Сан есім 6 класс

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сан есім 6 классСан есім 6 класс

Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің емлесі

Сабақтың мақсаты: А) Білімдік: Сөз табының бір түрі сан есім туралы білімдерін толықтыру. Сан есімдердің емлесімен таныстырып, олардың жазылу ерекшелігін

меңгерту. Берілген сұрақтарға нақты, толық жауап беру. Оқушыларға білімді жетік меңгеру үшін әр түрлі тапсырмалар беру.

Ә) Тәрбиелік: Ұлтжандылыққа, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу. Қазақ халқының асыл мұрасы мақал-мәтел үлгісінде тәрбиелеу.

Б) Дамытушылық: Ойлау қабілетін дамытып, белсенділігін арттыру. Ынта қойып тыңдау, жазу, талдау машықтарын қалыптастыру. Сөздік қорын, тіл байлығын дамыту. Ана тілін жетік біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, топпен жұмыс. Ой-толғаныс , ұжымдық талдау, ой қорыту, танымдық ойындар, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, флепчарт, сурет, кеспе қағаздар.

Сабақтың барысы: А) Ұйымдастыру кезеңі. (оқушылармен сәлемдесу),

Өткенді пысықтау. ( оқушылардың назарын тақтаға аудару)

Балалар, бүгінгі сабағымыз - саяхат сабақ. Біз бүгін әлем көз тіккен, қазақтың мақтанышына айналған әсем қала Астанаға саяхат жасаймыз.

Астана туралы слайд көрсетіледі. Міне, осы қаланың көрікті жерлеріне барып, ондағы тапсырмаларды орындауымыз керек. Әр тапсырмада баратын жеріміздің суреті қойылады.

  1. Ақ ордаға барамыз.

Жұмбақ сұрақтар

Барлық сан есімнің түбірі,

Жасайды бәрін бір өзі.

Атамыздың сан есім,

Қай баласы бұл өзі?

Есептікке жалғанып,

Жалғауы шығыс септіктің.

Жасалатын бұл есім,

Айтыңдаршы қай сан есім?

Бүтіннің бір бөлшегін,

Көрсететін әрдайым.

Айтыңдаршы білсеңдер,

Бұлқай сан есім екенін.

Нақты санын айтпайды,

Көп жұрнақты жалғайды.

Жасалатын осылай,

Бұл қай сан еді?

Соңындағы әріпті,

Тастап жолға кетеді.

Жасалатын қай сан,

Қосып алып -ау, -еуді?

Айтылмай қалды сан есім,

Айқындайтын қатар менен ретін

Кім бар оны білетін?


2.Бәйтерекке барамыз.Сан есімнің жұрнақтарын тап

сан есім жұрнақтары

бес

отыз

ыншы

алты

еу

дап

3.Ханшатырға саяхат.

Графикалық сызықпен қос

есептік

реттік

жинақтық

болжалдық

топтау

бөлшектік

отыз екінші он- оннан бесеу екіден бір жүздеп

Жаңа тақырып

Сан есімнің емлесі.

Балалар, біз әр сан есімнің түрін өткенде, олардың қалай жазылатындығына тоқталып кеткенбіз. Демек, бүгінгі тақырыбымыз бізге таныс. Біз бүгін сол оқығандарымызды еске түсіріп, бүгінгі сабағымызда жинақтап айтамыз. Мысалдар айтып, әр сан есімнің қалай жазылатындығын өздерің айтасыңдар.

Кітаппен жұмыс

4. Отан Ана кешені.

Дұрысын тауып алайық,

Қатесін қорапқа салайық.

Жазуға қате болмайды,

Сауатты бала болайық.

жүзелу бес

алтау

он - оннан

16- желтоқсан

ХХІ ғасыр

6 сынып

ХХІ -ғасыр

16 желтоқсан

6-сынып

жүзелу бес

алтыау

он оннан

5. Думан ойын-сауық кешені

Адасқан қосымшаларды табыңдар

Жиырма даған

Елу нші

Мың леген

жеті дай

6. Астана Арена стадионы. Сергіту сәті.

7.Жастар саябағы

Жұмбақта қандай сан есім жетіспейді?

Таңертең аяқты,

Түсте аяқты,

Кешке аяқты Үш, төрт, екі, бес, алты

8.Нұр Астана

Мақалдарды сан есімдермен толықтырыңдар.

1. жұрттың тілін біл,

түрлі білім біл.

2. ... өлшеп, ... кес

3. Ер жігіттің ... сөйлегені өлгені. ( үш, жеті, бір, екі.)

9. Бейбітшілік және келісім сарайы.

Мына сөздерден мақал-мәтел құраңдар.

Қырық, тоқсан, екі, бір, жеті, бір, сегіз.

10. Шабыт" шығармашылық сарайы

Мына үзінділердің авторын тауып,

сан есімдерге талдау жасаңдар

Атадан алтау,

Анадан төртеу,

Жалғыздық көрер жерім жоқ.

Ал екінші бақытым - Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Мен- қазақпын

Мың өліп, мың тірілген

11."Тәуелсіздік Сарайы".

Сиқырлы сұрақтарға жауап берейік

Қызға қанша үйден тию?

Неше жылда ел жаңа?

Неше атасын білмеген - жетесіз?

Ердің жасы - қанша?

Астана әуежайы

Жұмбақ жазуды кім жылдам табады?

100 + ім

жел+90

8+көз

к+2+лік

5+ік

7+м

10 + ы

12. Оқушылар сарайы

Зат,сын,cан есімдерді қатыстырып, суретке сөйлем құраңдар.

13. Сарайшық көшесі.

Ребус шешіп көрейік

40,,,Сан есім 6 класс

Қорытынды.

Үйге тапсырма.

Өз қаламызға келейік,

Үйге тапсырма алайық.

Сөз таптарын қолданып,

"Менің қалам" тақырыбына,

Әңгіме жазып көрейік.

Оқушыларды бағалау.







© 2010-2022