Білім беру, жаңғырту жағдайындағы инновациялар мен технологиялар

  Білім беру, жаңғырту жағдайындағы инновациялар мен технологиялар           Қазіргі таңда Егеменді еліміз оқу-ағарту жүйесіне, білім беру мен білім сапасын көтеру жұмыстарына, мектептердің материалдық- техникалық базасын жақсартуға ерекше мән беруде. Білім берудің жаңа моделі жасалынды, білім жүйесінде жаңа бағыттар қалыптаса бастады. Мемлекеттік стандарттар жаңартылып, оқу бағдарламалары жетілдіріп, жаңа мазмұндағы оқулықтар шығарылып,  жаңа типтегі оқу орындар пайда бола бастады. Сонымен қат...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру, жаңғырту жағдайындағы инновациялар мен технологиялар

Совет Мәдина Мұратқызы

Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі

Алматы облысы Іле ауданы Қоянқұс ауылы

«№1 орта мектебі мектепке дейінгі шағын

орталығымен» МКМ

Қазіргі таңда Егеменді еліміз оқу-ағарту жүйесіне, білім беру мен білім сапасын көтеру жұмыстарына, мектептердің материалдық- техникалық базасын жақсартуға ерекше мән беруде. Білім берудің жаңа моделі жасалынды, білім жүйесінде жаңа бағыттар қалыптаса бастады. Мемлекеттік стандарттар жаңартылып, оқу бағдарламалары жетілдіріп, жаңа мазмұндағы оқулықтар шығарылып, жаңа типтегі оқу орындар пайда бола бастады. Сонымен қатар білім сапасына да қатаң талаптар қойылып, оқу үрдісін ұйымдастырудың жаңа формалары мен әдістері, оқытудың жаңа технологиялары кең көлемде практикалық қолданысқа ие болуда. Осы тұрғыда Міржақып Дулатовтың: «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт - оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниеден сыбағалы орнымызды алсақ та бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз - оқу. Надан жұрттың күні - қараң, келешегі тұман» - деген өткен ғасырдағы қанатты өсиет бүгінгі таңда да өзекті, көкейкесті мәселелердің біріне айналуда. Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында»: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Сондықтан да әр мұғалім өз іс-әрекетіне қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжиірбелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білу керек. Елімізді экономикалық, саяси-мәдени дамуына үлес қосатын, әлеуметтік қауымының өркениетке көтерілетін, парасатты, денсаулығы мықты азаматын тәрбиелеу - ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы мейірлі міндеті.{1, 12-14б}

Бүгінгі педагогика ғылымы баланың жаңа тұлға ретінде, жан-жақты дамыған шығармашыл, еңбек нарығындағы әлеуметтік бәсекелестікке төтеп бере алатын, мәдени ортаға бейімделген, әрекетшіл дара тұлға тәрбиелеуге бағытталған, ендеше, осы талаптарды орындауға білім берудің жаңа технологияларын пайдалану- заман талабы. Бүгінгі таңда оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылады, олар: - дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, П. Эрдниев; - ізгілікті тұлғалық технологиясы, Ш. Аманашвили; - модульді оқыту технолнгиясы, П. Третьяков, К. Вазина, М. Жанпейісова; - өзара оқытып отыру технологиясы, С. Лысенкова; - ұжымдық оқыту технологиясы, М. Ривин. Инновациялық технология - бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы.

Педагогикалық технология - бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылым. Педагогикалық технологияны іске асыру механизмі шығармашылық өзін-өзі дамыту іс-әрекеті, ол: өзін-өзі анықтау, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі дамыту. Кәсіби шеберліктің жоғары шегі шығармашылық еңбек, оқутәрбие үрдісін жаңашылдықпен, өзгеріспен құра білу, яғни инновациялық қызметті жүзеге асыру. Инновациялық үрдістің негізі - жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновациялық білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Білім беру технологиясының негігі объектісі мен субъектісі - баланың жеке басы. Баланың жеке бас қасиеттерінің құрылымдық деңгейлері мыналар:

-Темпераменттік деңгей;

-Психологиялық ерекшелік деңгей;

-Жеке басының бағыттылық деңгейі;

Осы деңгейге байланысты білім беру технологияларын оқу-тәрбие үрдісіне енгізу жолдары: Оқушының білімдік дағдысын қалыптастыру. Ақыл-ойын дамыту.Жеке бастыі эстетикалық-денгейлік ортасын қалыптастыру. Жеке бастың өзіндік басқару механизмін қалыптастыру. Жеке бастың практикалық әрекет ортасын қалыптастыру. Оқыту мен тәрбие берудің мақсаттарын, ұстанымдарын меңгеру және өз бетімен оқу, білім алу ақылы белгілі бір нәтижеге жетеді. Ол нәтиже сапалы болса:

-Білім сапасын арттырады.

-Білімдік деңгейін арттырады.

-Өз бетімен білім алады.

-Өз деңгейі арқылы нәтижеге жетеді.

-Білім алу қабілеттілігін арттырады.

-Олимпиадаға қатысады.

-Байқауларға қатысады.

Осыдан барып дамыған жеке тұлға қалыптасады.

Жаңа технологияларды күнделікті сабақта пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыладың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсат-мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. {3, 27-30б}. Жаңа технологиялар білім беру аймағына қатынасы болады егер білім берудің мақсаты білім жүйелерін меңгеру ретінде анықталса, онда технологиялар да білім беру сияқты білімнің сапасы мен көлемін меңгерумен бағаланады. Жаңа технологиялар мектепте оқу үрдісіне қажетті амал, әдіс, тәсіл, дидактикалық талап секілді психологиялық - педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың тәртібіне, оқуына, ынтасына, іс-әрекетіне игі мұғалімдердің интеллектуалдық, шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс-тәжірибесінің нәтижелілігіне, жинақтылығына ұтымды әсер ететіндей оқу-тәрбие үрдісінің басты күре тамырының рөлін атқарады.

Қорыта келгенде, білім беру жағдайындағы инновациялар мен технологиялар-оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі, оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жаңа құрамдас бөлігі. Білім беру, жаңғырту жағдайындағы инновациялар мен технологиялар

1.Дамыта оқыту технологиясы - күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдай жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: «көздеген мақсатында» «мәнінде мазмұнында». Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдау табуда. Педагогика ғылымының зерттеушілері тәлім-тәрбие беру үрдісінің негізгі мақсаты оқушы тұлғасын дамыту деп таниды. Білім берушілердің мақсаты баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына жағдай жасау болып табылады. Ол үшін тұлғаның дамуын көздейтін білім беру үрдісін, ұйымдастырудың түрлі әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет.

2.Деңгейлеп оқыту технологиясы Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі оқушылардың сабақ барысында бірнеше жұмыс жасай алатындығында, сонымен бірге қазіргі жаңа технологиямен оқыту барысында компьютерлер мен оларды басқарушы алгоритмдер біздің қоғамымыздың маңызды бөлігіне айналды. Олай дейтініміз, бүгінгі таңдағы жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар оқушыларды жаңаша оқытуды, жаңа оқу әдістерін, жаңа мазмұнды талап етеді. Оқытудың жаңа технологияларының бір мектептерде қазақ тілі деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту болып табылады. Оқушылырды деңгейге бөліп оқытуға бола ма, оның қандай тиімділігі бар, деңгейге бөліп оқытудың өзіндік ерешеліктері қандай, жеке тұлға тәрбиелеуде қандай көмегі бар деген сауалдарға тоқталсақ, деңгейге бөліп оқыту кезінде оқушылардың тәжиірбелік-теориялық дайындығын, оқуға деген ынтасын, дара қасиетін, әлеуметтік психологиялық танымын, сұранымын ескеру талап етіледі. Деңгейлеп оқыту оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылады. Деңгейлеп оқыту төрт бөліктен тұрады: Оқушылық деңгей. Алгоритмдік деңгей. Эвристикалық деңгей. Шығармашылық деңгей. {4, 21-25б}

3.Сын тұрғысынан ойлау технологиясы Сыни ойлау анықтамасына еш келмейтін ойлаудың үшінші түрі олшығармашылық немесе көкейкесті ойлау. Сыни тұрғыдан ойлау төрт бөліктен тұрады: Біріншіден, сыни тұрғыдан ойлау болып табылады. Сыни тұрғыдан ойлауда идеяның ерекше болуы міндетті емес: біздің басқа біреудің идеясы мен нанымын өзіміздікі етіп қабылдауға толық құқығымыз бар. Екіншіден, ақпарат сыни тұрғыдан ойлаудың соңғы емес бастапқы пункті болып табылады. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету - мұғалімнің көп жақты жұмысының бір бөлігі ғана. Кез келген жаста сыни тұрғыдан ойлауға болады. Үшіншіден, сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Төртіншіден, сыни тұрғыдан ойлау көңілге қонымды дәлелге ұмтылады. Сыни тұрғыдан ойлайтан адам мәселені шешудің өзі іздеп табады да , сол шешімдерді саналы дәлелдермен нақтылай түседі.

4. Модульдік оқыту технологиясы Педагогикалық технология негізіне оқу циклін қайта жаңғырту идеясы алынған. Оның мазмұнына: Оқытудың жалпы мақсатын қою Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу Оқушылардың білім деңгейін алдын - ала бағалау (диагностикалау)

Оқу әрекетінің жиынтығы нәтижені бағалау.Осының арқасында оқу процесі «модульдік» сипат алып, құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әр түрлі жеке блоктардан жасалады.

Қорытынды: бүгінде педагогика ғылымы баланың жеке тұлға ретінде, жан-жақты дамыған шығармашыл, еңбек нарығындағы әлеуметтік бәсекелестікке төтеп бере алатын, мәдени ортаға бейімделген, әрекетшіл дара тұлға тәрбиелеуге бағытталған, ендеше, осы талаптарды орындауға білім берудің жаңа технологияларын пайдалану - заман талабы {2, 33-36б}.









Әдебиеттер тізімі:

1. Абсатова М.А . (2006ж) Қазіргі педагогикалық жаңа технологиялар.

2. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. - //Қазақстан мектебі, №4, 2012.

3. Әбдікәрім Н. Бүгінгі таңдағы жаңа технологиялар. - // Қазақстан мектебі, №3, 2012.

4. Сүлейменов К. Инновация - арнайы жаңа өзгеріс. - // Бастауыш сыныпта оқыту,

© 2010-2022