ,

Жан тәнге қонақ, іздегені тамақ.

  1. Ас - адамның арқауы.

  2. Ас атасы - нан.

  3. Арпа, бидай ас екен, алтын, күміс тас екен.

  4. Таспен атқанды, аспен ат.

  5. Қонақты сүймеген әйел не баласын ұрады, не үйін сыпырады.

  6. Тамақты тата жесең, санаңды ашар, көп жесең, ұйқы басар.

  7. Қонақ үш түрге бөлінеді: 1) «Арнайы қонақ»

2) «Құдайы қонақ»

3) «Қыдырма қонақ»

Сұрақтар:

  1. Құрмалас сөйлем дегеніміз қандай сөйлемдер?

  2. Құрмалас сөйлем жасалу жолына қарай неше түрге бөлінеді?

  3. Салалас сөйлемдер дегеніміз қандай сөйлемдер?

  4. Түрлері:

Ыңғайлас салалас сөйлем

Себеп-салдар салалас сөйлем

Қарсылықты салалас сөйлем

Кезектес салалс сөйлем

Талғаулықты салалас сөйлем

Түсіндірмелі салалас сөйлем

  1. Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру;

  1. Сөздік жұмысы.Оқылым.Айтылым.Жазылым.

Сабақтың эпиграфы:

«О бастан жомарт қазақ топырағы,

Ол қашан дастарқансыз тоқырады?

Мейманға нәрін беріп,

Бәрін беріп,

Қонақтан қалғанын жеп отырады.»

Қадыр Мырза Әли

Сөздік жұмысы:

дәм - пища, еда

тартымды - привлекательный

қонақтар - гости

мәзірі - меню

төр - почетное место

бата жасау - произнести доброе пожелание ( после угощения)

ас қайыру - благодарить за угощение

сыйлы адам - уважаемый человек

Мәтінмен жұмыс. Оқылым.

Мәтін бойынша сұрақтар:

  1. Қазақ халқы үшін дастарқан қандай рөл атқарады?

  2. Дастарқанда қандай тағамдар болады?

  3. Дастарқанға ең бірінші қандай тағам әкелінеді?

  4. Дастарқанның төріне кімдер отырады?

  5. Дастарқан басындағы сыйлы адамнан не күтеді?


  1. Деңгейлік тапсырмалар орындау

ІІІ деңгей

  1. Қазақ дастарқаны туралы қосымша білетіндеріңді әңгімелеп беріңдер.

ІІ деңгей

  1. Сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдаңдар.

Дастарқанға ең бірінші нан қойылады.

  1. Берілген сөздерді септеңдер: дастарқан, дәм, ырым, дәстүр.

І деңгей

  1. Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар: дастарқан, мәзір

Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар:

  • Оның ертеден келе жатқан бай тарихы, қонақ күтуде қалыптсқан тамаша дәстүрлері бар.

  • Дастарқанға ең бірінші нан қойылады, себебі дастарқан қазақ халқының дәм- тұз, ас деген ұғымдарын білдіреді

Слайд көрсету.

Дастарқан басындағы рәсімдер туралы әңгімелеп беріңдер.

  1. Жаңа білімді бекіту. Оқылым. Сөйлесім.

  2. Салалас құрмалас сөйлемдердің түрлеріне тест өткізу.

  3. Үйге тапсырма:

1. Мәтіннің мазмұнын айту.

2. Салалас құрмалас сөйлемдер түрлеріне сөйлемдер құру.

  1. Қорытындылау.

  2. Оқушыларды бағалау.


© 2010-2022