Мамандығым-мақтанышым

Мамандығым – мақтанышым. Адам - қоғамның тұтқасы. Өмірге шыр етіп келгеннен бастап, адам тағдыры, өмірі кейде өзен арнасының тоғысындай бір ізді, кейде теңіздің толқынындай шатқып, шарықтап өзгеретіндігі – жаратылыстың сыйы деп білерсің. Өмір сүруге деген құштарлық - арманға жетелейтін бірден-бір жол.Әр адамның өмірі өз қолында. Қай адам болмасын бақытты қиялдайды. Біздер өзімізді бақытты өмір сүріп жатқанымызды сезбей де қаламыз. Олай дейтінім сүйікті ісің болып, соны абыроймен атқарудың ө...
Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мамандығым - мақтанышым.

Адам - қоғамның тұтқасы. Өмірге шыр етіп келгеннен бастап, адам тағдыры, өмірі кейде өзен арнасының тоғысындай бір ізді, кейде теңіздің толқынындай шатқып, шарықтап өзгеретіндігі - жаратылыстың сыйы деп білерсің. Өмір сүруге деген құштарлық - арманға жетелейтін бірден-бір жол.Әр адамның өмірі өз қолында. Қай адам болмасын бақытты қиялдайды. Біздер өзімізді бақытты өмір сүріп жатқанымызды сезбей де қаламыз. Олай дейтінім сүйікті ісің болып, соны абыроймен атқарудың өзі - бақыт ! Менің бақытым да, байлығым да, мақтанышым да -мамандығым! Кез келген мамандықтың жеңілі жоқ. Өзіндік қиындығы мен қатар, қызығы бар. Бірақ сол мамандықтың иесі бола жүріп, қыр - сырын меңгеру оңай шаруа емес. Барлығымыз білетіндей мектептің басты тұлғасы, жүрегі - мұғалім.Менің де мамандығым - өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздық.

Ұстаз. Осы бір сөзде қаншама иірімі терең мол сырлар жатыр десеңізші.Бүкіл ғұмырын шәкірт тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатып, білімнің биік шыңдарын бағындыру мақсатында білім мен білігін сарп ететін - еңбекқор тұлға екені сөзсіз. Ұстаздар - қаламы қарышты тіл жанашылары, асыл сөздің салмағын саралайтын, өмірін өнермен ұштастыратын, жаңашылдықты бойына тұмар ететін, бала ойын баурай білетін, салауаттылықты серік ететін, шығармашыл, қабілеті қарымды мамандықтың иесі ! Өйткені ұстаздарға жүктелер жүкте, салынар салмақта жеңіл емес. Сындарлы сынақтар мен қиындықтан жасқанбай, қажырлы еңбек пен зор жауапкершіліктің нәтижесінде өз мамандығының майталманы болу - ұстаздар қауымына тән қасиеттер.

Ақыл-ойдың тұнығынан нәр алған,

Мөлдір сезім, әсем өмір, ақ арман.

Ыстық құшақ, аппақ пейіл -бәрі де

Ұстаздардың жүрегінен таралған, - деп, ақын жырлағандай, ұстаз жүрегі - кең, кешірімшіл, мейірімге толы. Алдындағы бүкіл баланың анасы бола білу, солармен бірге қуану, бірге қайғыру кез-келген адамзат баласының қолынан келе бермейтін іс. Сондықтан да,бүкіл ұстаздар қауымына жігерлі, еңселі елдің болашағының бақытының, келешегінің кемелінің өркендеуіне үлес қосатын жас жеткіншек тәрбиелеу жолындағы еңбегің асқақтап, жана беруін тілеймін.

Ұшар басында самұрығы қанат қаққан «Мәңгілік еліміздің» ертеңі болар жас өскелең ұрпақтың бойына адамгершіліктің, білімнің, тәрбиенің дәнін егудегі ұстаздық жолың нұрлы, сәулелі болғай!

ақ тәрбиесі - ұстазға байланысты. "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің" дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.

Ұстаз - ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

*********

Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.

Ұстаз болу - жүректің батырлығы,

Ұстаз болу - сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы -

деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі - ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу - бұл нағыз шеберлік емес пе?!

Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы "Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз" деген.

Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам - Мұғалім.


"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға" деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.













© 2010-2022