Тақырыбы: Сөз мерген (9-сынып)

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сөзмерген

Мақсаты: оқушылардың өз ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, жас ұрпаққа ана тіліміздің қадір - қасиетін дарыту; сайыс арқылы оқушылардың тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айтуға, топ алдында еркін сөйлеуге баулу; тұрақты сөз тіркестерімен, мақал -мәтелдермен, көне сөздермен таныстыру, мағыналарын аша білу.

Жүргізуші: - Ар ма, ардақты ағайын көз көрген,

Алдарыңызда тіл сайысы - «Сөзмерген»!

Сайысымызды бастамас бұрын арнайы шақырылған сайыскерлерімізбен таныс болыңыздар._________________________________________________________________________________________________________

Жүргізуші: "Толғауы тоқсан қызыл тіл, сөйлеймін десең өзің біл" деп ұлы Абай атамыз айтқандай, әр сөздің өз қисыны мен қиюының тұрақты орны бар. Оны бір адам да өзгерте алмайды, өйткені ол халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы. Сөзге де,тілге де әмір жүрмейді.Кезінде атақты Ю.Цезарьға көмекшісі:" Тақсыр, мемлекетке, халыққа билігіңіз жүрер, бірақ тілге билігіңіз жүрмейді" деп тура айтқан екен.Демек, сөз, тіл құдіреті жоғары,мәртебесі биік, ешкімге бағынбайды, иілмейді дей келіп, тіл құдіретін танытатын бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.

І кезең : « Мықты болсаң,тауып көр».

ІІ кезең: «Жүйрік болсаң, шауып көр».

ІІІ кезең: «Ойлы болсаң,озып көр ». ( Жеңген жеңімпаз сөз мергеннің қоржынына бір сөз алып келу керек)

І кезең: «Мықты болсаң,тауып көр». Бұл кезең 8 тапсырмадан тұрады, әр дұрыс жауап 10 ұпай болып есептеледі. Тұрақты сөз тіркестеріне мықты екендіктеріңді байқаймыз.

Шарты: Кестедегі сөздерді байланыстыра отырып, сөз тіркесін табу, мағыналарын ашу.

1

Жіп

Байлау

2

Сөз

3

Арқан

4

Сөйлем

Сөз байласу- уәделесу, келісу.

1

Бет

Жану

2

Жүз

3

Жақ

4

Мойын

Жағына пышақ жанығандай - арық, жадау адам.

1

Қар

Отыру

2

Су

3

Мұз

4

Бу

Мұзға отырғызу - алдау, арбау.

1

Ішек

Бау

2

Тон

3

Жейде

4

Жекет

Тонның ішкі бауындай - дос тату.

1

Ауыз

Тана

2

Көз

3

Құлақ

4

Мұрын

Құлаққа ұрған танадай - тыныштық.

1

Ажар

Тасу

2

Көңіл

3

Бой

4

Қол

Көңіл тасыды - қуану,шаттану.

1

Қол

Тістеді

2

Білек

3

Бармақ

4

Тырнақ

Бармағын тістеді - өкінді.

1

Ай

Шығарды

2

Күн

3

Жұлдыз

4

Бұлт

Айды аспанға бір - ақ шығарды

1

Сақина

Тілеп алу

2

Білезік

3

Алқа

4

Моншақ

Сау басына сақина тілеп алу- өзіне бәле тілеу.

Ғасырлар бойы жинақталған саф күмістей тіл қазынасын, оның сөз байлығын адам жанына мысқылдап енгізу анадан басталады. Ал ананың ақ сүтімен бойымызға даритын тіл мұрасын бар байлығымен, көркемдік қуатымен ұрпақтан- ұрпаққа жеткізуші, сөз жасап дамытушы, тілді мейлінше қастерлеуші - халық. Халық - тіл қазынасы, тіл бұлағы. Сондықтан халқымыз тілді «Ана тілі» деп, алдына «АНА» деген қасиетті сөзді тіркестіріп айтқан.

Ана тіліміздің сыры мен қыры, қалтарасы мен мағынасын қанша айтсақ та, қанша жазсақ та таусылмайтын таудан да биік қазына.

II - кезең «Жүйрік болсаң, шауып көр». Бұл кезең 7 тапсырмадан тұрады, әр дұрыс жауап 10 ұпай болып есептеледі.

Шарты: кестедегі сөздерден мақал-мәтелдер құрастыру, мағынасын түсіндіру.

1

Еңбек

Тәтті

2

Егін

3

Ақша

4

Ырыс

Еңбектің наны тітті. Жалқаудың жаны тәтті.

1

Ер

Намыс

2

Батыр

3

Дос

4

Сұлтан

Ерді намыс өлтіреді, Қоянды қамыс өлтіреді.

1

Лақ

Ысқырық

2

Ешкі

3

Төл

4

Қой

Айдағаның - бес ешкі, Ысқырығың жер жарар.

1

Мәдениет

Бала

2

Ізет

3

Әдеп

4

Талғам

Әдепті бала арлы бала, Әдепсіз бала сорлы бала.

1

Күшті

Жығар

2

Білімді

3

Айлалы

4

Өнерлі

Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығар.

1

Оқыған

Жығар

2

Талапты

3

Білімді

4

Саналы

Талаптыға нұр жауар.

1

Біреу

Секіреді

2

Екеу

3

Үшеу

4

Төртеу

Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді.

1

Жалғыз

Шықпас

2

Аз

3

Көп

4

Мол

Жалғыздың үні шықпас.

Ата-бабамыз ежелден үш нәрсені бойтұмардай қасиет тұтып, қадірлеп өткен. Ол - ел, жер, тіл. Ана тілі - әр халықтың төл белгісі. Адам білімді, тәлім- тәрбиені тіл арқылы алады, мәдениетті, өнерді, салт- дәстүрімізді, ғылымды тіл арқылы үйренеді.

III -кезең. «Ойлы болсаң озып көр».

Шарты: көнерген сөзбен байланысты сөзді табу, мағынасын табу.

1

Темір

Тұлақ

2

Тері

3

Шүберек

4

Ағаш

Тұлақ - жүн сабау үшін немесе төсеніш үшін пайдаланатын, кептіріп қатырылған шикі тері.

Тұлақ шашу (салт) - жүн сабарда, сабап болған соң берілетін тамақ атауы.

1

Таяқ

Қорамсақ

2

Бытыра

3

Садақ

4

Темір

Қорамсақ - садақтың жебесін салып белге байлайтын жеке -жеке ұясы бар оқсалғыш.

Беркініп садақ асынбай,

Біртіндеп жауды қашырмай,

Білтеліге доп салмай

Қорамсаққа қол салмай

Қозы жауырын оқ алмай,

Ерлердің ісі бітер ме?

М.Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай.»

1

Киім

Шидем

2

Дәстүр

3

Ыдыс

4

Ағаш

Шидем -қойдың жабағасының сыртын шекпенмен қаптап тігілген киім ( күпі).

Әуес көріп жүгірген жас балалар

Беті- қолы домбығып үсік шалады

Шидем мен тон қабаттап киген малшы,

Бет қарауға шыдамай теріс айналды.

А.Құнанбаев «Қыс»

1

Қала

Ерулік

2

Ауыл

3

Үй

4

Жылқы

Ерулік - жаңадан көшіп келген үйді көрші қолаңның қонаққа шақыруы.

Жүргізуші: -Құрметті көрермендер, міне , «Сөз-мерген» сайысы да өз мәресіне жетті. « Жүзден -жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан, сөзге жүйрік,тілге шешендігімен көзге түскен 7- оқушысы Айладыров Әділет «Сөзмергеннің» арнайы дипломымен марапатталады.Сөз мергеннің қоржынына қандай сөз алып келдіңіз? Томаға- бүркіттің екі көзін жауып тұруы үшін кигізетін бас киімі.

Бабаларымыз қалдырған асыл мұрамызды әрқашанда жадымызда ұстап, қайта жаңғыртайық, ардақты ағайын! Қош, сау болыңыздар!

«Сам мектеп - балабақша кешені»КММ



Сыныптан тыс жұмыс.

«Сөз мерген»









Орындаған:Тилепиева Ж







2012 жыл

© 2010-2022