Урок на тему Зат есім

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Конспект

Сын есім заттың сындық, сапалық қасиеттерін білдіретін, сындық ұғым атауы болатын сөздер. Сұрағы - қандай? қай?

Сын есімнің негізгі белгілері

Белгілері

Мысалдар

Сұрағы

Түрі

Түсі

Дәмі

Салмағы

Сапасы

Көлемі

Күйі

Затқа қатысы

дөңгелек (шар)

көгілдір (тау)

қышқыл (алма)

ауыр (жүк)

жұмсақ (нан)

үйдей (тас)

құрғақ (ауа)

шеткі (үй)

қандай?

қандай?

қандай?

қандай?

қандай?

қандай?

қандай?

қай?

Сын есім құрамына қарай: 1) дара; 2) күрделі болып екіге бөлінеді.

Дара сын есім бір ғана негізгі немесе туынды түбірден тұрады. Мысалы: терең, шыдамды, удай, тәтті, тебеген, білімді, бойшаң, әдеби, т. б.

Күрделі сын есім: төмендегідей жолмен жасалады.

1) сөздердің қосарлануы: апалы-жезделі, мая-мая, жап-жасыл, аппақ, көкпеңбек, тәп-тәтті, тап-таяз, жұп-жуас, т. б.

2) сөздердің тіркесуі: қоңыр ала, бидай өңді, торы төбел, тым ұзақ, ал қара көк, қою қалың қара сақалды, ақ шулан, ақ шабдар, т. б.

Сын есім жасалуына қарай екіге бөлінеді: 1) негізгі сын есім;

2) туынды сын есім.

Негізгі сын есім ешбір қосымшасыз негізгі түбір күйінде тұрады. Мысалы: көк, сыпайы, кермек, жабайы, таза, шабан, асау, жеңіл, т. б.

Туынды сын есім екі түрлі жолмен жасалады: 1) есім сөздерге жұрнақ жалғану арқылы; 2) етістікке жұрнақ жалғану арқылы.

Туынды сын есімнің жасалуы

Есім сөзден сын есім жасайтын жұрнақтар

Мысалдар

-лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті

-сыз, -сіз

-ғы, -гі, -қы, -кі

-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік

-шыл, -шіл

-шаң, -шең

-дай, -дей, -тай, -тей

-кер, -гер

-қой, -қор

-паз, -імпаз

-и, -ы, -і

Таулы, өнерлі, орманды, көрікті

Ормансыз, еңбексіз, ағашсыз

Қысқы, төменгі, ішкі, жазғы

Балалық, адамдық, жігіттік,жолдастық

Ойшыл, еңбекшіл.

Ашушаң, көйлекшең, сөзшең

Үкідей, жолбарыстай, баладай.

Найзагер, табыскер, әдіскер.

Әзілқой, еңбекқор, әуесқой.

Өнерпаз, жеңімпаз

Әдеби, алтайы, түркі.

Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақтар

Мысалдар

-ғақ, -гек, -қақ, -кек, -ақ, -ек

-ық, -ік, -қ, -к

-ғыш, -гіш, -қыш, -кіш

-ғыр, -гір, -қыр, -кір

-шақ, -шек

-ыңқы, -іңкі, -ңқы, -ңкі.

-ынды, -інді, -нды, -нді

-малы, -мелі, -палы, -пелі, -балы, -белі

-ымды,- імді, -ымды, -мді

-аған, -еген

-улы, -улі

-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе

Жабысқақ, тайғақ, бөлек,

Тұнық, бітік, сирек, ақсақ

Жүзгіш, айтқыш, жазғыш.

Алғыр, білгір, өткір, тапқыр.

Тартыншақ, сүріншек.

Басыңқы, салбыраңқы.

Жуынды, үйінді, жасанды.

Асырмалы, жаппалы, үрмелі, көшпелі.

Төзімді, қонымды, келісімді.

қап(б)аған, теп(б)еген.

Байлаулы, ілулі.

Бояма, қызба, еспе, бұрма

Сын есім мағынасына қарай екіге бөлінеді: 1) сапалық сын есім;

2) қатыстық сын есім.

- Сапалық сын есім сын есімнің тікелей өзінен жасалады, заттың түр-түсін, сын-сапасынанықтайды. Мысалы: жасыл (алқап), сарғыш (гүл), тәп-тәтті (алма), жаман (әдет), жақсы(қасиет), ұзын (көше), биік (тау), терең (өзен), жуас (жылқы), асау (тай), т. б.

- Қатыстық сын есім заттың сын-сипатын басқа сөз табының қатысы арқылы білдіреді. Мысалы: орманды алқап, гүлді өңір, алмалы бақ, әдепті қыз, қасиетті адам, құдіретті сөз,ақылды бала, дәмді тағам, өнерлі оқушы, салмақты мінез, шөлейт дала, шексіз аспан, т. б.

Сын есімнің түрленуі - оның шырай формасына енуі.

Шырай - тек сын есімге тән форма. Бір тектес заттардың сапалық белгісінің не артық, не кемдігін, сапа белгісінің әр түрлі дәрежеде болу қасиетін білдіреді.

Сын есімнің екі түрлі шырайы бар:

1. Салыстырмалы шырай біркелкі сындық белгінің бірінен екіншісінің артық немесе кемдігін салыстыру арқылы көрсетеді. Салыстырмалы шырай жасайтын жұрнақ түрлері:

Урок на тему Зат есім

Урок на тему Зат есім

2. Күшейтпелі шырай біркелкі сындық белгінің бір-бірінен не өте артық, не өте кем екенін көрсетеді.

Күшейтпелі шырайдың жасалуы:

1) Сапалық сын есімнің алдына күшейтпелі буындардың үстелуінен жасалады: әп-әдемі, жып-жылы, сеп-семіз, тап-таза, үп-үлкен, көкпеңбек, аппақ, т. б.

Күшейтпелі шырай жасаушы буындар дефис (-) арқылы жазылады, тек аппақ, көкпеңбексөздері бірге жазылады.

2) Күшейтпелі шырай сапалық сын есімдерге өте, тым, аса, ең, тіпті, нағыз, орасан, өңшең, кілең күшейткіш үстеулерінің тіркесуі арқылы жасалады. Бұл күшейткіш үстеулер сапалық сын есімнің алдынан бөлек жазылады. Өте әдемі, тым биік, аса терең, ең мықты, тіпті ұзақ, нағыз шешен, орасан шыдамды, өңшең жүйрік, кілең күшті, т. б.

Шырай жасауға негіз болатын - сапалық сын есімдер.

1. Қосарлану, қайталану негізінде жасалған күрделі сын есімдер дефис (-) арқылы жазылады:жақсылы-жаманды, биік-биік, үлкен-кіші.

2. Күшейткіш буын арқылы жасалған күрделі сын есімдер де дефиспен (-) жазылады: жап-жақын, үп-үлкен, сұп-суық. Тек ақ, көк сөздерінен жасалған күрделі сын есімдер біргежазылады: аппақ, көкпеңбек.

3. Тіркесу арқылы жасалған күрделі сын есімдер бөлек жазылады: қара көк, сары ала, қызыл шырайлы, ат жақты, қою қара сақалды, ұзын бойлы, т.б.

4. Күшейткіш үстеу арқылы жасалған күрделі сын есімдер бөлек жазылады: ең әдемі, шымқай қара, тым аласа, кілең жүйрік, орасан зор, өте ақылды, т.б.

1. Сын есімнің сөйлемдегі негізгі қызметі - анықтауыш.

Біп-биік тау шыңы көгілдір аспанмен тілдесіп тұрғандай.

Қандай тау? - Біп-биік тау. Қандай аспанмен? - Көгілдір аспанмен.

Сын есім ілік септікте тұрып, заттанып келіп те анықтауыш болады. Жақсының (кімнің?) сөзі балдай, Жаманның (кімнің?) сөзі удай (мақал).

2. Жіктік жалғауын меңгерген сын есім сөйлемнің баяндауышы болады. Туған жер, сен неткенкөріктісің. Сіз осы әулеттің үлкенісіз.

3. Сын есім етістіктің алдында тұрып, қалай? деген сұраққа жауап берсе, пысықтауышболады. Үйдің ауласындағы заттар ұқыпты жиналыпты. Сөйлеушің судай есілген, тыңдаушыңбордай езілген.

4. Сын есім көптелмейді, септелмейді, тәуелденбейді. Бұл жалғауларды жалғаған жағдайда сын есім зат есімнің орнына жүреді. Сын есімнің зат есім орнына жұмсалуын сын есімніңзаттануы - субстантивтенуі дейді. Ақылды (кім?) байқап сөйлейді, ақымақ (кім?) шайқап сөйлейді. Ақылды, ақымақ (адам) - бастауыш. Еріншектің (кімнің?) ертеңі бітпес. Еріншектің (адамның?) - анықтауыш.

5. Сын есім барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің жалғауын меңгеріп, заттанып, толықтауыш қызметін атқарады. Жақсымен (кіммен?) жолдас болсаң, жетерсің мұратқа. Жаманмен (кіммен?) жолдас болсаң қаларсың ұятқа. Білімдіден (кімнен?) үйрен.Үлкенге (кімге?) құрмет, кішіге (кімге?) ізет. Жасы кіші болса да, ақылдыны (кімді?) аға тұт.Жақсыда (кімде?) жаттық жоқ.

Сан есімнің түрлері - Типы имен числительных

Түрлері (Типы)

Мысалдар (Примеры)

І. Тұлғасына қарай (По способу образования)

Негізгі (Непроизводные)

бір, екі, үш, төрт, бес, отыз, елу, жүз, мың, т.б.

2. Туынды (Производные)

бірінші, екінші, біреу, ондай, мыңдаған, т.б.

ІІ. Құрамына қарай (По составу)

1. Дара (Простые)

бір, екі, үш, он, отыз, алпыс, жүз, мың, т.б.

2. Күрделі (Сложные)

он төрт, жиырма бес, жүз он жеті, екі-екіден, оннан екі, екі мың отыз, қырық бестей, тоғызға жуық, т.б.

ІІІ. Мағынасына қарай (По значению)

1. Есептік (Количественные)

бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, он бір, он екі, жетпіс бес, жүз үш, мың, т.б.

2. Реттік (Порядковые)

бірінші, екінші, үшінші, оныншы, жиырма екінші, сексен бесінші, екі жүз алтыншы, т.б.

3. Жинақтық (Собирательные)

біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу

4. Топтау (Группирующие)

бірден, екіден, үштен, оннан, он бестен, екі-екіден, он-оннан, жүз-жүзден, мың-мыңнан, т.б.

5. Болжалдық (Приблизительные)

бірер, екідей, ондаған, жетпістей, жүздеп, жүздеген, ондарда, алпыстарда, үш-төрттей, т.б.

6. Бөлшектік (Дробные)

екіден бір (1/2), сегізден үш (3/8), үш бүтін жүзден он төрт (3,14), т.б.



Конспект

Үстеу - іс-әрекеттің, қимылдың, сындық, сапалық белгісінің сипатын, жай күйін білдіреді.Үстеу грамматикалық тұлғалар арқылы түрленуге, өзгертуге көп көне бермейді. Үстеу құрамына қарай екіге бөлінеді: 1) дара үстеулер; 2) күрделі үстеулер. Дара үстеулергенегізгі және туынды үстеу жатады.

Негізгі үстеулер түбір мен қосымшаға бөлшектенбейді. Мысалы: ерте, тез, жоғары, қазір, жылдам, шапшаң, кеш.

Туынды үстеулер екі түрлі жолмен жасалады: 1) жұрнақ арқылы;

2) кейбір септік жалғауларының түбірмен сіңісіп, көнеленуі арқылы.

1. Туынды үстеу жасайтын жұрнақтар:

-ша, -ше: құсша, ізінше, балаша, бүркітше, жаңаша, бұлбұлша, жекеше;

-лай, -лей, -дай, -дей, -тай, -тей: осылай, жүрелей, жаздай, күндей, көктей, асықтай, жапырақтай, жұлдыздай, арыстандай, т. б.

-дайын, -дейін, -тайын, -тейін: бұлбұлдайын, бүркіттейін, жұдырықтайын, асықтайын, бүйректейін, тотыдайын, сұңқардайын, жорғадайын, балықтайын, т. б.

-шама, -шалық: соншама-соншалық, мұншама-мұншалық, т.б.

-майынша, -мейінше, -байынша, -бейінше, -пайынша,-пейінше: оқымайынша, үйренбейінше, білмейінше, жаттықпайынша, көмектеспейінше, жүгірмейінше, сөйлеспейінше, сыналмайынша, күреспейінше, т. б;

2. Кейбір үстеулер түбірге септік жалғауының сіңісіп, көнеленуінен жасалады:

Барыс септіктің көнеленуінен: бекерге (жүрме), ертеңге (дейін), зорға (жетті), босқа (отырма),текке (күлме), т. б.

Жатыс септіктің көнеленуінен: өткенде (айтқан), байқаусызда (жығылды), қапыда (қалды), т .б.

Шығыс септіктің көнеленуінен: төтесінен (айтты), шалқасынан (құлады), т. б.

Көмектес септіктің көнеленуінен: кезекпен (сөйлеу), ретімен (айтты).

Күрделі үстеу сөздердің бірігуінен, тіркесуінен, қосарлануынан жасалады: Сөздердіңбірігуінен жасалған күрделі үстеулер: қыстыгүні (қыстың+күні), ендігәрі (енді+гіден әрі), бүрсігүні (бұдан+арғы+күн), бүйтіп (бұлай етіп), бүгін (бұл+күн), былтыр (бұдан+арғы+жыл) т .б.

Сөздердің қосарлануы мен қайталануы арқылы жасалған күрделі үстеулер: ертелі-кеш, алды-артынан, бетпе-бет, анда-санда, некен-саяқ, ілгері-кейін, жоғары-төмен, әрі-бері, оқта-текте, т. б.

Сөздердің тіркесуі арқылы жасалған күрделі үстеулер: таңертеңнен қара кешке дейін, күні бойы, таң атқанша, ала жаздай, қыс бойы, т. б.

Тілімізде тұрақты тіркестер арқылы жасалатын күрделі үстеулер де кездеседі: қас пен көздің арасында, аяқ астынан, томаға тұйық, құлан таза, т. б.

Үстеу мағынасына қарай жеті түрге бөлінеді:

1. Мезгіл үстеуі қашан? қашаннан? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін, уақытын білдіреді. Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады.Мысалы: таңертеңнен (қашаннан?) кетті, жазғытұрым (қашан?) келеді, ала жаздай (қашан?)еңбектенді, күні-түні (қашан?) оқыды, т. б.

2. Мекен үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің орындалатын орнын, мекенін көрсетіп, қайда? қайдан? қалай қарай? сұрақтарына жауап береді. Мысалы: Тауға қарай (қалай қарай?)өрмелеу, алға (қайда?) жылжыды, ілгері-кейін (қайда?) қозғалды, жоғарыдан (қайдан?) түсті, т. б.

3. Сын-қимыл (бейне) үстеуі іс-әрекеттің, қимылдың амалын, тәсілін, сын-бейнесінбілдіреді. Сұрақтары: қайтіп? қалайша? қалай? кімше?

Мысалы: Ақырын (қалай?) жүгірді, қазша (қалайша?) қаңқылдады, бекерден-бекер (қалай?)отырма, балаша (кімше?) мәз-мейрам болды, бүркіттейін (қалайша?) шүйілді, қолма-қол(қалай?) хабарласты, т. б.

4. Мөлшер үстеуі қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? деген сұрақтарға жауап береді.Мөлшер үстеуі сынның немесе қимылдың көлемдік дәрежесін, мөлшерін, шама-шарқынбілдіреді. Мөлшер үстеуі етістікпен тіркесіп келгенде қимылдың шама-шарқын, мөлшерін білдіреді. Мысалы: сонша (қанша?) шаршапты, біршама (қаншама?) кешігіп қалды, недәуір(қалай?) өскен екен. Ал сонша (қанша?) биік, біршама (қанша?) алыс, недәуір (қалай?) ұзақдегенде мөлшер үстеулер сын есімдермен тіркесіп, сынның мөлшерін, көлемін білдіреді.

5. Күшейткіш үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің, сынның сапасын, белгісін не солғындатып, не күшейтіп көрсетеді. Сұрағы: қалай? Мысалы: әбден жүдепті, керемет биледі, мүлдемқозғалта алмады. Сонымен бірге күшейткіш үстеуге сын есімнің күшейтпелі шырайынжасайтын ең (биік), өте (салмақты), аса (терең), тым (терең), кілең (жүйрік) сөздері де жатады.

6. Мақсат үстеуі не мақсатпен? қалай? деген сұраққа жауап беріп, іс-әрекеттің, қимылдың орындалу мақсатын білдіреді. Мысалы: әдейі айтты, қасақана кетіп қалды, жортабілмегенсіді, әдейілеп шақырды.

7. Себеп-салдар үстеуі не себепті? қалай? неге? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін білдіреді. Себеп-салдар үстеуіне: құр босқа, лажсыздан, босқа, амалсыздан, бекерге, шарасыздан сөздері жатады. Бұл сөздеретістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы, босқа ренжіді, лажсыздан келісті, т. б.

Үстеудің мағыналық түрлерінің кестесі

ҮСТЕУДІҢ ТҮРЛЕРІ

СҰРАҚТАРЫ

МЫСАЛДАРЫ

1.Мезгіл үстеуі

Қашан? Қашаннан? Қашаннан бері?

Бүгін, былтыр, биыл, таңертең, бүрсігүні, қыстан бері, ала жаздай, күні-түні, ендігәрі, күндіз, бағана, таң сәріге дейін, енді, қазір, әлгінде, ежелден, кеше.

2.Мекен үстеуі

Қайда? Қайдан? Қалай қарай?

Кейін, алдыға, артқа, әрі-бері, ілгері-кейін, әрмен қарай, тысқары, төменнен, жоғары-төмен, алдыдан.

3.Сын-қимыл (бейне) үстеуі

Қалай? Қайтіп? Қалайша? Кімше?

Тез, жылдам, бетпе-бет, ақырын, бірден, әрең-әрең, жиі-жиі, бірте-бірте, бұрынғыдай, бұлбұлша, арыстандай, келе сала, емін-еркін, лезде, осылай.

4.Мөлшер үстеуі

Қанша? Қаншама? Қаншалық?

Қыруар, біршама, әжептәуір, неғұрлым, мұншама, соншалық, әжептәуір, мұнша, сонша, бірталай, көп.

5.Күшейткіш үстеуі

Қалай? Қандай?

Тым, өте, ең, тіпті, әбден, мүлдем, нағыз, керемет, аса, өңкей, кілең, орасан, ылғи, сәл, нақ, ерен, дәл.

6.Мақсат үстеуі

Қалай? Не мақсатпен?

Қасақана, әдейі, жорта, әдейілеп.

7.Себеп-салдар үстеуі

Не себепті? Неге?

Құр босқа, текке, амалсыздан, шарасыздан, лажсыздан, босқа, бекерден-бекер, бекер, босқа.

Сөздердің бірігуінен жасалған күрделі үстеулер бірге жазылады. Мысалы: бұл жыл - биыл,бұл күн - бүгін, жаздың күні - жаздыгүні, ендігіден әрі - ендігәрі, қыстың күні - қыстыгүні , күздің күні - күздігүні;

Сөздердің қосарлануынан, қайталануынан жасалған күрделі үстеулер дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: анда-санда, бетпе-бет, арлы-берлі, жиі-жиі, ертелі-кеш, күні-түні, жоғары-төмен, т. б.

Тіркесу арқылы жасалған күрделі үстеулер бөлек жазылады. Мысалы: қыс бойы, таң сәріде, келе сала, төмен қарай, жоғары жаққа.

Үстеудің сөйлемдегі негізгі қызметі - пысықтауыш. Шыңғыстың сырты тез (қалай?)жылынбағандықтан, ерте (қашан?) көктемейтін. Ережені жаттамайынша (қайтпейінше?),тапсырманы орындай алмайсың.

Үстеулер түрленіп келіп, басқа сөйлем мүшелерінің де қызметін атқарады.

Үстеу атау септігінде тұрып бастауыш қызметінде жұмсалады. Еріншектің ертеңі (несі?)бітпес. Күшейткіш үстеулер сапалық сын есіммен тіркесіп келіп, күрделі анықтауышқызметін атқарады. Бәйгеге өңшең жүйрік, кілең сәйгүлік (қандай?) аттар қосылды.









Қазақ

Конспект

Есімдік есім сөздердің: зат есім, сын есім, сан есімнің орнына қолданылып, соларды нұсқап, меңзеп, сілтеп көрсетеді. Есімдіктер орынбасар сөздер деп те аталады.

Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді: 1) жіктеу есімдігі; 2) сілтеу есімдігі; 3)сұрау есімдігі; 4) өздік есімдігі; 5) жалпылау есімдігі; 6) болымсыздық есімдігі; 7) белгісіздікесімдігі.

1. Жіктеу есімдігі заттық ұғыммен байланысты қолданылады. Олар: мен, сен, сіз, біз (біздер), сендер, сіздер, олар. Жіктеу есімдіктері үш жақта, жекеше және көпше түрде қолданылады.

2. Сілтеу есімдігі нұсқау, мегзеу, көрсету мағыналарын білдіретін бұл, сол, ол, осы, осынау, сонау, анау, ана, мына, әне, міне, мынау деген сөздер.

3. Сұрау есімдігіне жауап алу мақсатымен қойылған сұрау мәнді сөздер жатады. Олар: кім? не? қандай? қай? қанша? неше? нешеу? нешінші? қайда? қайдан? қалай? қашан? қайдағы? т. б.

4. Өздік есімдігіне әр тұлғада түрленіп қолданылатын өз деген бір ғана сөз жатады. Өзесімдігі түрленіп тәуелденіп: сенің өзің; көптеліп: өздері, септеліп: өзімнің түріндеқолданылады.

5. Жалпылау есімдігіне жалпылау, жинақтау мағынасын білдіретін бәрі, барлық, бар, барша, бүкіл, күллі, бүтін, түгел, тегіс деген сөздер жатады.

6. Болымсыздық есімдігіне ештеңе, ештеме, ешкім, ешбір, ешқашан, ешқандай, ешқайдан, ешқайда, дәнеңе, дәнеме деген болымсыздық мағынаны білдіретін сөздер жатады.

Болымсыздық есімдіктері еш сөзімен бір, кім, қашан, қайдан, қандай деген есімдіктердіңбірігуі арқылы жасалып, бірге жазылады: ешбір, ешқашан, ешқандай, ешкім, т.б. Ал еш сөзі басқа сөздермен (зат есімдермен) тіркесіп келгенде, бөлек жазылады: еш адам, еш оқиға, еш кітапта, еш жерде, еш уақытта, еш мүмкіндік, еш ата-ана, т. б.

Болымсыздық есімдіктерінің ерекшеліктері:

1. Ешкім, ештеңе, ештеме, дәнеңе, дәнеме, ешқайсысы деген болымсыздық есімдіктер сөйлемде зат есім орнына қолданылып кім, не? деген сұраққа жауап берсе - бастауышқызметін атқарады.

2. Ешқашан, ешқайда, ешқайдан есімдіктері мезгілдік, мекендік мәнде жұмсалып,пысықтауыш болады.

3. Ешқандай есімдігі қандай? сұрағына жауап беріп, заттың сынын білдіріп, анықтауышқызметін атқарады.

Мысалы: Іздегені ешқайда (қайда?) болмай шықты. Ешқайсысы (кім?) кешіккен жоқ. Ешқашан (қашан?) өтірік айтпа.

7. Белгісіздік есімдігі - затты, сындық белгіні, сан мөлшерді жорамалдап, тұспалдапкөрсететін сөздер. Белгісіздік есімдігіне: бір, біреу, кейбір, кейбіреу, әрбір, әрбіреу, қайбір, қайбіреу, біраз, бірдеме, бірнеше;

әлде, әлдекім, әлдене, әлденеше, әлдеқалай, әлдеқашан, әлдеқайда, әлдеқайдан;

Есімдіктің тәуелденуі

ол

Бұл

мынау

кім

өз

Менің

оным

бұным

мынауым

кімім

өзім

Сенің

оның

бұның

мынауың

кімің

өзің

Сіздің

оныңыз

бұныңыз

мынауыңыз

кіміңіз

өзіңіз

Оның

онысы

бұнысы

мынауы

кімі

өзі

Біздің

онымыз

бұнымыз

мынауымыз

кіміміз

өзіміз

Сендердің

оларын

бұларың

мынауларың

кімдерің

өздерің

Сіздердің

оларыңыз

бұларыңыз

мынауларыңыз

кімдеріңіз

өздеріңіз

Олардың

олары (онысы)

бұнысы

мынауы

кімдері

өздері

Жіктеу, сілтеу есімдіктері септелгенде, мынадай ерекшелік байқалады: 1) ілік, табыс, шығыс септіктерде түбірдегі л, н, дыбыстары түсіп қалады; 2) жатыс септікте түбірдегі л дыбысы н-ға айналады;

3) көмектес септікте түбір мен қосымшаның арасында -ы, -і дәнекері пайда болады;

4) барыс септік жуанданып, л, н, түсіп қалған түбірге жалғау -ған түрінде жалғанады.

Үлгі:

А.с.

І.с.

Б.с.

Т.с.

Ж.с.

Ш.с.

К.с.

мен

ме-нің

ма-ған

ме-ні

мен-де

ме-нен

мен-і-мен

Сен

се-нің

са-ған

се-ні

сен-де

се-нен

сен-і-мен

ол

о-ның

о-ған

о-ны

он-да

о-дан

он-ы-мен

бұл

бұ-ның (мұ-ның)

бұ-ған

бұ-ны (мұ-ны)

бұн-да (мұн-да)

бұ-дан (мұ-нан)

бұн-ы-мен

(мұ-ны-мен)

сол

со-ның

со-ған

со-ны

сон-да

со-дан

со-ны-мен

Есімдіктер әр түрлі сөз табының орнына жүретіндіктен, барлық сөйлем мүшесінің қызметінатқарады.

1. Есімдіктер зат есімнің орнына жұмсалып, атау тұлғада тұрып, бастауыш болады. Олар(кімдер?) үнсіз отырып қалды. Барлығы (кім?) келісті. Әркім (кім?) өзінше дайындалыпты. Өзі(кім?) айтып берді.

2. Есімдіктер барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде тұрып, толықтауышболады. Бұл ешкімге (кімге?) айтпаған сыры болатын. Мынаны (нені?) апаңа берерсің. Ешқайсысында (кімде?) арнайы рұқсат жоқ. Тапсырма бәрінен (кімнен?) сұралады. Оләркіммен (кіммен?) ақылдасуды жөн көрді.

3. Есімдіктер ілік септігінің жалғауын жалғап және сын есімнің, сан есімнің орнына қолданылып, анықтауыш болады. Барлығының (кімнің?) пікірі бір жерден шықты. Бұл (қай?)пікірді бәрі құптады. Бірнеше (қанша?) дауыс қатар шықты. Ешбір (қандай?) адам өзіне жамандық тілемейді.

4. Есімдіктер мезгіл, мекен үстеулерінің орнына қолданылып, пысықтауыш болады. Әңгімеәлдеқашан (қашан?) аяқталған. Ол ешқайда (қайда?) бармауға бел байлады.

5. Есімдіктер жіктеліп қолданылса, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады. Менің мақсатым - осы. Ата-анамыздың барлық тірегі - біздерміз.

Есімдіктер құрамына қарай екі түрге бөлінеді:

1. Дара есімдік бір сөзден тұрады: мен, олар, сендерсіңдер, дәнеңе, анау, бәрі, күллі, қашан, сол, өз, кей, т. б.

2. Күрделі есімдік екі түбірден жасалады: қосарлану арқылы: кімде-кім, өз-өзіне; бірігуарқылы: әрқашан, кейбіреу, әрне, әрқалай, әлдебіреу, әлдеқайдан, ешкім, т. б.



© 2010-2022